"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін одан әрі ретке келтiру және оның тиiмділігiн арттыру жөніндегі шаралар туралы"»Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 27 наурыздағы N 73 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi туралы
ереже
;
2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi
бекiтiлсiн.
4. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт iстерi комитетi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi;
2)
қосымшаға
сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт iстерi комитетінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi қарамағындағы ұйымдар болып қайта ұйымдастырылсын.
5. Қоса берiліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетi туралы
ереже
;
2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi туралы
ереже
;
3) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi
бекiтiлсiн.
6. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасына бiр орынбасары болуына;
2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің төрағасына бiр орынбасары болуына рұқсат берiлсiн.
7. Мыналар:
1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақтуринвест" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын;
қоғам қызметінің негiзгi түрлері мыналар болып белгiленсiн:
туризм инфрақұрылымының құрылысын, оның iшiнде туристердi, көлікті, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiн, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарын, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге мақсаттағы объектілердi орналастыру орындарын жоспарлау;
туризм индустриясы объектiлерiн салу үшін қажеттi инженерлiк коммуникацияларды (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау, байланыс) салу және жүргізу;
2) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын«"Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын;
қоғам қызметінің негiзгi түрлері мыналар болып белгіленсiн:
туризм және спорт объектiлерiн ұстау, оларға қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу;
туристiк қызметтер мен туристiк өнімдердің маркетингi;
жарнамалық, анықтамалық, әдістемелік өнімдер шығару және өндiру;
кәдесый және басқа да туристiк өнімдер жасау, спорттық жабдықпен, мүкәммалмен және киiммен қамтамасыз ету.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiне заңнамада белгіленген тәртiппен қоғамдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен 400000000 (төрт жүз миллион) теңге бөлсiн.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiне берсiн;
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiмен бiрлесiп:
1) қоғамдардың жарғылық капиталын осы қаулының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнетiн қаражаттан 200000000 (екi жүз миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды;
2) қоғамдардың Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
10. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi белгiленген тәртiппен қоғамдардың директорлар кеңесiн қалыптастырсын.
11. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
12. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi осы қаулының іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
13. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 26 сәуiрдегi
N 329 қаулысымен
бекiтiлген
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi (бұдан әрі - Министрлiк) өзінің құзыретiне жатқызылған қызмет салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiктiң негiзгi мiндетi туризм, дене шынықтыру, спорт және ойын бизнесi салаларында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру болып табылады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Спорт комитетi, Туризм индустриясы комитетi.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.02.19. N
125
(2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына , заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берілсе, Министрлiктiң мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрлiктің толық атауы "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
5. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлiкке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
9. Министрлiктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.02.19. N
125
(2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Министрлiктiң функциялары және құқықтары
10. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен мына функцияларды жүзеге асырады:
туризм, дене шынықтыру, спорт және ойын бизнесi салаларындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу;
өз құзыретiндегi мәселелер бойынша тұжырымдамалар, туризмдi, спортты және ойын бизнесiн дамыту стратегияларын, мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды әзiрлеу;
туристiк қызметтiң басым бағыттарын және кластерлiк бастамаларды әзiрлеу, туристтiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
туристiк және спорттық қызметтер нарығында бәсекелестiктi дамытуға жәрдемдесу, онда туристiк және спорттық қызметтердiң барлық субъектiлерi үшін тең жағдайлар жасау;
өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және қабылдау, өз қызметi саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын талдау және қорыту әрі оны жетiлдiру жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзу;
спорт жарыстарын өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiнiң қолданылу тәртiбiн айқындау;
Министрлiктiң құзыретiне жататын салалардағы қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттарды жасасу, орындау және олардың күшін жою жөнiнде ұсыныстар әзірлеу;
жетекшілiк ететiн салаларды дамыту жай-күйiнiң мониторингiн жүргізу және жетекшілік ететiн салаларды дамытудың жаңа технологияларын әзірлеу;
көтермелеудiң салалық жүйесін әзірлеу және бекiту, спорттық атақтар, разрядтар мен санаттар берудің тәртiбiн белгiлеу;
тұрғын үй аудандарының, әкiмшiлiк ғимараттарының, мектепке дейiнгi мекемелер мен оқу орындарының қолданыстағы қала құрылысы нормаларының негiзiнде спорт құрылыстарымен қамтамасыз етiлу нормативтерiн әзірлеу;
спорт құрылыстарын пайдаланудың нормалары мен ережелерiн, спорт құрылыстарына техникалық қызмет көрсету және оларды пайдалану жөніндегі нормативтердi әзірлеу және бекiту;
туризм, спорт және ойын бизнесi саласына, оның iшiнде туристiк өнiм өндiрудi дамыту үшін инвестициялар тарту жөнiнде ұсыныстар қалыптастыру;
iшкi және халықаралық туризмдi дамыту, туристiк қызметтер нарығын қалыптастыру;
Министрлiктiң құзыретiне жататын салаларда мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру;
Министрлiктiң құзыретiне жататын салаларда қолданбалы және ғылыми зерттеулер жүргізудi ұйымдастыру;
туристiк саланың дамуына талдау жүргізу, туризм индустриясын дамытудың әлемдiк тәжiрибесiн, оның iшiнде кластерлiк бастамалар шеңберiнде зерделеу және қорыту;
туристiк индустрияны дамыту жөнiнде шаралар әзірлеу;
Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ведомстволық бағыныстағы және өзге де ұйымдардың қызметiн үйлестiру;
Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарын, сараптамалық және болжамдық бағалаулар дайындауды жүзеге асыру;
Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша Үкiметтiк емес және өзге де ұйымдармен, оның iшiнде мүгедектер арасында спортты дамыту мәселелері бойынша мүгедектердiң дене шынықтыру-спорттық бiрлестiктерiмен өзара iс-қимыл жасау;
Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
туристiк индустрияны дамытуға инвестицияларды тарту үшін туристiк саланың тартымды инвестициялық беделiн қалыптастыру жөнiнде шаралар әзірлеу;
Қазақстан Республикасында және шетелде дене шынықтыру және туристiк сала үшін мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру үшін гранттар, техникалық көмек, донор-институттар тарту;
туристiк индустрия саласында қолданылатын статистикалық есептiлiктi жетiлдiру мақсатында туристiк индустрия субъектiлерi қызметінің негiзгi көрсеткiштерiн талдау және Туризмнiң қосалқы шотын (ТҚШ) енгiзудiң әдiснамасын әзірлеу, туристiк нарыққа зерттеу жүргізу;
симпозиумдарды, конференцияларды, семинарларды, оқытудың және туризм мен спорт саласындағы мамандармен тәжiрибе алмасудың басқа да нысандарын ұйымдастыруға қатысу;
халықаралық туристiк оқиғалар мен туристiк беделдi қалыптастыру жөніндегi iс-шараларға қатысу үшін көзделген қаражат шегiнде жұмыстарды ұйымдастыруға және делегацияларды iссапарларға жiберуге арналған шығыстарды бекiту;
спорт пен туристiк индустрияға, оның iшiнде туристiк өнімдер, спорттық және туристiк жабдықтар, киiм мен мүкаммалдар өндiрiсiн дамыту үшін инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттiк саясатты iске асыру;
спорттық нышандарды (эмблемаларды, жалауларды, вымпелдердi, омырауға тағатын белгiлердi) бекiту және оларды пайдалану тәртiбiн айқындау;
дене шынықтыру, спорт және туризм қызметкерлерiн аттестаттау тәртібін айқындау;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен дене шынықтыруды, спортты және туристiк саланы дамыту мәселелері бойынша өзара iс-қимыл жасау;
Қазақстан Республикасының Yкiметiне Туризм жөніндегі кеңес туралы ереженi ұсыну және Туристiк ақпарат орталығы туралы ереженi бекiту;
Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.02.19. N
125
(2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
11. Негiзгi мiндеттер мен функцияларды iске асыру үшін Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен:
туризмдi, дене шынықтыруды, спортты және ойын бизнесiн дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметіне ұсыныстар енгiзедi;
мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпарат сұратады;
нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдайды;
заңнамада белгiленген құзырет шегiнде халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзедi және келiсiмдер жасасады;
Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, жою мәселелері жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
Министрлiкке ведомстволық бағынысты ұйымдарға басшылық етудi жүзеге асырады, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иеленудi және пайдалануды жүзеге асырады;
көтермелеу жүйесін әзiрлейдi және жүзеге асырады, Министрлiктiң, өз қызметiн Қазақстан Республикасы экономикасының Министрлiк жетекшiлiк ететiн салаларында жүзеге асыратын кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың қызметкерлерiн арнайы белгiлермен, құрмет грамоталарымен және басқа да көтермелеу түрлерімен марапаттайды;
Министрлiктiң құрылымдық бөлімшелерінің, оның iшiнде ведомстволардың, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар мен кәсiпорындардың қызметiн үйлестiредi;
ақпараттық-тұсаукесер iс-шараларын (саммиттер, форумдар, тұсаукесерлер, конференциялар және басқа да iс-шаралар), сондай-ақ Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастырады және өткiзедi;
ойын бизнесiн ұйымдастырушының "Ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың тiзбесi мен нысандарын бекiтедi;
ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiтедi.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.02.19. N
125
(2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
12. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады және негiзгi қорлардан, айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
14. Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Министрлiкке республика заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
15. Министрлiк және оның ведомстволары, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бiрыңғай жүйесін құрайды.
16. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын министр басқарады.
Министрдiң Қазақстан Республикасының Yкiметi министрдiң ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - вице-министрлерi болады.
17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
18. Осы мақсатта министр:
вице-министрлердi, Комитеттердiң төрағаларын тағайындау жөнiнде Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсыныс енгiзедi;
вице-министрлер мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
заңнамаға сәйкес және өз құзыретiнiң шегiнде Министрлiктiң қызметкерлерiн, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлiктi бiлдiредi;
заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiк қызметкерлерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету және тәртiптiк жаза қолдану мәселелерін шешедi;
мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi, ведомстволық бағынысты ұйымдары туралы жарғыларды және (немесе) ережелердi бекiтедi;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен штат санының лимитi шегiнде Министрлiктiң құрылымын белгiлейдi;
Министрлiк ведомстволарының басшылары кесiмдерiнiң күшін толығымен не iшiнара жояды немесе тоқтата тұрады;
өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
Министрлiктiң жұмыс регламентiн бекiтедi;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
19. Министрлiктiң министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын министр бекiтедi.
5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
20. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 26 сәуiрдегi
N 329 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
1. "Қазақтуринвест" акционерлiк қоғамы
2. "Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" акционерлiк қоғамы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 26 сәуiрдегi
N 329 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Спорт комитетi (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде оның құзыретiне жатқызылған қызмет салаларындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Комитеттiң негiзгi мiндетi дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын бақылауды және қадағалауды iске асыру, жүзеге асыру болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк және құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттілік берілген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi болатын бұйрықтар шығарады.
7. Комитеттiң толық атауы -«"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитеттiң кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуiне тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары
10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен мыналарды жүзеге асырады:
1) мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын мыналар бойынша қамтамасыз ететiн функциялар:
спорттық қозғалысты, салауатты өмiр салты қағидаттарын насихаттау;
спорт резервiн және халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау;
әлемдiк спорт аренасында жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткiзу;
Комитеттің құзыретiне жататын мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру;
Комитеттің құзыретiне жататын мәселелер бойынша спорт және дене шынықтыру саласындағы халықаралық шарттар мен келiсiмдердi iске асыру, халықаралық байланыстарды жүзеге асыру;
жетекшi жаттықтырушылармен және спортшылармен келiсiм-шарттар жасасу;
дене шынықтыру және спорт саласында кадрлар даярлауды, қайта даярлауды, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды және кадрларды аттестаттауды ұйымдастыру;
мемлекеттiк спорт ұйымдарына ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық жасау;
спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын даярлау және олардың Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң, Әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарына, Азия, Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындарға, Әлем және Азия кубоктарына, басқа да халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерiн ресми халықаралық жарыстарға дайындау және қатысу кезiнде мемлекеттiк қаражат есебiнен бiржолғы сақтандыру және олар республикалық жарыстарда жарақат алған және мертiккен кезде өтемақылық төлемдер, сондай-ақ еңбек сiңiрген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойғы ай сайынғы төлемдер төлеу;
ведомстволық статистикалық есептiлiктi жүзеге асыру;
басқа да мемлекеттiк органдармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп ұйымдастырылатын спорттық, оның iшiнде халықаралық iс-шаралардың жоспарларын үйлестiру және бекiту, спорттық iс-шаралардың, жарыстардың бiрыңғай күнтiзбелiк жоспарын әзірлеу және бекiту;
техникалық реттеу және метрология жөніндегі
уәкiлеттi органмен
бiрлесiп, дене шынықтыру және спорт саласындағы сәйкестiктi растауға қатысу;
Комитетке ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындарға басшылық жасау;
халықаралық спорт ұйымдарында Қазақстанды бiлдiру және халықаралық iс-шараларға қатысу, халықаралық спорт жұртшылығымен байланыстарды нығайту;
халықаралық, республикалық және өңiраралық спорт жарыстары мен жиындарын өткiзу;
көтермелеудiң салалық жүйесін iске асыру, дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерiне спорт және дене шынықтыру саласындағы арнаулы құрметтi атақтар, спорттық атақтар мен разрядтар, төрешiлiк санаттар, санаттар беру; спорттық iс-шараларға қатысушыларды көтермелеу, сондай-ақ спортшылар мен спорт ұйымдарының қызметкерлерiн, республикалық спорттық және басқа да iс-шаралардың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiн медальдармен, белгiлермен, дипломдармен, грамоталармен, жүлделермен марапаттау;
Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командаларына қабылданған спортшыларды материалдық қамтамасыз етуге, оның iшiнде тамақтандыруға, спортшыларды фармакологиялық қалпына келтiру құралдарымен қамтамасыз етуге, Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Азия, Шығыс Азия ойындары мен басқа да халықаралық жарыстарға қатысушылар үшін тәулiктiк шығыстарға арналған теңге және шетел валютасындағы қаражатты жұмсау нормаларын бекiту;
дене шынықтыру және спорт саласына, оның iшiнде спорт өнімдерiн шығаруды дамыту үшін инвестициялар тарту жөніндегі бiрыңғай саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;
өз құзыретiнiң мәселелері бойынша мемлекеттiк органдардың және өзге ұйымдардың қызметiн үйлестiру, сондай-ақ дене шынықтыру мен спорттың өзекті проблемаларын iс жүзiнде шешуге қатысты мәселелер бойынша
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерiмен
өзара iс-қимыл жасау;
P010546
спорт және дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестiру және олардың нәтижелерiн практикаға енгiзу;
азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын
уәкiлеттi органмен
бiрлесiп, спорт медицинасын дамытуды үйлестiру;
мүдделi органдармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп спорт резервiн және халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау жөнiнде жұмыс жүргізу, спорт клубтары, мектептерi және құрылыстары, олимпиадалық резервтi дайындау орталықтары желiсiнiң дамуын үйлестiру, сондай-ақ оларда оқу-жаттығу үдерiсiн, медициналық-биологиялық (допингтi бақылау) және ғылыми қамтамасыз етудi, психологиялық дайындауды ұйымдастыру;
2) мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын бақылауды және қадағалауды мыналар бойынша қамтамасыз ететiн функциялар:
спорт және дене шынықтыру саласындағы, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн мемлекеттiк бақылау және қадағалау;
спорттағы допингке қарсы iс-шаралардың өткiзiлуiн бақылау, допингке қарсы зертхананың қорытындысы бойынша тиiстi шешiм қабылдау;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорттық iс-шараларды, жарыстарды дайындау мен өткiзудi және спорт обЪектiлерiн салуды бақылау;
спорт объектiлерiн пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету ережелерiнiң және спорт құрылыстарының өткiзу қабiлеттiлiгi нормаларының, спорттық iс-шараларды өткiзу кезiндегi техникалық қауiпсiздiк ережелерiнiң сақталуын, спорт құрылыстарын пайдалануға қабылдап алуды және оқу-жаттығу сабақтары мен спорттық ойын-сауық iс-шараларын өткiзуге дайындық актiлерiнiң жасалуын бақылау;
Қазақстан Республикасында спортТық iс-шараларды өткiзу және халықаралық жарыстарға қатысу ережелерiнiң сақталуын бақылау;
дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметтерiн көрсету жөніндегі қызметтi лицензиялау, дене шынықтыру мен спорт жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу және спорт костюмдерi мен басқа да спорт керек-жарақтарын ресiмдеу кезiнде "Қазақстан Республикасының құрама командасы" деген атауды пайдалануға рұқсаттар беру;
спорт ғимараттарын салу және спорт мүкәммалы мен жабдықтар шығару жөніндегі қызметтi үйлестiру.
11. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитеттің заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзірлеу жөнiнде ұсыныстар қалыптастыруға;
2) спорт ғимараттарының жiктемесiне сәйкес спорт ғимараттарына санаттар беруге;
3) халықаралық, республикалық және өңіраралық спорт жарыстары мен жиындарын өткiзуге;
4) спорт және қызметтi үйлестiру саласындағы неғұрлым маңызды проблемаларды шешу үшін ведомствоаралық, ғылыми-әдістемелік және сараптамалық кеңестер, сондай-ақ олармен келiсiм бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, халықаралықты қоса алғанда, басқа да ұйымдардың өкiлдерiнен жұмыс топтарын көру жөнiнде ұсыныстар қалыптастыруға;
5) Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар қалыптастыруға құқығы бар.
12. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мyлкi болады.
Комитеттің мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерiмiнде көрсетілетін өзге де мүлiктен тұрады.
14. Комитеттің өзіне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк жүргізуге құқығы жоқ.
Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк жүргізу құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Комитет төрағасының, санын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орынбасарлары болады.
16. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.
17. Комитеттің төрағасы осы мақсатта:
1) Комитеттің штат кестесiн, сондай-ақ Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
2) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi және ведомстволық бағыныстағы ұйымдары басшыларының өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн айқындайды;
3) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерiн, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және босатады;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыретiнiң шегiнде Комитеттің қызметкерлерiн және Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешедi;
5) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
6) мемлекеттiк мекемелерде, өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы«26»сәуiрдегi
N 329 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің құрылымы
1. Басшылық
2. Жоғары жетiстiктер спорты басқармасы
3. Ұйымдық-кадрлық жұмыс және қаржылық қамтамасыз ету басқармасы
4. Дене шынықтыру және спорт инфрақұрылымы басқармасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы«26»сәуiрдегі
N 329 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
1. "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесi.
2. "Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесi.
3. Риддер қаласындағы "Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесi.
4. "Бұқаралық және қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
5. "Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
6. "Республикалық спорт колледжi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
7. "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
8. "Ұлттық штаттық командалар және спорт резервi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
9. "Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
10. "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
11. "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
12. Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
13. Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
14. Алматы қаласындағы "Спорт ғимараттарын салу жөніндегі дирекция"»республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
15. "Олимп"»спорттық-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).
15-1. Алматы қаласындағы "Орталық стадион" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
15-2. Алматы қаласындағы "Биік таудағы "Медеу" спорт кешені" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
15-4. "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
15-5. "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
15-6. "Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
15-7. "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
3. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер
16. "Спорт & КS"»газетiнiң редакциясы"»жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.04. N
359
қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы«26 сәуiрдегi
N 329 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің қарамағындағы ұйымдардан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің қарамағына қайта ұйымдастырылатын ұйымдардың тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесiне.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесiне.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің Риддер қаласындағы "Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің Риддер қаласындағы "Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесiне.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің«"Спорттың бұқаралық және қысқы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Спорттың бұқаралық және қысқы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Су спортының және спорттың қолданбалы түрлерi бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Су спортының және спорттың қолданбалы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
6. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Республикалық спорт колледжi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Республикалық спорт колледжi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
7. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
8. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Штаттық ұлттық командалар және спорт резервi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Штаттық ұлттық командалар және спорт резервi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
9. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнына.
10. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
11. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
12. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
13. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
14. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің Алматы қаласындағы "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің Алматы қаласындағы "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
15. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны, (шаруашылық жүргізу құқығындағы) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына (шаруашылық жүргізу құқығындағы).
3. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер
16. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Спорт &»KS" газетiнiң редакциясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Спорт & КS" газетiнiң редакциясы" жауапкершілігi шектеулi серiктестiгiне.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы«26 сәуiрдегi
N 329 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетi (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің құзыретi шегiнде және заңнамаға сәйкес арнайы атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ туристiк қызметтi және ойын бизнесiн реттеу саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттiң негiзгi мiндетi туристiк индустрияны және ойын бизнесiн дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты, Қазақстан Республикасы туралы туризм және кластерлiк бастамалар үшін қолайлы ел ретiндегi ұғымды қалыптастыруға бағытталған шараларды iске асыру болып табылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.02.19. N
125
(2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзгеде нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi қазынашылық комитетінің органдарында және банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.02.19. N
125
(2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне Комитетке кәсіпкерлік субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда бұл қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi.
2. Комитеттің функциялары мен құқықтары
9. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Комитет заңнамаға сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) iшкi және халықаралық туризмдi дамыту, туристiк қызметтер нарығын қалыптастыру;
2) туристiк қызмет мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын дайындауға қатысу;
3) Қазақстан Республикасындағы туристiк саланы дамыту бағдарламасын әзірлеу және орындау;
4) туризм индустриясын дамыту жөніндегі стратегияны iске асыру, оның iшiнде туризм саласындағы инфрақұрылымды, индустриялық-инновациялық парктердi жоспарлау және салу;
5) туризм, ойын бизнесi салаларындағы заңнаманы қолдану практикасын қорыту және оны жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзу;
6) туристiк нарықты зерттеудi жүргізу, халықаралық туристiк нарықта және мемлекет iшiнде Қазақстан мен оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпарат дайындау және тарату (
жарнама
, мамандандырылған көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу және өткiзу); (
Z040544
)
7) туристiк қызметтер нарығындағы бәсекенің дамуына жәрдемдесу, онда туристiк қызметтiң барлық субъектiлерi үшін тең жағдайлар жасау;
8) туристiк қызмет субъектiлерiне олардың қызметiн ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультативтiк көмек көрсету;
9) симпозиумдарды, конференцияларды, семинарларды, жетекшi әлемдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi мен туроператорлар үшiн ақпараттық жарнамалық турларды, туризм саласындағы мамандармен оқытудың және тәжiрибе алмасудың басқа да нысандарын ұйымдастыруға қатысу;
10) туристiк индустрияға инвестициялар тарту бойынша, оның iшiнде туристiк және кәдесый өнімдерi, жабдықтар, керек-жарақтар мен мүкаммалдар өндiрiсiн дамыту үшін мемлекеттiк саясатты iске асыру;
11) туризм индустриясын дамыту жөніндегі мемлекеттiк саясатты iске асыру, оның iшiнде туризм объектiлерiн салу, оларды ұстау және пайдалану;
12) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен туристiк саланы дамытудың өзектi проблемаларын iс жүзiнде шешуге қатысты мәселелер бойынша, оның iшiнде туристiк кластердi дамыту мәселелері бойынша өзара iс-қимыл жасау;
бақылау функциялары;
12-1) ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
12-2) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
12-3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзу;
12-4) ойын бизнесi саласындағы қызметтi лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен белгiленген ережелердi сақтау бойынша тексерулер жүргiзу;
13) туристiк қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының
заңнамасының
орындалуын бақылау;
14) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, оның iшiнде туризм индустриясы объектілерiн инвестициялау және салу жөніндегі туристiк iс-шаралардың ұйымдастырылуын және өткізілуін бақылау;
15) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiн бақылау, сондай-ақ мемлекеттiк туристiк ұйымдарға (оның iшiнде мемлекеттiк қатысу үлесi бар) және туристiк инфрақұрылым объектілерiне ұйымдық басшылық жасау;
16) туризм индустриясы объектiлерiн салуды бақылау;
17) заңды тұлғалардың туристердi қорғау мен олардың қауiпсiздiгi шараларын қамтамасыз ету жөніндегі қызметiн бақылау;
18) ойын мекемелерiнiң Қазақстан Республикасының ойын бизнесi саласындағы заңнамасын сақтауын бақылау.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.02.19. N
125
(2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитеттің заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының туристiк саланы, ойын бизнесiн және оның индустриясын дамыту мәселелерi жөніндегі заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) халықаралық, өңiраралық және iшкi туристiк байланыстарды жүзеге асыруға;
3) туризмдi дамытуға байланысты жетекшi бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi мен туроператорлар үшін ақпараттық жарнамалық турлар, аукциондар, жарнамалық және басқа да iс-шаралар өткiзуге, республикалық және халықаралық деңгейлерде семинарлар, бизнес-форумдар мен iскер топтардың кездесулерiн ұйымдастыруға;
4) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан қажеттi ақпарат сұратуға және алуға;
5) техникалық реттеу, метрология жөніндегі
уәкiлеттi органмен
бiрлесiп, сертификаттауға жататын туристiк өнімдердi айқындауға;
6) туристiк қызмет субъектiлерiне олардың қызметiн ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультативтiк көмек көрсетуге;
7) мүдделі органдармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп, туристiк клубтардың, мектептер мен ғимараттардың, туристiк ақпарат орталықтарының желiсiн дамыту жөніндегі жұмысты iске асыруға және үйлестіруге;
8) консультациялар мен сараптамалар жүргізу үшін орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың, басқа да ұйымдардың мамандарын тартуға;
9) Қазақстан Республикасында ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беруге;
10) ойын бизнесiн ұйымдастырушының "Ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды алуға және олармен танысуға;
11) ойын бизнесi саласындағы қызметтi лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен белгiленген ережелердi сақтау мәнiне тексерулердi жүзеге асыруға;
12) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
13) талап-арыздармен сотқа жүгiнуге, оларды қарауға қатысуға;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi материалдарды құқық қорғау органдарына жiберуге құқығы бар.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.02.19. N
125
(2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
12. Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктiң, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктің есебiнен қалыптасады.
14. Комитеттің, егер заңнамалық кесiммен өзгеше белгіленбесе, өзіне бекiтiп берiлген мүліктi және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебiнен сатып алынған мүліктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Комитет төрағасының заңнамада белгiленген тәртіппен қызметтерге тағайындалатын және қызметтерден босатылатын орынбасарлары болады.
Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
16. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етедi әрі Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап бередi.
17. Төраға осы мақсатта:
1) өз орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлерiн көтермелеу мәселелерін шешедi, оларға тәртіптік жаза қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) мемлекеттiк органдарда және өзге ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы«26 сәуiрдегi
N 329 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің құрылымы
1. Басшылық
2. Туристiк өнiмдi жылжыту және жарнама-имидж жұмысы басқармасы
3. Iшкi әкiмшiлендiру және қаржыландыру бөлiмi
4. Туризм индустриясын дамыту жөніндегі саясатты iске асыру басқармасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы«26 сәуірдегi
N 329 қаулысымен
бекiтiлген
1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлеріне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 36-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi".
2. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт iстерi комитетi" деген бөлiмде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi";
реттiк нөмiрi 518-жол алынып тасталсын.
3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрлерi 21-72, 21-73, 21-74-жолдармен толықтырылсын:
"21-72. "Қазақтуринвест" АҚ;
21-73. "Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету"»АҚ;
21-74. "SPORT&ks" газетiнiң редакциясы" ЖШС".
4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659
қаулысында
:
көрсетiлген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөлiмдермен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiне
297 "Қазақтуринвест" АҚ;
298 "Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" АҚ;
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетiне
299 "SPORT&ks газетiнiң редакциясы" ЖШС".
5. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47
қаулысында
:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 1-жолда:
"Мәдениет, ақпарат және спорт" деген сөздер "Мәдениет және ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-бағанда "216"»деген сандар "182" деген сандармен ауыстырылсын;
мына:
"Спорт iстерi комитетi 34" деген жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 15-жолдағы 3-бағанда "458" деген сандар "444" деген сандармен ауыстырылсын;
мына:
«"Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi 36"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Сауда қызметiн реттеу комитетi 22";
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 16-1-жолмен толықтырылсын:
"16-1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi: 165
ведомстволарды қоспағанда
министрлiктiң орталық аппараты 85
Туризм индустриясы комитетi 40
Спорт комитетi 40".
6. "Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлердi жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы N 633
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 26, 327-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Туризм" пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөніндегі жоспарда:
реттiк нөмiрлерi 13, 15, 16, 26, 27, 36 және 37-жолдардың 3 және 4-бағандарындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ТСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпеде:
"ККМ - Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"ТСМ - Туризм және спорт министрлiгi".