Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін одан әрі ретке келтiру және оның тиiмділігiн арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 27 наурыздағы N 73 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi туралы ереже ;
      2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 974 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетi құрылсын.

      4. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт iстерi комитетi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi;
      2) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт iстерi комитетінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi қарамағындағы ұйымдар болып қайта ұйымдастырылсын.

      5. Қоса берiліп отырған:
      1) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 974 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      2) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 974 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      3) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      6. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 974 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      7. Мыналар:
      1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақтуринвест" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын;
      қоғам қызметінің негiзгi түрлері мыналар болып белгiленсiн:
      туризм инфрақұрылымының құрылысын, оның iшiнде туристердi, көлікті, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiн, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарын, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге мақсаттағы объектілердi орналастыру орындарын жоспарлау;
      туризм индустриясы объектiлерiн салу үшін қажеттi инженерлiк коммуникацияларды (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау, байланыс) салу және жүргізу;
      2) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын«"Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын;
      қоғам қызметінің негiзгi түрлері мыналар болып белгіленсiн:
      туризм және спорт объектiлерiн ұстау, оларға қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу;
      туристiк қызметтер мен туристiк өнімдердің маркетингi;
      жарнамалық, анықтамалық, әдістемелік өнімдер шығару және өндiру;
      кәдесый және басқа да туристiк өнімдер жасау, спорттық жабдықпен, мүкәммалмен және киiммен қамтамасыз ету.

      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiне заңнамада белгіленген тәртiппен қоғамдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға 2006 жылға  арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен 400000000 (төрт жүз миллион) теңге бөлсiн.

      9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiне берсiн;
      Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiмен бiрлесiп:
      1) қоғамдардың жарғылық капиталын осы қаулының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнетiн қаражаттан 200000000 (екi жүз миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды;
      2) қоғамдардың Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      10. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi белгiленген тәртiппен қоғамдардың директорлар кеңесiн қалыптастырсын.

      11. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      12. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi осы қаулының іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      13. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2006 жылғы 26 сәуiрдегi
N 329 қаулысымен  
бекiтiлген

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 974 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) туристік қызмет, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Спорт комитеті, Туризм индустриясы комитеті.
      Ведомствоның өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының құзыреті мен тәртібін Министр белгілейді.

      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Министрлікке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-іс құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Министрліктің құрылымын Министрдің келісімінен кейін Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
      Ведомстволар, департаменттер мен басқармалар Министрліктің құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
      Министрліктің департаменттері мен басқармаларының жиынтығы Министрліктің аппараты болып табылады.

      8. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33.

      9. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

      13. Министрліктің негізгі міндеті туристік қызмет, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады.

      14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      туризм, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік басқару;
      туристік қызмет саласындағы өңіраралық және салааралық үйлестіруді, оның ішінде облыстар (республикалық маңызы бар қала,  астана) әкімдіктерінің туризмді дамыту бағдарламалары мен жоспарларын үйлестіру, туристік қызмет саласындағы меншік нысанына қарамастан отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдар мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасу;
      туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;
      Қазақстан Республикасының ойын бизнесі, туристік қызмет, дене шынықтыру және спорт туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      туристік қызмет, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысады;
      өзінің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, заңнаманың қолданылу практикасын қорытады, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      өзінің құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлейді;
      туристік қызметтер нарығындағы бәсекені дамытуға жәрдемдеседі, меншік нысанына қарамастан барлық туристік қызмет субъектілеріне нарықта тең жағдайлар жасайды;
      туристерді тәрбиелеуге, білім беруге және сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасайды;
      азаматтардың саяхат жасау кезіндегі қажеттілігін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамытуға жәрдемдеседі;
      туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын ашуға, мемлекеттің және Қазақстан Республикасы азаматтарының кірісін ұлғайтуға жәрдемдеседі;
      халықаралық туристік байланыстарды дамытуға жәрдемдеседі;
      туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдеседі;
      ішкі және халықаралық туризмнің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін туристік қызметтің тиімді жүйесін жасауға жәрдемдеседі;
      туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
      туристік қызметті кадрлық қамтамасыз етуге жәрдемдесуді жүзеге асырады;
      отандық туристердің, туроператорлар мен турагенттердің және олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуына жәрдемдеседі;
      туристік өнімді ішкі және әлемдік туристік нарықтарда жылжытуға жәрдемдеседі;
      елдің туристік ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануды, оларды есепке алу мен қорғауды қамтамасыз етеді;
      мүдделі министрліктермен және басқа да атқарушы органдармен бірлесіп, туристердің қорғанысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлейді;
      туристік ұйымдардың қызметкерлерін аттестаттаудың тәртібін белгілейді;
      туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесін бекітеді;
      туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелерін бекітеді;
      туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін және туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру ережелерін бекітеді;
      техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, туристік қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметті реттейді;
      туризмді және туристік индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын кешенді талдауды, болжамдауды жүзеге асырады және туристік саланы дамытудың жай-күйіне мониторинг жүргізеді;
      туристік саланы дамытуға үлес қосқан тұлғаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға және құрметті атақтарын беруге ұсынады;
      дербес құрамды және туризм жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлейді және бекіту үшін ұсынады;
      ойын бизнесін ұйымдастырушының "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекітеді;
      спортшыларға спорттық атақтар мен разрядтар беру жөніндегі төртжылдық (олимпиадалық) циклге біліктілік талаптарын белгілейді;
      жаттықтырушылар, нұсқаушылар, әдіскерлер, төрешілер санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
      тұрғын үй аудандарын, әкімшілік ғимараттарды, мектепке дейінгі мекемелерді және оқу орындарын қолданыстағы қала құрылысы нормалары негізінде спорттық ғимараттармен қамтамасыз етудің нормативтерін әзірлейді;
      дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік нормалары мен ережелерін әзірлейді және бекітеді;
      спорт түрлерінен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі бағдарламаларды бекітеді;
      ведомстволық статистикалық есептілікті жүзеге асырады, спорттық ұйымдардан статистикалық ақпаратты алады;
      салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;
      дене шынықтыру және спорт саласындағы құрмет атақтарын береді;
      спорттық іс-шараларды материалдық қамтамасыз етудің және республикалық спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеудің нормативтерін әзірлейді;
      спорттық ғимараттарды пайдаланудың нормалары мен ережелерін, спорттық ғимараттарға техникалық қызмет көрсету мен оларды пайдалану жөніндегі нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
      халықтың дене дайындығының нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
      спорттық ғимараттар құрылысына арналған жобалық құжаттаманы келіседі және спорттық жабдықты өндіру кезінде әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
      стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласында сертификаттау мен стандарттауға қатысады;
      спорттық жарыстарды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолданудың тәртібін белгілейді;
      спорттық атақтарды, разрядтар мен санаттарды берудің тәртібін айқындайды.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2008.09.23 N 879 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      15. Министрлік қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға мынадай функцияларды жүктейді:
      мемлекеттік саясатты іске асыру;
      туризмді және туристік индустрияны дамытудың стратегиясын, мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламаларын іске асыру;
      Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылау;
      лицензиялау;
      туроператорларды, турагенттерді және туристерді уақытша тұратын елдегі (орындағы) олар үшін мүмкін болатын қауіптер туралы хабардар ету;
      туристік қызмет субъектілеріне және облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдарға туристік қызмет субъектілерінің қызметін ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;
      туристердің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бағдарламаларын орындауды ұйымдастыру;
      туристік нарыққа зерттеулер жүргізу, Қазақстан мен оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпарат дайындау және оны халықаралық туристік нарық пен мемлекет ішінде, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелерді және жәрмеңкелерді өткізу жолымен тарату;
      заңнамаға сәйкес сотқа талап-арыздар беру;
      туристік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаны қолдану;
      туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін және туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтерді лицензиялау бөлігінде туристік қызметті лицензиялау ережелерін облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды орындау, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүддесін білдіру және олардың жұмысына қатысу;
      туристік нарықты зерттеуге, туристік қызмет саласындағы баспалық, жарнамалық және картографиялық өнімге мемлекеттік тапсырысты орналастыру;
      спорттық атақтар мен санаттар беру;
      спорт түрлерінен, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерінен, бұқаралық спорттан республикалық және халықаралық жарыстарды өткізу;
      Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командаларының мүшелеріне, олар республикалық жарыстардан жарақат алған және мертіккен кезде бюджеттік қаражат есебінен өтемақы төлеуді жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командаларының мүшелерін ресми халықаралық жарыстарға дайындау мен қатысу кезінде бюджеттік қаражат есебінен сақтандыруды жүзеге асыру;
      дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді, олардың нәтижелерін дене шынықтыру мен спорттың практикасына енгізуді ұйымдастыру және үйлестіру;
      Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға дайындауды әрі қатысуын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу;
      жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыру;
      спорттағы допингке қарсы іс-шаралар жүргізуді бақылау;
      жыл сайын түрлі спорт түрлерінен федерациялардың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының құрамын бекіту;
      балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде, олимпиадалық резервтің спорт мектептерінде, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда, жоғары спорт шеберлігі мектептерінде, олимпиадалық резервті даярлау орталықтарында және олимпиадалық даярлық орталықтарында спорт резервін даярлау жөнінде жұмыс жүргізу;
      спорттық киімдер мен басқа да спорттық жабдықтарды безендіру кезінде "Қазақстан Республикасының құрама командасы" деген атауды пайдалануға рұқсат беру.
       Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2008.09.23 N 879 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      16. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
      өзінің құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;
      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;
      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      17. Министрлік, оның ведомстволары, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бірыңғай жүйесін құрайды.

      18. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министрдің екі орынбасары (вице-министрлері) болады. Вице-министрлерді қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының Үкіметі министрдің ұсынысы бойынша жүзеге асырады.

      19. Министр Министрлікке басшылықты жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.

      20. Осы мақсаттарда Министр:
      1) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
      2) заңнамаға сәйкес Министрліктің еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрліктің еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және оларды көтермелеу шараларын қолданады;
      4) бұйрықтарға қол қояды;
      5) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
      6) Министрлік жұмысының регламентін бекітеді.

      21. Министрлік қабылдаған шешімдер Министрдің немесе оның орнын алмастыратын адамның бұйрықтарымен ресімделеді.

      22. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

      23. Үкіметтің, Министрдің орнынан түсуі жауапты хатшының өкілеттігінің тоқтауына әкелмейді.

      24. Жауапты хатшы өзінің қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.

      25. Жауапты хатшы:
      1) туристік қызмет, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт саласында министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
      2) Министрліктің аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен орталық атқарушы орган штат санының лимиті шегінде Министрліктің, комитеттердің құрылымы мен штат санын бекітеді;
      5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
      7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
      8) Министрмен келіскеннен кейін Министрлік департаменттерінің директорларын және басқармаларының бастықтарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) Министрдің комитеттер төрағалары тағайындау үшін ұсынатын комитеттер төрағаларының орынбасарларын тағайындауын келіседі;
      10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      11) Министрмен келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
      12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
      13) Министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Министрліктің басшысы бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
      15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
      16) Министрмен келіскеннен кейін органды қаржыландыру жоспарларын және мемлекеттік органның қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
      17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік актілердің жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
      19) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
      20) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлікті білдіреді;
      21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      26. Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін жауапты хатшы:
      1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
      2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
      3) жеке қолданылатын құқықтық актілер қабылдауға құқылы.

      27. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады.

      28. Министрліктің министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші органы болып табылатын алқасы болады. Министр Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатарынан алқаның сандық және дербес құрамын бекітеді.

      29. Министрлік қызметін ұйымдастырудағы өзге де мәселелер, лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері, Министрліктің қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреттері мен өкілеттіктері Министрліктің регламентінде және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерде белгіленеді.

4. Министрліктің мүлкі

      30. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлардан, айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

      31. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      32. Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
      Министрлікке республика заңнамасында белгіленген жағдайларда және шекте мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      33. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң      
2006 жылғы 26 сәуiрдегi
N 329 қаулысымен  
бекiтiлген  

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.11. N 235 Қаулысымен.

      1. "Қазақтуринвест" акционерлiк қоғамы     
      2. "Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" акционерлiк қоғамы
      3. "Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты" ЖШС
      4. "Спорт және туризм объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция" ЖШС

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2006 жылғы 26 сәуiрдегi
N 329 қаулысымен   
бекiтiлген   

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi туралы ереже

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 974 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2006 жылғы«26»сәуiрдегі
N 329 қаулысымен   
бекiтiлген   

      Ескерту. Тізбе толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.27. N 340 , 2007.05.04. N 359 , 2007.07.06. N 579 , 2007.07.19. N 613 , 2008.06.06. N 543 Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

1. Мемлекеттiк мекемелер

      1. "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесi.
      2. "Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесi.
      3. Риддер қаласындағы "Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесi.
      3-1. Алматы қаласының»"Шаңырақ" шағын ауданындағы»"Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі.

2. Мемлекеттiк кәсiпорындар

      4.»"Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      5. "Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      6. "Республикалық спорт колледжi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      7. "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      8. "Ұлттық штаттық командалар және спорт резервi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.11. N 235 Қаулысымен.
      10. "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      11. "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      12. Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      13. Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
      14. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.03.11. N 235 Қаулысымен.
      15. "Олимп"»спорттық-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).
      15-1. Алматы қаласындағы "Орталық стадион" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      15-2. Алматы қаласындағы "Биік таудағы "Медеу" спорт кешені" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      15-3.»"Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      15-4. "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      15-5. "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      15-6. "Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      15-7. "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

3. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер

      16. "Спорт & КS"»газетiнiң редакциясы"»жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

4. Акционерлік қоғамдар

      17. "Орталық жүзу бассейні" акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2006 жылғы«26 сәуiрдегi
N 329 қаулысына    
қосымша     

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің қарамағындағы ұйымдардан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің қарамағына қайта ұйымдастырылатын ұйымдардың тiзбесi

1. Мемлекеттiк мекемелер

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесiне.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесiне.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің Риддер қаласындағы "Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің Риддер қаласындағы "Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесiне.

2. Мемлекеттiк кәсiпорындар

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің«"Спорттың бұқаралық және қысқы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Спорттың бұқаралық және қысқы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Су спортының және спорттың қолданбалы түрлерi бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк  мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Су спортының және спорттың қолданбалы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Республикалық спорт колледжi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Республикалық спорт колледжi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
      7. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
      8. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Штаттық ұлттық командалар және спорт резервi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Штаттық ұлттық командалар және спорт резервi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
      9. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнына.
      10. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
      11. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
      12. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
      13. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
      14. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің Алматы қаласындағы "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің Алматы қаласындағы "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
      15. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны, (шаруашылық жүргізу құқығындағы) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына (шаруашылық жүргізу құқығындағы).

3. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер

      16. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Спорт &»KS" газетiнiң редакциясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Спорт  & КS" газетiнiң редакциясы" жауапкершілігi шектеулi серiктестiгiне.

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2006 жылғы«26 сәуiрдегi
N 329 қаулысымен   
бекiтiлген   

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетi туралы ереже

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 974 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2006 жылғы«26 сәуірдегi
N 329 қаулысымен   
бекiтiлген   

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлеріне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 36-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi".

      2. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт iстерi комитетi" деген бөлiмде:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi";
      реттiк нөмiрi 518-жол алынып тасталсын.

      3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрлерi 21-72, 21-73, 21-74-жолдармен толықтырылсын:
      "21-72. "Қазақтуринвест" АҚ;
      21-73. "Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету"»АҚ;
      21-74. "SPORT&ks" газетiнiң редакциясы" ЖШС".

      4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөлiмдермен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiне
      297 "Қазақтуринвест" АҚ;
      298 "Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" АҚ;
      Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетiне
      299 "SPORT&ks газетiнiң редакциясы" ЖШС".

      5. (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен)

      6. "Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлердi жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы N 633 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 26, 327-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Туризм" пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөніндегі жоспарда:
      реттiк нөмiрлерi 13, 15, 16, 26, 27, 36 және 37-жолдардың 3 және 4-бағандарындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ТСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      ескертпеде:
      "ККМ - Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "ТСМ - Туризм және спорт министрлiгi".