Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 ақпандағы N 125 Қаулысы.

      "Ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар (бұдан әрi - өзгерiстер мен толықтырулар) бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы қаулыға өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағын қоспағанда, 2007 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзіледі және ресми жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 19 ақпандағы
N 125 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19 N 610 (2007.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 10.06.2020 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.12.03 № 1272 (2014.11.21 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      5. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 26 сәуiрдегi N 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат):

      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi туралы ережеде:

      1-тармақтың екiншi абзацындағы, 10-тармақтың екiншi, үшiншi, он үшiншi абзацтарындағы "және спорт" деген сөздер ", спорт және ойын бизнесi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтағы "Әуезов көшесi, 126" деген сөздер "Абай даңғылы, 33" деген сөздермен ауыстырылсын, мемлекеттiк тілдегi мәтiнде 10-тармақтың үшiншi абзацындағы және 11-тармақтың екiншi абзацындағы "және спортты" деген сөздер ", спортты және ойын бизнесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу.";

      11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "ойын бизнесiн ұйымдастырушының "Ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың тiзбесi мен нысандарын бекiтедi;

      ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiтедi.";

      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң Туризм индустриясы комитетi туралы ережеде:

      1-тармақта:

      бiрiншi абзацтағы "туристiк қызметтi" деген сөздерден кейiн "және ойын бизнесiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi абзацтағы "туристiк индустрияны" деген сөздерден кейiн "және ойын бизнесiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтағы "Әуезов көшесi, 126" деген сөздер "Абай даңғылы, 33" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақта:

      5) тармақшадағы "туризм саласындағы" деген сөздер "туризм, ойын бизнесi салаларындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 12-3), 12-4) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12-1) ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

      12-2) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

      12-3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзу;

      12-4) ойын бизнесi саласындағы қызметтi лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен белгiленген ережелердi сақтау бойынша тексерулер жүргiзу;";

      "18) ойын мекемелерiнiң Қазақстан Республикасының ойын бизнесi саласындағы заңнамасын сақтауын бақылау.";

      10-тармақта:

      1) тармақшада "туристiк саланы" деген сөздерден кейiн ", ойын бизнесiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) тармақшадағы "туризм саласында" деген сөздер алынып тасталсын;

      мемлекеттiк тілдегi мәтiнде 8) тармақшадағы "тартуға" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9) Қазақстан Республикасында ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беруге;

      10) ойын бизнесiн ұйымдастырушының "Ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды алуға және олармен танысуға;";

      11) ойын бизнесi саласындағы қызметтi лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен белгiленген ережелердi сақтау мәнiне тексерулердi жүзеге асыруға;

      12) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;

      13) талап-арыздармен сотқа жүгiнуге, оларды қарауға қатысуға;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi материалдарды құқық қорғау органдарына жiберуге.".