Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 Қаулысы

Жаңартылған

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының  4-бабының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Мемлекет реттейтiн баға қолданылатын әуежайлар қызметтерiнiң номенклатурасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1348  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 49, 562-құжат);

      2) "Мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялар қызметтерiн ұсынумен технологиялық байланысты қызметтердiң номенклатурасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қазандағы N 1064  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 38, 503-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 және 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1348 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 63  қаулысының  1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 4, 34-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
2006 жылғы 14 наурыздағы     
N 155 қаулысымен         
бекiтiлген    

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.28.  N 854  Қаулысымен.

  Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн
қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесi

      1. Мұнай және (немесе) мұнай өнiмдерiн магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласында:
      мұнайды магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау жөнiндегi қызмет:
      1) бiрыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет;
      2) мұнайды магистральдық құбыр жолының жүйесi арқылы қайта айдау;
      3) мұнайды темiр жол цистерналарынан құйып алу;
      4) мұнайды темiр жол цистерналарына құю;
      5) мұнайды танкерлерге құю;
      6) мұнайды автоцистерналардан құйып алу;
      7) мұнайды автоцистерналарға құю;
      8) мұнайды сақтау;
      9) мұнайды ауыстырып құю;
      10) мұнайды араластыру.

      2. Газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) таратушы құбыр жолдары, газ таратушы қондырғыларды және оларға байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану арқылы сақтау, тасымалдау саласында:
      табиғи газды магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау;
      Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшiн табиғи газды таратушы құбыр жолдары арқылы тасымалдау;
      сұйылтылған көмiрсутектi газды топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушының енгiзу шығыранына дейiн газ құбырлары арқылы тасымалдау;
      табиғи газды сақтау.

      3. Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласында:
      электр энергиясын беру және (немесе) бөлу.

      4. Жылу энергиясын өндiру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласында:
      жылу энергиясын өндiру;
      жылу энергиясын беру және бөлу;
      жылу энергиясымен жабдықтау;
      жылу энергиясын өндiру, беру және бөлу;
      жылу энергиясын өндiру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау.

      5. Электр энергиясын желiге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру саласында:
      электр энергиясын желiге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру.

      6. Магистральдық темiр жол желiлерi саласында:
      магистральдық темiр жол желiсiн пайдалануға беру;
      жылжымалы құрамды магистральдық темiр жол желiсi арқылы өткiзудi ұйымдастыру;
      магистральдық темiр жол желiсiн пайдалануға беру және ол арқылы жылжымалы құрамды өткiзудi ұйымдастыру.

      7. Кiрме жолдар саласында:
      бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуi үшiн кiрме жолды беру;
      бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда маневр жұмыстары, тиеу-түсiру, тасымалдау процесiнiң басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн кiрме жолды беру.

      8. Аэронавигация саласында:
      Қазақстан Республикасының аумағына коммерциялық емес мақсатта қонуды жүзеге асырмастан немесе жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгi арқылы транзиттiк ұшып өтудi жүзеге асыратын шетелдiк авиакомпаниялардың әуе кемелерiне аэронавигациялық қызмет көрсетудi қоспағанда, әуе кеңiстiгiндегi әуе кемелерiне аэронавигациялық қызмет көрсету;
      Қазақстан Республикасының аумағына коммерциялық емес мақсатта қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгi арқылы транзиттiк ұшып өтудi жүзеге асыратын шетелдiк авиакомпаниялардың әуе кемелерiне аэронавигациялық қызмет көрсетудi қоспағанда, әуеайлақ маңындағы әуе кемелерiне аэронавигациялық қызмет көрсету.

      9. Порттар, әуежайлар саласында:
      1) теңіз портының қызметтері:
      теңіз портының күштерімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары;
      кейіннен порттан шығып жүк операцияларын жүргізу және/немесе өзге мақсаттар үшін кеменің теңіз портына кіргені үшін (кеменің кіруі) қызметтер;
      2) әуежайлардың қызметтері:
      Қазақстан Республикасының әуежайлары арқылы техникалық қонуларды жүзеге асыратын тұрақты емес авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының әуежайлары арқылы техникалық қонуларды жүзеге асыратын тұрақты емес авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының әуежайлары арқылы техникалық қонуларды жүзеге асыратын тұрақты емес авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 3 сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 6 сағаттан астам тұрақ орнын беру;
      Қазақстан Республикасының әуежайлары арқылы техникалық қонуларды жүзеге асыратын тұрақты емес авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру.    

      10. Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiн қоспағанда, қызметтiң осы түрлерiн көрсетудiң технологиялық мүмкiн болмауы не экономикалық орынсыздығы себебiнен бәсекелес байланыс операторы болмауы шартымен телекоммуникациялар саласында:
      байланыс операторларының телекоммуникациялар желiлерiн жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желiсiне қосу:
      1) жергiлiктi деңгейде;
      2) аймақiшiлiк және қалааралық деңгейде;
      3) қалааралық және халықаралық деңгейде;
      мыналарды:
      1) жергiлiктi телефон трафигiн;
      2) аймақiшiлiк телефон трафигiн;
      3) қалааралық телефон трафигiн;
      4) халықаралық телефон трафигiн;
      5) ұялы операторлар желiсiнен/желiсiне телефон трафигiн;
      6) IР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигiн қосылатын байланыс операторларының желiсiнен (желiсiне) қосылатын байланыс операторларының телефон трафигiн өткiзу.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.10.13. N  994  қаулысымен.

      11. Телекоммуникация желiлерiн жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желiсiне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де негiзгi құралдарды мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi салада:
      телефон кәрiзiн байланыс операторларына пайдалануға беру.

      12. Су шаруашылығы және кәрiз жүйелерi саласында:
      су шаруашылығы жүйесiнiң қызметтерi:
      1) тiреушi гидротехникалық ғимараттардың көмегiмен үстiңгi ағынды реттеу;
      2) суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру;
      3) суды таратушы желiлер арқылы беру;
      4) суды арналар арқылы беру;
      кәрiз жүйесiнiң қызметтерi:
      1) сарқынды суды бұру;
      2) сарқынды суды тазарту.

      13. Почта байланысы қызметтерi саласында:
      почта байланысының жалпыға қол жетiмдi қызметтерi:
      1) жай хаттарды жiберу;
      2) жай почта карточкаларын жіберу;
      3) жай бандерольдердi жiберу.