Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі N 854 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мемлекеттік органдардың басшылары мен басқа қызметкерлері санының нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қазандағы N 1010  қаулысының  күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі