Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1272 Қаулысымен.
Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.27. N 739 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Наталья Артемовна Коржова Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi болып тағайындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.20. N 564 , өзгерту енгізілді - 2007.02.08. N 90 , 2007.08.27. N 739 қаулыларымен.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 40 қаулысы ;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 40 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 мамырдағы N 561 қаулысы .
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі