Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 ақпандағы N 90 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1272 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1098  қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақта "жоюға" деген сөзден кейін "және онда басқа да құрылыс жұмыстарын жүргізуге" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі