1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Аслан Есболайұлы Мусин және Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Наталья Артемовна Коржова Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi болып тағайындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.20. N
564
, өзгерту енгізілді - 2007.02.08.
N 90
қаулыларымен.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 40
қаулысы
;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 40 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 мамырдағы N 561
қаулысы
.