Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қарашадағы N 1176 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2005 жылғы 30 қарашадағы 
N 1176 қаулысымен   
бекітілген   

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі N 306 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 11, 84-құжат):
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі Рүстем Қабидоллаұлы Жоламан" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі Байжанов Ерлан Сапарұлы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.14 N 807 Қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.30 N 553 Қаулысымен.
      4. "Жастар ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 1165 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 396-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
      Байжанов                     - Қазақстан Республикасының
      Ерлан Сапарұлы                 Мәдениет, ақпарат және спорт
                                     бірінші вице-министрі

      Шпекбаев                     - Қазақстан Республикасының
      Алик Жатқамбайұлы              Ішкі істер вице-министрі

      мына:
 
        Әбдірахымов                  - Қазақстан Республикасы
      Ғабидолла Рахматоллаұлы        Мемлекеттік қызмет істері
                                     жөніндегі агенттігінің
                                     төрағасы, Қазақстан
                                     Республикасы Президентінің
                                     "Болашақ" халықаралық
                                     стипендиясы бітірушілерінің
                                     қауымдастығы" қоғамдық
                                     бірлестігінің президенті
                                     (келісім бойынша);

      деген жолдағы "агенттігінің төрағасы" деген сөздер "агенттігі төрағасының бірінші орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген құрамнан Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы, Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы шығарылсын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.