Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанынан Ғарыш жөнiндегi кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы N 1087 Қаулысы

Жаңартылған

      "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 352 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Ғарыш жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) Кеңес туралы ереже;
      2) Кеңестiң құрамы бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2005 жылғы 31 қазандағы
N 1087 қаулысымен  
бекiтілген     

  Қазақстан Республикасының Yкiметi
жанындағы Ғарыш жөнiндегi кеңес туралы
ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Ғарыш жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының ұлттық және ақпараттық қауiпсiздiгiн, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуын нығайту үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар iрi ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды iске асыруға бағытталған ұсыныстарды әзiрлеуге жауапты консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.

      2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады. қараңыз.Z110407

  2. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары

      3. Кеңестің негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту үшiн ғылым, бiлiм, өндiрiс пен қаржы-кредит салаларын ықпалдастыруды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      экологиялық қауiпсiздiк, табиғи апаттар туралы ескертулер мен қысылтаяң жағдайларда құтқару проблемаларын шешу үшiн ғарыш құралдарын пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      ғарыш қызметiн дамыту үшiн мемлекеттiк ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-экономикалық прогресi мен ұлттық қауiпсiздiгi мүддесiнде ғарыш саласындағы ғылым жетiстiктерiн және жаңа технологияларды пайдалану жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу.

      4. Кеңестiң функциялары:
      ғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау және зияткерлiк меншiктi құқықтық қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      ғарыш қызметi саласы үшiн кадрларды даярлау, қайта даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн құру және космонавтика жетiстiктерiн насихаттау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      Қазақстанның қорғаныс кешенiн конверсиялау және ғарыш саймандарын жасауда оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетiн тиiмдi пайдалану жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
      ғарыш саласындағы халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық және тиiмдi бағыттарын талдау және айқындау.

      5. Кеңестiң:
      ғарыш қызметi саласында iрi бағдарламалар мен жобаларды iске асыру барысын тыңдауға;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне ғарыш қызметiн дамыту мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
      мемлекеттiк органдардан қажеттi материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқығы бар.

  3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру

      6. Кеңестi төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады. Кеңестiң құрамына Кеңес төрағасының орынбасары және хатшы кiредi. Кеңес туралы ереженi және оның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.15. N 1087 Қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      7-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 615 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      7. Кеңестiң төрағасы Кеңес қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешiмдердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шараларды айқындайды.
      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
      Кеңестiң хатшысы Кеңес мәжiлiсiнiң күн тәртiбi бойынша қажеттi құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыстың хаттамаларын ресiмдейдi.
      Кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің, Бiлiм және ғылым, Көлiк және коммуникация, Сыртқы iстер, Әдiлет, Қаржы, Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт, Индустрия және сауда, Қорғаныс, Энергетика және минералдық ресурстар, Ауыл шаруашылығы, Қоршаған ортаны қорғау, Төтенше жағдайлар министрлiктерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң, сондай-ақ ғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн жетекшi кәсiпорындар мен ұйымдардың бiрiншi басшылары кiредi.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.15. N 1087 Қаулысымен.

      8. Кеңестiң шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.

      9. Кеңестiң отырысы жылына кемiнде екi рет өткiзiледi. Әрбiр екi жылда Кеңес құрамының 1/3 бөлiгi жаңартылып отырады.
      Кеңестiң отырысы, егер оған Кеңестiң бекiтiлген тiзiмдiк құрамының кемiнде 2/3 бөлiгi қатысса заңды болады. Шешiмдер отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерiнiң ашық дауыс беруi арқылы қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады.
      10. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі болып табылады.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.15. N 1087 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2005 жылғы 31 қазандағы
N 1087 қаулысымен  
бекiтілген     

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.08 № 779 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңестің құрамы

Шөкеев                   - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы           бірінші орынбасары, төраға

Мұсабаев                 - Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш
Талғат Аманкелдіұлы        агенттігінің төрағасы, төрағаның
                           орынбасары

Қазиев                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Бағлан Нұрланұлы           агенттігінің Ғарыш қызметін дамыту
                           стратегиясы департаменті директорының
                           міндетін атқарушы, хатшы

Исекешев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы            орынбасары - Қазақстан Республикасының
                           Индустрия және жаңа технологиялар министрі

Әшім                     - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Нұрғали Сәдуақасұлы        қорғау министрі

Қазыханов                - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Ержан Хозеұлы              министрі

Жұмағалиев               - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы            ақпарат министрі

Мамытбеков               - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Асылжан Сарыбайұлы         министрі

Түсіпбеков               - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Рашид Төлеутайұлы

Камалиев                 - Қазақстан Республикасының Көлік және
Берік Сайлауұлы            коммуникация министрі

Ермегияев                - Қазақстан Республикасының Туризм және
Талғат Амангелдіұлы        спорт министрі

Келімбетов               - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қайрат Нематұлы            даму және сауда министрі

Жақсыбеков               - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Әділбек Рыскелдіұлы        министрі

Жәмішев                  - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Мыңбаев                  - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы        министрі

Жұмағұлов                - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы         министрі

Божко                    - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Карпович          жағдайлар министрі

Әбіқаев                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Нұртай                     комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Қожаметов                - Қазақстан Республикасы Президентінің
Сәбит Нұрмаханұлы          «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі
                           (келісім бойынша)

Молдабеков               - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Мейірбек Молдабекұлы       агенттігі төрағасының орынбасары

Шаймағамбетов            - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Еркін Мұстафаұлы           агенттігі төрағасының орынбасары

Мырзақұлов               - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық
Гавыллатып Тұрғанбайұлы    компаниясы» акционерлік қоғамының
                           президенті (келісім бойынша)

Ахматов                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Иван Идрисович             агенттігінің «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей
                           бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамының
                           бас директоры (келісім бойынша)

Жантаев                  - «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен
Жұмабек Шәбденамұлы        технологиялар орталығы» акционерлік
                           қоғамының президенті (келісім бойынша)

Лефтер                   - «Ғарыштық байланыс республикалық орталығы»
Виктор Дмитриевич          акционерлік қоғамының президенті (келісім
                           бойынша)