"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкілеттіктердiң аражiгiн ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13 Заңын iске асыру және бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.11.09. N 1063 (ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 27-жолдағы 3-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"заңды және жеке тұлғалардың бiрiншi, екiншi және үшiншi санаттағы спорт құрылыстарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметi, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтардың, секциялардың, жергiлiктi қоғамдық бiрлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (облыстық федерациялардың) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi қызметi;";
реттік нөмiрi 36-жолдағы 3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"заңды және жеке тұлғалардың жоғары санаттағы спорт құрылыстарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметi, сондай-ақ республикалық және өңiрлiк қоғамдық бiрлестiктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (спорт түрлерi бойынша федерациялардың) дене шынықтыру және спорт жөнiндегі қызметi;".
3. "Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметті лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1374 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 49, 569-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 28 шілдедегі
N 786 қаулысымен
бекiтiлген
Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда,
дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету
жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Ескерту. Талаптарының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.11.09. N 1063 (ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 28 шілдедегі
N 786 қаулысымен
бекiтiлген
Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда,
дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету
жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi
Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.11.09. N 1063 (ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.