Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1374 қаулысы. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі N 786 қаулысымен

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1374 қаулысымен  
бекiтiлген     

  Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене
шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi
қызметтi лицензиялау ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес әзiрлендi әрi жеке және заңды тұлғаларға аталған қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
      Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрi - лицензиаттар) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметi лицензиялануы тиiс.

      2. Заңды тұлғалардың - лицензиаттардың филиалдары мен өкiлдiктерi олардың құрамында лицензияланады.

      3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық атқарушы орган (бұдан әрi - лицензиар) лицензиат осы Ереженiң 2-бөлiмiнде көрсетiлген талаптарға сай болған кезде бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия бередi.

  2. Лицензия берудiң тәртiбi мен шарттары

      4. Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн заңды тұлға лицензиарға мынадай құжаттар ұсынады:
      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiштi;
      2) құрылтайшылық құжаттардың көшiрмелерi, мемлекеттiк тiркеу туралы (нотариалды куәландырылған) куәлiктердi;
      3) бюджетке лицензиялық алым төленгендiгiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
      4) Қазақстан Республикасының тиiстi заңнамалық талаптарына сәйкес жаттықтырушы-оқытушылар құрамының бiлiмi мен бiлiктiлiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн;
      5) спортшыларға және дене шынықтырумен шұғылданушыларға медициналық қызмет көрсету туралы дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерiмен және (немесе) медицина қызметкерiмен жасалған шарттың көшiрмесiн;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес меншiктi немесе жалға алынған спорт құрылысының бар екендiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн.

      5. Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн жеке тұлға лицензиарға мынадай құжаттар ұсынады:
      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiштi;
      2) бюджетке лицензиялық алым төленгендiгiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
      3) "дене тәрбиесi және спорт" мамандығы бойынша жоғары немесе орта арнаулы дене шынықтыру немесе педагогтiк бiлiмiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн;
      4) спортшыларға және дене шынықтырумен шұғылданушыларға медициналық қызмет көрсету туралы дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерiмен және (немесе) медицина қызметкерiмен жасалған шарттың көшiрмесiн;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес меншiктi немесе жалға алынған спорт құрылысының бар екендiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн.

      6. Лицензия Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде берiледi.

      7. Лицензия бiр данада берiледi, лицензия жоғалған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиат жазбаша өтiнiшi бойынша телнұсқасын алады.

      8. Лицензия лицензиатқа немесе оның өкiлiне сенiмхаттың негiзiнде берiледi.

      9. Лицензияға лицензиялық органның басшысы не оның орнындағы тұлға қол қояды және лицензиардың мөрiмен куәландырылады.

  3. Лицензиялық алым

      10. Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиялық алымның ставкасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгiленедi. Лицензиялық қызметпен айналысудың бүкiл кезеңiне лицензия беру лицензия берiлген сәтте бiржолғы лицензиялық алым төленiп жүзеге асырылады.

  4. Лицензия беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтату,
оны қайта ресiмдеу, қайтарып алу
және қолданылуын тоқтата тұру

      11. Лицензия беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтату, оны қайта ресiмдеу, қайтарып алу және қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген негiздермен жүзеге асырылады.

  5. Лицензияның қолданылу мерзiмi

      12. Лицензия қолданылу мерзiмi шектелмей берiледi.

  6. Есепке алу және бақылау

      13. Лицензиат берiлген лицензияларда бiрыңғай есепке алуды жүргiзедi.

      14. Лицензиар осы Ереженiң сақталуын бақылауды жүргiзедi.