1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 мамырдағы N 502
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 23-24, 223-құжат):
4-тармақтың 2) тармақшасының бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"инновациялық инфрақұрылымдардың мамандандырылған субъектiлерiн (технопарктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар) құруға қатысу;";
2) "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамының 2004-2005 жылдарға арналған инвестициялық саясаты туралы меморандум туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 маусымдағы
N 615
қаулысына
:
тақырыбындағы және мәтiндегi "2004 - 2005" деген сандар "2004 - 2007" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
тақырыбындағы және мәтiндегi "2004 - 2005" деген сандар "2004 - 2007" деген сандармен ауыстырылсын;
"Жалпы ережелер" деген 1-бөлiмде:
1-тармақта "инвестициялау туралы шешiм қабылдауды,", "қоса алғанда" деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақтың бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн (технопарктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар) құруға қатысу;";
5-тармақта:
екiншi, үшiншi, төртiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"технологиялық бизнес-инкубатор - инновациялар құру, қорғау құжаттарын алуға өтiнiмдi ресiмдеу және инновациялық жобаны дайындау үшiн заңды және жеке тұлғаларға құқықтық, ұйымдастырушылық, ақпараттық қызметтердi ұсыну жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн құрылатын заңды тұлға немесе технопарктiң құрылымдық бөлiмшесi;
венчурлiк инвестициялау - инновацияларды құруға және/немесе мынадай:
1) идеяларды жаңа өнімнің пилоттық үлгiлерiн құруға және оның коммерциялық әлеуетiн бағалауға дейiн жеткiзумен байланысты қолданбалы зерттеулер;
2) өнiмнiң бастапқы жаппай өндiрiсi мен бiрiншi сату;
3) өндiрiстi ерте ұлғайту және өнiмнiң өткiзудiң жаңа рыноктарына шығуы, кезеңдерiнде коммерцияландыруға бағытталған инвестициялау;
венчурлiк қор - венчурлiк инвестициялауды жүзеге асыру мақсатында заңды тұлға құрып та, құрмай да ресiмделген заңды және/немесе жеке тұлғалардың капиталын бiрiктiру.";
жетiншi абзац алынып тасталсын;
"Инвестициялау бағыттары" деген 2-бөлiмде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қаралып отырған кезеңде (2004 - 2007 жж.) Қор қызметi қаржы инфрақұрылымын құруды, ғылыми әлеуеттi дамытуға қатысуды, инновациялық инфрақұрылым құруды, жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстер саласына жеке капиталды тартуды қоса алғанда, инновациялық процестiң жүйе құрушы элементтерiн қалыптастыру мен құруға бағытталатын болады.";
2-тармақта:
"Инвестициялау және" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының аумағында" деген сөздермен, "венчурлiк қорлар құруға," деген сөздерден кейiн "шетелдiк венчурлiк қорларға инвестициялау," деген сөздермен толықтырылсын;
"(технополистер, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, инновациялық орталықтар)" деген сөздер "(технопарктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бiрiншi абзацта:
"Венчурлiк қорлар" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының аумағында" деген сөздермен, "инвестициялар" деген сөзден кейiн ", шетелдiк венчурлiк қорларға инвестициялау" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қордың қатысуымен" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының аумағында" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзацтағы "Венчурлiк" деген сөздің алдынан "Құрылатын" деген сөзбен толықтырылсын;
сегiзiншi абзацтағы "инновациялық жобаны" деген сөздер "инновациялық жобаларды" сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Шетелдiк венчурлiк қорларға инвестициялау шарттары жекелеген Шарттармен айқындалатын болады.
Қордың шетелдiк венчурлiк қорларға қатысуы Қазақстан аумағындағы венчурлiк қорларға шетелдiк инвестицияларды бұдан әрi тартуға мүмкiндiк бередi және шетелдiк венчурлiк қорлар қол жеткiзген озық тәжiрибеге ие болуды қамтамасыз етедi.";
5-тармақта:
алтыншы абзац "саясатының" деген сөзден кейiн "және технологиялық даму" деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жобада әрекет ететiн, компанияның жарғылық капиталына өтiмдi материалдық активтермен қатысатын стратегиялық инвестордың болуы;";
оныншы абзацта "бақылаусыз қатысу" деген сөздер "Қордың бақылаусыз қатысуы" деген сөздермен ауыстырылсын;
он екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"компаниядағы инвестициялардың нақты белгiленген уақытша шегi және сатып алудың басым құқығы әдетте патент иесiнiң иелiгiнде болатын одан шығу шарттары;";
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"зияткерлiк меншiк түрiндегi компанияның жарғылық капиталына қатысу үлесi компанияның жарғылық капиталының 20%-ынан аспауға тиiс;
Бұл ретте зияткерлiк меншiк түрiндегi компанияның жарғылық капиталына қатысу үлесi мынадай түрде:
патент иесiнiң компанияға қорғау құжаттарынан шегiну туралы шарт жасасқан кезде компанияның жарғылық капиталының 20-на дейiн;
патент иесiнiң компанияға зияткерлiк меншiк объектiсiн қолдану құқығына толық лицензиясын ұсынған кезде компанияның жарғылық капиталының 15%-на дейiн;
патент иесiнiң компанияға зияткерлік меншiк объектiсiн қолдану құқығына айрықша лицензия ұсынған кезде компанияның жарғылық капиталының 10%-на дейiн болып айқындалады.
Компанияның жарғылық капиталындағы үлес ретiнде енгiзiлетiн зияткерлiк меншiк құқығына патентпен куәландырылуы тиiс.";
6-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектiлерiн (технопарктердi, технологиялық бизнес-инкубаторларды) құруға қатысу.";
екiншi абзацтағы "ұлттық инновациялық жүйе элементтерiн" деген сөздер "инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектiлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзацтағы "мен технополистер" деген сөздер алынып тасталсын;
бесiншi абзацтағы "тәжiрибелiк-өнеркәсіптiк үлгiге" деген сөздер "пайдалы үлгi мен өнертабысқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi абзацтағы "(технополис)" және "немесе технополис" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Технологиялық бизнес-инкубаторлар ұлттық және өңiрлiк технопарктер, ғылыми-зерттеу институттары, жоғарғы оқу орындары негiзiнде басымдықпен құрылатын болады.
Технологиялық бизнес-инкубаторлар мынадай функцияларды атқаратын болады:
жас технологиялық компанияларды құру;
инновациялық менеджмент негiздерiн оқыту";
7-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қор гранттық бағдарламалар жүйесi арқылы индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттарында мынадай қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландырады:
"шағын гранттар";
құжаттардың (техникалық-экономикалық негiздеме, бизнес-жоспар және басқа құжаттар) толық жиынтығын дайындау үшiн "жоба алдындағы гранттар";
зерттеулердi аяқтау және пайдалы үлгiге немесе өнертабысқа және өндiрiске беруге дайындығына дейiн жеткiзу үшiн "үлкен гранттар";
шетелде ҒЗТКЖ нәтижелерiне арналған патенттердi ресiмдеу үшiн қажеттi "патенттеуге арналған гранттар".";
"Қор инвестицияларының көздерi" деген 3-бөлiмнiң 3-тармағы "iске асырудан түскен кiрiстерi" деген сөздерден кейiн ", Қор қаражатынан қаржыландырылған ҒЗТКЖ нәтижелерiн қолдана отырып, кейiннен өнiмдi коммерцияландырудан түскен кiрiстер" сөздермен толықтырылсын;
"Инвестициялау туралы шешiм қабылдау тәртiбi" деген 4-бөлiмде:
2-тармақ "Жобалардың сараптамасы" деген сөздерден кейiн "(ҒЗТКЖ-дан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы "Қордың Сараптама кеңесi" деген сөздер "Қор жанындағы Сараптама кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Тәуекелдердi басқару және инвестициялық қоржынды әртараптандыру" деген 7-бөлiмде:
4-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бiр жобаға инвестициялар бойынша лимиттер:
Қордың венчурлiк қорларды құруға қатысу үлесi - 1320 млн. теңгеден аспайды;
Қордың инновациялық жобаларды iске асыратын компаниялардың жарғылық капиталына қатысу үлесi - 658 млн. теңгеден аспайды;
Қордың инновациялық инфрақұрылымның мамандандырылған субъектiлерiн (технопарктi, технологиялық бизнес-инкубаторды) құруға қатысу үлесi - 65,8 млн.теңгеден аспайды;
қолданбалы ҒЗТКЖ-ға гранттар сомасы: жоба алдындағы гранттар - 650 мың теңгеден аспайды, кiшi гранттар - 7,2 млн. теңгеден аспайды, патенттеуге арналған гранттар - 13,2 млн. теңгеден аспайды, үлкен гранттар - 33 млн. теңгеден аспайды.
Мемлекет үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар инновациялық жобаларды iске асыратын компаниялардың жарғылық капиталына Қордың қатысу үлесi Қор акционерлерiнiң жалпы жиналысының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынымы бойынша қабылданған тиiстi шешiмi болған кезде 658 млн.-нан астам теңгенi құрауы мүмкiн.".