Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 мамырдағы N 502 және 2004 жылғы 3 маусымдағы N 615 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 шілдедегі N 776 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:      

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 мамырдағы N 502  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 23-24, 223-құжат):
      4-тармақтың 2) тармақшасының бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "инновациялық инфрақұрылымдардың мамандандырылған субъектiлерiн (технопарктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар) құруға қатысу;";
      2)  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.08.17.  N 776 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі