Қазақстан Республикасының халқын тiркеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
2. Тұрғындарды есепке алу кiтаптары 2008 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады деп белгiленсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.02.27.
N 149
(2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс) қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі 2008 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгі мерзiмде тұрғындарды есепке алу кiтаптарын азаматтарды тiркеу кiтаптарына ауыстыруды жүргiзсiн.
Тұрғындарды есепке алу кiтабын азаматтарды тiркеу кiтабына ауыстыру азаматтың тұрақты тұратын (тiркеу) орны бойынша аумақтық әдiлет органына азамат өтiнiш берген кезде жүргізiледi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.02.27.
N 149
(2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс) қаулысымен.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi және міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 21 шілдедегi
N 761 қаулысымен
бекiтiлген
1. "Тұрғын жайларды айырбастауды ресiмдеу тәртібін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 маусымдағы N 453
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 21, 260-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Тұрғын жайларды айырбастауды ресiмдеу тәртібiнде:
10-тармақтың г) тармақшасында "меншiк иесiнiң отбасы құрамы туралы анықтамалар және" деген сөздер "азаматтарды тiркеу кiтабын берген аумақтық әділет органының мөрiмен расталған азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi және азаматтарға меншiк құқығында тиесілi тұрғын үйдiң (үй бөлiгiнiң), пәтердiң құрамы, жай-күйi және құрамы туралы анықтама" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 2 қыркүйектегi N 1292
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 44, 401-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртiбi туралы нұсқаулықта:
7-тармақтың төртiншi абзацында "1-қосымшаға сәйкес азаматтың отбасының құрамы және тұрған жерi туралы анықтаманы" деген сөздер "азаматтарды тiркеу кiтабын" деген сөздермен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртiбi туралы нұсқаулыққа 1-қосымша алынып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 12 шілдедегi N 1063
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 359-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiнде:
33-тармақта:
екiншi абзацта "тұрғындарды есепке алу" деген сөздер "азаматтарды тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтарды тiркеу кiтабы жеке тұлғаның тұрақты тiркелу орнын және онымен бiрге отбасы мүшелерiнің бiрлесiп тұрып жатқан фактiсiн растайтын құжат болып табылады және заңнамада белгiленген жағдайларда мүдделi органдарға көрсетiледi";
төртiншi абзацта "Тұратын жерi" деген сөздердiң алдынан "Жеке тұлғаны" деген сөздермен, "тiркеуден шығаруды" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ онымен бiрге отбасы мүшелерінің бiрлесiп тұрып жатқан фактiсiн" деген сөздермен толықтырылсын;
35-тармақта "тұрғындарды есепке алу" деген сөздер "азаматтарды тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.08.17. N 777 қаулысымен.
5. <*>
Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің
2006.06.30. N
623
(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. <*>
Ескерту. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.05. N
371
(қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.