Қазақстан Республикасының халқын тiркеудiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі N 761 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының халқын тiркеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап азаматтарды тiркеу кiтаптары қолданысқа енгiзiлсiн.

      2. Тұрғындарды есепке алу кiтаптары 2008 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады деп белгiленсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.02.27.  N 149 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс) қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі 2008 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгі мерзiмде тұрғындарды есепке алу кiтаптарын азаматтарды тiркеу кiтаптарына ауыстыруды жүргiзсiн.
      Тұрғындарды есепке алу кiтабын азаматтарды тiркеу кiтабына ауыстыру азаматтың тұрақты тұратын (тiркеу) орны бойынша аумақтық әдiлет органына азамат өтiнiш берген кезде жүргізiледi.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.02.27.  N 149 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс) қаулысымен.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi және міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2005 жылғы 21 шілдедегi   
N 761 қаулысымен      
бекiтiлген         

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне
енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар

      1.  Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381 Қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.01 № 1420 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 12 шілдедегi N 1063  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 359-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiнде:
      33-тармақта:
      екiншi абзацта "тұрғындарды есепке алу" деген сөздер "азаматтарды тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматтарды тiркеу кiтабы жеке тұлғаның тұрақты тiркелу орнын және онымен бiрге отбасы мүшелерiнің бiрлесiп тұрып жатқан фактiсiн растайтын құжат болып табылады және заңнамада белгiленген жағдайларда мүдделi органдарға көрсетiледi";
      төртiншi абзацта "Тұратын жерi" деген сөздердiң алдынан "Жеке тұлғаны" деген сөздермен, "тiркеуден шығаруды" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ онымен бiрге отбасы мүшелерінің бiрлесiп тұрып жатқан фактiсiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      35-тармақта "тұрғындарды есепке алу" деген сөздер "азаматтарды тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4.  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.08.17.  N 777 қаулысымен. 

      5. <*>
       Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің   2006.06.30. N  623 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. <*>
       Ескерту. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.05. N  371 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.