Қазақстан Республикасының халқын тiркеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгі мерзiмде тұрғындарды есепке алу кiтаптарын азаматтарды тiркеу кiтаптарына ауыстыруды жүргiзсiн.
Тұрғындарды есепке алу кiтабын азаматтарды тiркеу кiтабына ауыстыру азаматтың тұрақты тұратын (тiркеу) орны бойынша аумақтық әдiлет органына азамат өтiнiш берген кезде жүргізiледi.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi және міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 21 шілдедегi
N 761 қаулысымен
бекiтiлген
1. "Тұрғын жайларды айырбастауды ресiмдеу тәртібін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 маусымдағы N 453
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 21, 260-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Тұрғын жайларды айырбастауды ресiмдеу тәртібiнде:
10-тармақтың г) тармақшасында "меншiк иесiнiң отбасы құрамы туралы анықтамалар және" деген сөздер "азаматтарды тiркеу кiтабын берген аумақтық әділет органының мөрiмен расталған азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi және азаматтарға меншiк құқығында тиесілi тұрғын үйдiң (үй бөлiгiнiң), пәтердiң құрамы, жай-күйi және құрамы туралы анықтама" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 2 қыркүйектегi N 1292
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 44, 401-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртiбi туралы нұсқаулықта:
7-тармақтың төртiншi абзацында "1-қосымшаға сәйкес азаматтың отбасының құрамы және тұрған жерi туралы анықтаманы" деген сөздер "азаматтарды тiркеу кiтабын" деген сөздермен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртiбi туралы нұсқаулыққа 1-қосымша алынып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 12 шілдедегi N 1063
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 359-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiнде:
33-тармақта:
екiншi абзацта "тұрғындарды есепке алу" деген сөздер "азаматтарды тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтарды тiркеу кiтабы жеке тұлғаның тұрақты тiркелу орнын және онымен бiрге отбасы мүшелерiнің бiрлесiп тұрып жатқан фактiсiн растайтын құжат болып табылады және заңнамада белгiленген жағдайларда мүдделi органдарға көрсетiледi";
төртiншi абзацта "Тұратын жерi" деген сөздердiң алдынан "Жеке тұлғаны" деген сөздермен, "тiркеуден шығаруды" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ онымен бiрге отбасы мүшелерінің бiрлесiп тұрып жатқан фактiсiн" деген сөздермен толықтырылсын;
35-тармақта "тұрғындарды есепке алу" деген сөздер "азаматтарды тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi өткеру туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 31 мамырдағы N 603
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 16, 174-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеру туралы ережеде:
25-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) азаматтарды тiркеу кiтабын берген аумақтық әдiлет органының мөрiмен расталған азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi;".
5. "Жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 76
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 3, 34-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзу ережесiнде:
Ережеге 1-қосымшада:
Тiзiм жасау жөнiндегi түсіндiрмеде:
1-тармақтың екiншi абзацында "тiркелу карточкалары, пәтер карточкалары мен үй кiтаптары" деген сөздер "азаматтарды тiркеу кiтаптары" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттілер мен шақырылушыларды әскери есепке алу ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 925
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 37, 376-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында әскери мiндеттілер мен шақырылушыларды әскери есепке алу ережесiнде:
7-тармақтың 7) тармақшасының үшiншi абзацында "тұрғылықты жерiнен анықтамалар" деген сөздер "азаматтарды тiркеу кiтабын берген аумақтық әдiлет органының мөрiмен расталған азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 3) тармақшасының үшiншi абзацында "Үй кiтаптарымен (тiркеу карточкаларымен)" деген сөздер "Азаматтарды тiркеу кiтаптарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 4) тармақшасында "үй кiтаптарында" деген сөздер "азаматтарды тiркеу кiтаптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың 1) тармақшасында "үй кiтабында" деген сөздер "азаматтарды тiркеу кiтабында" деген сөздермен ауыстырылсын.