Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 23 мамырдағы N 493 қаулысымен бекiтiлген |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгізiлетiн өзгерiстер
1. "Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешектердiң проблемасын шешу жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2005 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 572-құжат):
1-тармақта:
Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына:
Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, төрайым болып енгiзiлсiн;
көрсетiлген құрамнан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.3. "Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 983 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 39, 400-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, төрайым
Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi, төрағаның орынбасары
Зверьков Вадим Павлович - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары
Диқанбаева Сәуле Әлкейқызы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi
Әбденов Серiк Сақбалдыұлы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту және еңбек пен еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау департаментiнiң директоры;
мына:
"Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасының Ақпарат вице-министрi
Никитинский Евгений Сергеевич - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт агенттiгi төрағасының орынбасары"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрi
Никитинский Евгений Сергеевич - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігiнiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi төрағасының орынбасары";
көрсетiлген құрамнан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы, Отто Иван Иванович, Асанов Жақып Қажыманұлы, Әшитов Батыржан Зайырқанұлы, Волков Алексей Юрьевич, Iзбанов Мұхит Кәрiмұлы шығарылсын.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.