Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы N 493 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 23 мамырдағы  
N 493 қаулысымен     
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгізiлетiн өзгерiстер

      1. "Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешектердiң проблемасын шешу жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2005  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 572-құжат):
      1-тармақта:
      Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына:
      Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, төрайым болып енгiзiлсiн;
      көрсетiлген құрамнан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Yкiметінің заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат):
      1-тармақта:
      Заң жобалау қызметі мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына:
      Кравченко Иван Михайлович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi енгiзiлсiн;
      көрсетiлген құрамнан Баймағанбетов Серiк Нұртайұлы, Лукин Андрей Иванович шығарылсын.

      3. "Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 983 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 39, 400-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
      Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, төрайым
      Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi, төрағаның орынбасары
      Зверьков Вадим Павлович - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары
      Диқанбаева Сәуле Әлкейқызы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi
      Әбденов Серiк Сақбалдыұлы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту және еңбек пен еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау департаментiнiң директоры;
      мына:
      "Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасының Ақпарат вице-министрi
      Никитинский Евгений Сергеевич - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт агенттiгi төрағасының орынбасары"
      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрi
      Никитинский Евгений Сергеевич - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігiнiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi төрағасының орынбасары";
      көрсетiлген құрамнан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы, Отто Иван Иванович, Асанов Жақып Қажыманұлы, Әшитов Батыржан Зайырқанұлы, Волков Алексей Юрьевич, Iзбанов Мұхит Кәрiмұлы шығарылсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.