Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы N 493 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 23 мамырдағы
N 493 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгізiлетiн өзгерiстер

      1. "Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешектердiң проблемасын шешу жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2005 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 572-құжат):

      1-тармақта:

      Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына:

      Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, төрайым болып енгiзiлсiн;

      көрсетiлген құрамнан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.06.2017 № 341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.