Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 478 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471  Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерiн қалыптастыру мен дамыту жөнiндегі жұмыстарды үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 50, 473-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-тармақта:
      Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Тiлеубердин              - Қазақстан Республикасының Премьер-
Алтай Абылайұлы            Министрi Кеңсесiнiң Басшысы, төраға

Сәрсембаев               - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмiрзақ Нұрғалиұлы         Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және
                           инфрақұрылым бөлiмiнiң бас сарапшысы,
                           хатшы

Жуат                     - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Мұратхан Жуатұлы           Әкiмшiлігі Мемлекеттiк құпияларды қорғау
                           және ақпараттандыру бөлiмiнiң меңгерушiсi
                           (келiсiм бойынша)

Дауылбаев                - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Асхат Қайзоллаұлы          орынбасары (келiсiм бойынша)

Баймағанбетов            - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Серiк Нұртайұлы            қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
                           қарсы күрес агенттігi (қаржы полициясы)
                           төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)

Көмекбаев                - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Әли Амантайұлы             қызмет iстерi aгeнттiгi төрағасының
                           орынбасары (келiсiм бойынша)

Сақалов                  - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Болат Зиядаұлы             аппараты басшысының орынбасары (келiсiм
                           бойынша)

Жоламан                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Рүстем Қабидоллаұлы        ақпарат және спорт бiрiншi вице-министрi

Iзмұхамбетов             - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бақтықожа Салахатдинұлы    және минералдық ресурстар бiрiншi вице-
                           министрi

Кесiкбаев                - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Сұлтанғали Қабденұлы       ортаны қорғау бiрiншi вице-министрi

Әбдiқалықова             - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы          халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi

Амангелдиев              - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ардақ Амангелдiұлы         сақтау вице-министрi

Әмiрин                   - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Асқар Кемеңгерұлы          министрi

Асанов                   - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-
Жақып Қажманұлы            министрi

Әбдiмомынов              - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Азамат Құрманбекұлы        ғылым вице-министрi

Сұлтанов                 - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы          және бюджеттік жоспарлау вице-министрi

Зверьков                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Вадим Павлович             министрiнiң орынбасары

Төртаев                  - Қазақстан Республикасы Статистика
Бауыржан Қадырұлы          агенттiгі төрағасының орынбасары

Нефедов                  - Қазақстан Республикасы Табиғи
Алексей Петрович           монополияларды реттеу агенттiгi
                           төрағасының орынбасары

Бөкенов                  - Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары
Қайрат Ахмадиұлы

Долженков                - Алматы облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары
Виктор Анатольевич

Савченко                 - Жамбыл облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары
Александр Георгиевич

Әбдiбеков                - Ақтөбе облысы әкiмiнiң орынбасары
Нұрмұхамбет Қанапияұлы

Бочин                    - Павлодар облысы әкiмiнiң орынбасары
Виктор Захарович

Бортник                  - Маңғыстау облысы әкiмiнiң орынбасары
Михаил Михаилович

Ыдырысов                 - Қызылорда облысы әкiмiнiң орынбасары
Құттықожа Ыдырысұлы

Качало                   - Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
Станислав Павлович         орынбасары

Төлебаев                 - Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары
Марат Еркiнұлы

Тоғжанов                 - Қарағанды облысы әкiмiнiң орынбасары
Ералы Лұқпанұлы

Тұрғымбеков              - Оңтүстік Қазақстан облысының әкiмi
Әуелхан Елтайұлы           аппаратының басшысы

Политкин                 - Ақмола облысының әкiмi аппаратының
Николай Афанасьевич        басшысы

Нақпаев                  - Атырау облысының әкiмi аппаратының
Сәлiмжан Жұмашұлы          басшысы

Мұрзалин                 - Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi
Мәлiк Кеңесбайұлы          аппаратының басшысы

Ко                       - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты
Константин Валентинович    басшысының орынбасары

Бишiғаев                 - "Қазақтелеком" акционерлiк қоғамының
Асқар Дарушұлы             бизнестi дамыту жөнiндегi вице-президентi
                           (келiсiм бойынша)

Молдағалиев              - "Қазпочта" акционерлiк қоғамының
Дәурен Тұманбайұлы         басқармасы төрағасының орынбасары
                           (келiсiм бойынша)

Баишева                  - "Цеснабанк" акционерлiк қоғамының
Вера Ивановна              басқармасы төрағасының орынбасары
                           (келiсiм бойынша)

Өскенбаева               - "Каспий банкi" акционерлiк қоғамының
Анар Максимқызы            басқарушы директоры (келiсiм бойынша)

Шамұратов                - "Қазкоммерцбанк" акционерлiк қоғамының
Ермек Насырединұлы         басқарушы директоры (келiсiм бойынша);

      мына:

"Бектасов                - "Қазақтелеком" ашық акционерлік
Әбен Ағыбайұлы             қоғамының президентi"

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Бектасов                - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Әбен Ағыбайұлы             және байланыс агенттiгiнiң төрағасы,
                           төрағаның орынбасары";

      мына:

"Жақыпов                 - Қазақстан Республикасының Президентi
Мирболат Хабиұлы           Әкiмшiлiгi Кеңсесiнiң Жалпы бөлiмiнiң
                           меңгерушiсi (келiсiм бойынша)

деген жолда "Кеңсесiнiң" деген сөз алынып тасталсын;

      мына:

"Исин                    - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық
Нұрлан Құрманғалиұлы       акционерлiк қоғамы басқармасының
                           төрағасы (келісiм бойынша)"

деген жолда "жабық" деген сөз алынып тасталсын;

      мына:

"Щелконогов              - Қазақстан Республикасының Президентi Iс
Игорь Рудольфович          басқармасының Жалпы бөлiмi ақпараттандыру
                           секторының меңгерушiсi (келiсiм бойынша)"

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Щелконогов              - Қазақстан Республикасының Президентi Iс
Игорь Рудольфович          басқармасының бюджеттiк жоспарлау және
                           қаржылық бақылау бөлiмі ақпараттандыру,
                           компьютерлендiру секторының меңгерушiсi
                           (келiсiм бойынша)";

      көрсетiлген құрамнан Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы, Канешев Бiржан Бисекенұлы, Жандосов Ораз Әлиұлы, Келiмбетов Қайрат Нематұлы, Маханбетәжиев Батыр Әпенұлы, Шалахметов Ғадiлбек Минажұлы, Кәрентаев Ермек Амангелдіұлы, Нәлібаев Әбдiқалық Зәкiрұлы, Рябченко Олег Григорьевич, Ержанов Бақыт Ахметұлы, Молчанов Сергей Николаевич, Могильный Валерий Валентинович, Жақыпбеков Сембек Сәбетұлы, Кан Людмила Михайловна, Степанова Валентина Алексеевна, Құрманов Алмас Мұхаметкәрiмұлы, Дунаев Асқар Ғалиасқарұлы шығарылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегі жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471  Жарлығын  іске асыру мақсатында құрылады";
      2-тармақ алынып тасталсын;
      4-тармақта:
      екiншi абзацтағы "Бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру жөнiндегі жұмыс пен" деген сөздер "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" инфрақұрылымын қалыптастыру мен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацтағы "жоспарлары мен бағдарламаларын қарау және келiстiру" деген сөздер "жоспарлары мен бағдарламалары жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға "ақпараттық қоғам" жағдайында жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтiк құқықтық және әдiснамалық база жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу";
      мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "мемлекеттiк органдардың электрондық қызметтерiн қалыптастыру және дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу";
      бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "деректердi электрондық беру мен алмасудың қазақстандық стандарттарын, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық индустрияның дамуын ынталандыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу";
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "электрондық үкiмет" қызметтерiне қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету, "ақпараттық теңсiздiктi" жою жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде iс-шаралар әзiрлеу";
      алтыншы абзацтағы "бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi" деген сөздер "ақпараттық қоғамды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
      "электрондық үкiмет" инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру және мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру жөнiндегi жұмысты үйлестiру";
      жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн "электрондық үкiмет" қалыптастырудың және "ақпараттық қоғамды" дамытудың проблемалары жөнiнде материалдар мен ұсынымдар дайындау";
      оныншы абзацтағы "Бiртұтас ақпараттық кеңiстiк құрудың тұжырымдамасын iске асыру жөнiнде" деген сөздер "электрондық үкiмет" қалыптастыру, мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру мен "ақпараттық қоғам" дамыту жөнiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он бiрiншi абзацтағы "мекемелермен келiсiм бойынша" деген сөздерден кейiн "ақпараттық қоғамды" қалыптастыру мен" деген сөздермен толықтырылсын, "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру жөнiндегi жұмыс пен" деген сөздер алынып тасталсын;
      он екiншi абзацтағы "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды" деген сөздер "электрондық үкiмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он үшiншi абзацтағы "мемлекеттiк мекемелерде" деген сөздерден кейiн "электрондық үкiметтiң" базалық құрамдас бөлiктерiн, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      он бесiншi және он алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдар мен Комиссияға енгiзiлген өзге де ұйымдардан өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты сұратады және алады;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер шығару, оларды өзгерту немесе олардың күшiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      министрлiктерден, ведомстволардан, кәсiпорындар мен ұйымдардан, ғылыми және зерттеу мекемелерiнен сараптамалар жүргiзу мен консультациялар үшiн келiсiм бойынша тиiстi бейiндегi мамандарды тартады және қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастырады;
      "электрондық үкiмет" қалыптастыру мен мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру жөнiнде жұмыстар жүргiзу үшiн бюджет қаражатын, директивалық кредиттердi және басқа да мемлекеттiк қаржыландыру көздерiн (оның iшiнде қарыздар) пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгізедi";
      "Комиссияның құқығы" деген бөлiмше алынып тасталсын;
      5-тармақтағы "үш" деген сөз "екi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9-тармақтағы "мәжiлiстерiн" деген сөзден кейiн "мәжiлiстiң бекiтiлген жоспарына сәйкес және" деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiне жүктелсiн".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi