1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
РҚАО-ның ескертуі: 1-тармақтың 2) тармақшасының күші жойылады - ҚР Үкіметінің 2007.04.30. N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1) "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы N 926
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 24, 217-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару уәкiлеттi органы болып белгiленсiн.";
2) "Қазақстан Республикасының азаматтарына Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттiк орталықта әлеуметтiк жеке код берудің тәртібiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 1342
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 41, 338-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлеттi ұйымның әлеуметтiк жеке код беру тәртібін бекiту туралы";
мәтінде "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықта", "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi ұйымның", "уәкiлеттi ұйымға" деген сөздермен, мемлекеттік тiлдегi мәтiнде 1-тармақтағы "берудiң" деген сөз "бeру" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтарына Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықта әлеуметтiк жеке код берудiң тәртiбiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлеттi ұйымның әлеуметтiк жеке код беру тәртiбi";
бүкiл мәтiн бойынша "Зейнетақылық орталық", "Зейнетақы орталығынан", "Зейнетақы орталығына", "Зейнетақы орталығы", "Зейнетақы орталығының", "Зейнетақы орталығында" деген сөздер тиiсiнше "Орталық", "Орталықтан", "Орталыққа", "Орталықтың", "Орталықта" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
екіншi, үшiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"уәкілетті ұйым (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны және оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен олардың бөлiмшелерi);
әлеуметтік жеке код (ӘЖК) - азаматқа, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы таралатын адамдарға берiлетiн тұрақты жеке код;";
бесіншi абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"ӘЖК беру туралы куәлiк (бұдан әрi - куәлiк) - азаматтарға Орталық беретiн, ӘЖК-нiң берiлгендiгiн растайтын құжат.";
2-тармақта:
төртіншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мiндеттi, ерiктi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының түсiмдерiн, сондай-ақ мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесiндегi мiндеттi әлеуметтік аударымдарды есепке алу;";
жетiнші абзацтағы "зейнетақы" деген сөзден кейiн "және әлеуметтiк" деген сөздермен толықтырылсын;
3, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Орталық ӘЖК-нi берудi жүзеге асыратын ұйым болып табылады.
4. ӘЖК беру үшiн азаматтар Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерiнде белгiленген нысандағы тiркеу кәртiшкелерiн толтырады.";
5-тармақта:
6) тармақшадағы "(ic жүзiндегi)" деген сөздер алынып тасталсын;
8), 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"8) жеке басын куәландыратын құжаттың түрi (16 жасқа толмаған азаматтар үшін тууы туралы куәлiгi, жеке басының куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, шетелдiк азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты, азаматтығы жоқ адамның куәлiгi) сериясы, нөмiрi, күнi, берілген жерi, кім бергенi;
9) жеке тұлғаның CTH-i;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) кәртiшкенiң толтырылу дұрыстығын тексерген Орталық маманының қолы;";
12) және 13) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) толтырылған күнi.";
6-тармақ алынып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Орталық куәлiктi алғандығына қолын қойған азаматтарға арнаулы бланкiлердегi куәлiктердi тегiн бередi.";
10-тармақ алынып тасталсын;
11-тармақта:
"алушының" деген сөзден кейiн "жазбаша" деген сөзбен толықтырылсын;
12-тармақта "және оларды төлемшiге немесе алушыларға беру үшiн халықты әлеуметтiк қорғау органының жауапты қызметкерлерiне бередi" деген сөздер алынып тасталсын;
13-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, жеке басын куәландыратын, ұсынып отырған құжатына сәйкес тегi, аты, әкесiнiң аты;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) куәлiктi берген құрылымдық бөлiмшенiң атауы;";
мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) тiркелген күнi;
6) куәлiктiң берiлген күні.";
16-тармақтағы "өз бетiнше немесе жұмыс берушi арқылы" деген сөздер алынып тасталсын;
17-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"17. Куәлiк:
тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген;
мәлiметтердiң дәл еместiгi немесе қате екендiгi анықталған;
пайдалануға жарамсыз болған жағдайларда жеке басын куәландыратын ұсынылған құжатқа сәйкес сол бұрынғы ӘЖК нөмiрiмен екiншi қайтара берiледi.";
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Туған күнi өзгерген жағдайларда куәлiк жаңадан берiледi.";
19-тармақта:
3) тармақша "әкесiнiң аты" деген сөздерден кейiн "(олар өзгерген жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы "(ic жүзiндегi)" деген сөздер алынып тасталсын;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Есепке алу кәртiшкесi Орталықта үш жыл бойы сақталады.".