Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы N 926 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 24, 217-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару уәкiлеттi органы болып белгiленсiн.";
2) (күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.30 N 352 (2010.08.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).
2. Осы қаулы алғаш рет pecми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі