Уәкiлеттi ұйымның әлеуметтiк жеке код беру тәртібін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 1342. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.30. N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен

      "Казмежколхозстрой" республикалық бiрлестiгi жоғары басқару органының оны тарату туралы шешiм қабылдауына байланысты:
      1. Ұжымшарлардың, ұжымшараралық құрылыс, жобалау ұйымдарының, құрылыс-индустрия және өзге де ұжымшараралық ұйымдардың өкiлеттi өкiлдерiнiң 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Республикалық жиналысының "Казмежколхозстрой" республикалық бiрлестiгiн тарату туралы шешiмi мақұлдансын және назарға алынсын.
      2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына "Казмежколхозстрой" республикалық бiрлестiгiн таратуды жүзеге асыру кезiнде заңдылықтардың сақталуы жөнiндегi қажеттi шаралар қабылдау ұсынылсын.

      Премьер-Министр