Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.
Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн қалыптастыруға тұжырымдамалық қағидаттарды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. "Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 наурыздағы N 268 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 11, 143-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 10 наурыздағы
N 219 қаулысына
қосымша
Экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды
регламенттейтін мемлекеттік рұқсат беру жүйесін
қалыптастыру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы және бюджеттік жоспарлау министрі,
төраға
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрі,
төрағаның орынбасары
Пердебаева - Қазақстан Республикасы Экономика
Раушан Сарыбекқызы және бюджеттік жоспарлау министрлігінің
Экономика салаларын дамыту департаменті
экономика салаларындағы реттеу саясаты
басқармасының бастығы, хатшы
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрі
Бишімбаев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Қуандық Уәлиханұлы және сауда вице-министрі
Құрманов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Алмас Мұхаметкәрімұлы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Нүсіпова - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Әсем Бекқызы сақтау вице-министрі
Саудабаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Советұлы вице-министрі
Тұрғанов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Дүйсенбай Нұрбайұлы және минералдық ресурстар вице-министрі
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Алик Жатқамбайұлы вице-министрі
Никитинский - Қазақстан Республикасы Туризм және
Евгений Сергеевич спорт министрлігі Туризм индустриясы
комитетінің төрағасы
Мұхамбетов - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Ғабит Мұхамбетұлы сауда министрлігі Техникалық реттеу
және метрология комитетінің төрағасы
Бишіғаев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Асқар Дәруішұлы және байланыс агенттігі төрағасының
орынбасары
Құдайбергенов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ескендір Көпбосынұлы монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының орынбасары
Шаймағамбетов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Еркін Мұстафаұлы ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары
Веснин - Қазақстан Республикасы Төтенше
Виктор Николаевич жағдайлар министрлігінің Төтенше
жағдайларды және өнеркәсіптік
қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау
комитеті төрағасының орынбасары
Есжанов - Қазақстан Республикасы Көлік және
Қанат Бөлебайұлы коммуникация министрлігінің Көліктік
бақылау комитеті төрағасының орынбасары
Жампейісов - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Амангелді Сүйімбайұлы басқару агенттігі төрағасының
орынбасары
Құттыбаев - Қазақстан Республикасы Әділет
Еркін Жұмағатұлы министрлігі Тіркеу қызметі комитеті
төрағасының орынбасары
Сейітов - Қазақстан Республикасы Әділет
Жанат Молдақасымұлы министрлігінің Халыққа құқықтық көмек
және заңгерлік қызмет көрсетуді
ұйымдастыру комитеті төрағасының
орынбасары
Тәжияқов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Бисенғали Шамғалиұлы Банкі Төрағасының орынбасары (келісім
бойынша)
Ермекова - Қазақстан Республикасы Экономика
Несіпбала Әбсағитқызы және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Экономика секторларын дамыту
департаментінің директоры
Жәненова - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Ғалия Мәсәлімқызы және ақпарат министрлігі Әкімшілік-
құқықтық жұмыс департаментінің директоры
Кәменов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Ғалым Нұржанұлы қауіпсіздік комитеті Арнайы ақпарат
қызметінің директоры (келісім бойынша)
Нұрғожаева - Қазақстан Республикасы Білім және
Татьяна Александровна ғылым министрлігі Қаржы департаментінің
директоры
Тәутеев - Қазақстан Республикасы Қоршаған
Әуесбек Зыпашұлы ортаны қорғау министрлігі Реттеудің
рұқсат беру және ынталандыру тетіктері
департаментінің директоры
Қуанғанова - Қазақстан кәсіпкерлері форумы
Гүлнәр Шаймұратқызы атқарушы директорының орынбасары
(келісім бойынша)
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.12.21. N 1264 Қаулыcымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 10 наурыздағы
N 219 қаулысымен
бекiтiлген
Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды
регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн
қалыптастыру мәселелерi жөнiндегi
комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiндегi комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуден тұрады.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
4. Комиссияның негізгi мiндеттерi:
1) экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
2) лицензияланатын жаңа қызмет түрлерiн (кiшi түрлерiн) қысқарту/енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi бойынша қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
5. Комиссияның негiзгі функциялары:
1) мүдделi мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң және қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын талдауды жүзеге асыру және экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн, соның iшiнде лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
2) экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру және лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау болып табылады.
6. Комиссияның:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгiзуге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерін (келiсiм бойынша) Комиссияның құзыретіне енетiн мәселелер бойынша Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарынан (келiсiм бойынша) Комиссияның міндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi анықтамалық-ақпараттық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
7. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарға төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдердiң іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасар орындайды.
8. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi болып табылады.
9. Комиссия отырысының күн тәртібi бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссияның хатшысы жүзеге асырады, ол отырысқа дейiн кемінде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне барлық қажеттi құжаттарды жiбередi.
10. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай және жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады.
11. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданған болып саналады, хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған кезде төраға шешушi дауысқа ие болады.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және комиссияның есеп хатына қоса берiлуi тиiс.
12. Комиссияның шешімдері Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен ұйымдарына Комиссия отырыстарының хаттамаларынан алынған үзінді көшiрмелер түрiнде жеткiзiледi.