Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн қалыптастыруға тұжырымдамалық қағидаттарды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
3. "Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 наурыздағы N 268 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 11, 143-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 10 наурыздағы
N 219 қаулысына
қосымша
Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды
регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру
жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiндегi
комиссияның құрамы
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сауат Мұхаметбайұлы Министрiнiң орынбасары, Қазақстан
Республикасының Индустрия және сауда
министрi, төраға
Әйтекенов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Медiбайұлы және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Боранғалиева - Қазақстан Республикасы Экономика және
Мәрзия Мұханбетрахымқызы бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
Салалық саясат және бағдарламалар
департаментiнiң директоры, хатшы
Таспихов - Қазақстан Республикасының Парламентi
Амангелдi Сатыбалдыұлы Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)
Гамарник - Қазақстан Республикасының Білім және
Геннадий Николаевич ғылым бiрiншi вице-министрi
Жоламан - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Рүстем Қабидоллаұлы ақпарат және спорт бiрiншi
вице-министрi
Отто - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Иван Иванович бiрiншi вице-министрi
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрi
Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Батыржан Зайырқанұлы халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Серiк Нұртайұлы вице-министрi
Бекжанов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Жамбыл Лесбекұлы ортаны қорғау вице-министрi
Жаңбыршин - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Қозы-Көрпеш Есiмұлы министрiнiң орынбасары
Диқанбаева - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Сәуле Әлкейқызы сақтау вице-министрi
Қуандықов - Қазақстан Республикасының Төтенше
Болатбек Баянұлы жағдайлар вице-министрi
Оразбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бiрлiк Есiркепұлы және минералдық ресурстар вице-министрi
Өзбеков - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ғани Нұрмаханбетұлы вице-министрi
Айманбетова - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Гүлбану Зарлыққызы төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Бiрәлиев - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлжан Хамидоллаұлы агенттiгi төрағасының орынбасары
Жампейiсов - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Амангелдi Сүйiмбайұлы басқару агенттiгi төрағасының
орынбасары
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Асқар Қуанышұлы және байланыс агенттiгi төрағасының
орынбасары
Көмекбаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Әли Амантайұлы қызмет iстерi агенттiгi төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша)
Никитинская - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Екатерина Сергеевна қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы)
төрағасының орынбасары
Нұриманов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Мақсат Әнуарбекұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша)
Орымбаев - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ардақ Сиязбекұлы монополияларды реттеу агенттiгi
төрағасының орынбасары
Құсайынов - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Әбiлғазы Қалиақпарұлы сауда министрлiгi Техникалық реттеу
және метрология комитетiнiң төрағасы
Нөгербеков - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Серiк Нөгербекұлы коммуникация министрлiгi Қаржылық
peттeу департаментiнiң директоры
Айсағалиева - Қазақстан кәсiпкерлерi форумының кеңесi
София Серiкбайқызы төрағасының орынбасары (келiсiм
бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 10 наурыздағы
N 219 қаулысымен
бекiтiлген
Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды
регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн
қалыптастыру мәселелерi жөнiндегi
комиссия туралы
ереже
1. Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiндегi комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуден тұрады.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының
Конституциясын
, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
4. Комиссияның негізгi мiндеттерi:
1) экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
2) лицензияланатын жаңа қызмет түрлерiн (кiшi түрлерiн) қысқарту/енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi бойынша қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
5. Комиссияның негiзгі функциялары:
1) мүдделi мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң және қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын талдауды жүзеге асыру және экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн, соның iшiнде лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
2) экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру және лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау болып табылады.
6. Комиссияның:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгiзуге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерін (келiсiм бойынша) Комиссияның құзыретіне енетiн мәселелер бойынша Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарынан (келiсiм бойынша) Комиссияның міндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi анықтамалық-ақпараттық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
7. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарға төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдердiң іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасар орындайды.
8. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi болып табылады.
9. Комиссия отырысының күн тәртібi бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссияның хатшысы жүзеге асырады, ол отырысқа дейiн кемінде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне барлық қажеттi құжаттарды жiбередi.
10. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай және жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады.
11. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданған болып саналады, хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған кезде төраға шешушi дауысқа ие болады.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және комиссияның есеп хатына қоса берiлуi тиiс.
12. Комиссияның шешімдері Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен ұйымдарына Комиссия отырыстарының хаттамаларынан алынған үзінді көшiрмелер түрiнде жеткiзiледi.