Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн қалыптастыруға тұжырымдамалық қағидаттарды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
3. "Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 наурыздағы N 268 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 11, 143-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 10 наурыздағы
N 219 қаулысына
қосымша
Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды
регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру
жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiндегi
комиссияның құрамы
Мәсiмов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Кәрiм Қажымқанұлы орынбасары - Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрi, төраға
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Жарқынбаев - Қазақстан Республикасы Экономика және
Жасер Әзiмханұлы бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
Экономикалық саясат және болжамдау
департаментiнiң директоры, хатшы
Таспихов - Қазақстан Республикасының Парламентi
Амангелдi Сатыбалдыұлы Мәжiлiсiнiң депутаты
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулилы шаруашылығы вице-министрi
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы және ақпарат вице-министрi
Оразбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бiрлiк Есiркепұлы және минералдық ресурстар вице-министрi
Сәрсембаев - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Зейнолла Сәкенұлы ортаны қорғау вице-министрi
Елемесов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Асқар Раушанұлы вице-министрi
Смағұлов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Болат Советұлы және сауда вице-министрi
Үмбетәлиев - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Мәди Тоқтарұлы халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Алик Жатқамбайұлы вице-министрi
Ахметов - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Уәлихан Исаұлы министрлiгi Медициналық қызметтiң
сапасын бақылау комитетiнiң төрағасы
Мұхамбетов - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Ғабит Мұхамбетұлы сауда министрлiгi Техникалық реттеу және
метрология комитетiнiң төрағасы
Айманбетова - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Гүлбану Зарлыққызы Төрағасының орынбасары
Әмiрғалиев - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Азамат Халимиденұлы министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi
төрағасының орынбасары
Веснин - Қазақстан Республикасы Төтенше
Виктор Николаевич жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайларды
және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi
мемлекеттiк бақылау комитетi төрағасының
орынбасары
Жампейiсов - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Амангелдi Сүйiмбайұлы басқару агенттiгi төрағасының орынбасары
Есжанов - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Қанат Бөлебайұлы коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк
бақылау комитетi төрағасының орынбасары
Көмекбаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Әли Амантайұлы қызмет iстерi агенттiгi төрағасының
орынбасары
Нұршабеков - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Ризат Рахатбекұлы және байланыс агенттiгi төрағасының
орынбасары
Орымбаев - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ардақ Сиязбекұлы монополияларды реттеу агенттiгi
төрағасының орынбасары
Сейiтов - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Жанат Молдақасымұлы министрлiгi Халыққа құқықтық көмек және
заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру
комитетi төрағасының орынбасары
Topтaeв - Қазақстан Республикасы Статистика
Бауыржан Қадырұлы агенттiгi төрағасының орынбасары
Бiлiсбеков - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нұрғали Дәулетбекұлы қауiпсiздiк комитетi Экономикалық
қауiпсiздiк департаментiнiң бастығы
Нұрғожаева - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Татьяна Александровна министрлiгi Бюджет департаментiнiң
директоры
Нұржанов - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Қасымтай Бiржанұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы)
Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық
ынтымақтастық департаментiнiң бастығы
Әубәкiров - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Күлiмбай Рахманұлы министрлiгi Бас қаржы инспекциясының
бастығы
Айсағалиева - Қазақстан кәсiпкерлерi форумының
София Серiкбайқызы атқарушы директоры
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.20. N
566
, 2006.12.04. N
1164
қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 10 наурыздағы
N 219 қаулысымен
бекiтiлген
Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды
регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн
қалыптастыру мәселелерi жөнiндегi
комиссия туралы
ереже
1. Экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiндегi комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуден тұрады.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының
Конституциясын
, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
4. Комиссияның негізгi мiндеттерi:
1) экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
2) лицензияланатын жаңа қызмет түрлерiн (кiшi түрлерiн) қысқарту/енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi бойынша қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
5. Комиссияның негiзгі функциялары:
1) мүдделi мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң және қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын талдауды жүзеге асыру және экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн, соның iшiнде лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
2) экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру және лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау болып табылады.
6. Комиссияның:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгiзуге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерін (келiсiм бойынша) Комиссияның құзыретіне енетiн мәселелер бойынша Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарынан (келiсiм бойынша) Комиссияның міндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi анықтамалық-ақпараттық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
7. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарға төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдердiң іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасар орындайды.
8. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi болып табылады.
9. Комиссия отырысының күн тәртібi бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссияның хатшысы жүзеге асырады, ол отырысқа дейiн кемінде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне барлық қажеттi құжаттарды жiбередi.
10. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай және жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады.
11. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданған болып саналады, хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған кезде төраға шешушi дауысқа ие болады.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және комиссияның есеп хатына қоса берiлуi тиiс.
12. Комиссияның шешімдері Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен ұйымдарына Комиссия отырыстарының хаттамаларынан алынған үзінді көшiрмелер түрiнде жеткiзiледi.