Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 197 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi N 712-1 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөніндегi 2003 - 2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 5.3.3.3-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса берiліп отырған Комиссия туралы ереже бекiтілсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Yкiметінің
                                              2005 жылғы 2 наурыздағы
                                                 N 197 қаулысына
                                                     қосымша

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.02.17
N 174 Қаулысымен.

Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссияның құрамы

Школьник            - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Владимир Сергеевич    сауда министрі, төраға

Мұхамбетов          - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
Ғабит Мұхамбетұлы     министрлігі Техникалық реттеу және
                      метрология комитетінің төрағасы, төрағаның
                      орынбасары

Момышев             - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
Талғат Амангелдіұлы   министрлігі Техникалық реттеу және метрология
                      комитеті төрағасының орынбасары, хатшы

Әубәкіров           - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Серік Ғабдолұлы       министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің
                      төрағасы

Асқаров             - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Альберт Мұхтарұлы     министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-
                      эпидемиологиялық қадағалау комитеті
                      төрағасының орынбасары

Веснин              - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Виктор Николаевич     министрлігінің Төтенше жағдайларды және
                      өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау
                      комитеті төрағасының орынбасары

Смағұлов            - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Дәулетбай Оспанұлы    минералдық ресурстар министрлігінің
                      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті
                      төрағасының орынбасары

Могильный           - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Валерий Валентинович  министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының
                      орынбасары

Сабыров             - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Дәлелхан Қамалбекұлы  министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес
                      комитеті төрағасының орынбасары

Баймұратов          - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Әбілхан Есенұлы       байланыс агенттігі Байланыс департаментінің
                      директоры

Брагин              - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Александр Геннадиевич қорғау министрлігі Нормативтік-құқықтық
                      қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық
                      департаментінің директоры

Елеусізова          - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Құралай Болатқызы     байланыс агенттігі Ақпараттық технологиялар
                      департаментінің директоры

Епбаева             - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Айгүл Тоқтарханқызы   Өндіріс статистикасы департаментінің директоры

Жансүгіров          - Қазақстан Республикасы Көлік және
Болат Амангелдіұлы    коммуникация министрлігі Көлік-коммуникация
                      кешенін дамыту департаментінің директоры

Құсайынова          - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Айна Біржанқызы       министрлігі Қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және
                      Дүниежүзілік Сауда Ұйымы департаментінің
                      директоры

Сәлімгереев         - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Мәлік Жаңабайұлы      минералдық ресурстар министрлігі Мұнай
                      өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры

Сарбасов            - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Ақмәди Әділұлы        әлеуметтік қорғау министрлігі Заң
                      департаментінің директоры

Сармузина           - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Раушан Ғайсақызы      минералдық ресурстар министрлігі Мұнай-химия
                      департаментінің директоры

Тоқсейітова         - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Рәбиға Әлібекқызы     министрлігі Мал шаруашылығын дамыту және
                      ветеринариялық қауіпсіздік департаментінің
                      директоры

Бірекешев           - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Серікқали             минералдық ресурстар министрлігінің Газ
Аманғалиұлы           өнеркәсібін дамыту департаменті директорының
                      орынбасары

Жаманова            - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
Нұргүл Рамазанқызы    реттеу агенттігі Темір жол көлігі, азаматтық
                      авиация және порттар саласындағы реттеу
                      департаменті директорының орынбасары

Кәменов             - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік
Ғалым Нұржанұлы       комитеті арнайы ақпарат қызметінің директоры
                      (келісім бойынша)

Тлебаев             - "Инжиниринг және трансферттік технологиялар
Манат Бейшенұлы       орталығы" акционерлік қоғамы Технологиялар
                      трансферті департаментінің директоры

Иса                 - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық
Әбжаппар Үкібайұлы    палатасы Техникалық комитетінің төрағасы
                      (келісім бойынша)

Есмұханова          - "Ұлттық аккредиттеу орталығы" жауапкершілігі
Жеміс Жанұзаққызы     шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім
                      бойынша)

Худова              - Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп
Любовь Николаевна     кәсіпорындары қауымдастығының басқарма төрағасы
                      (келісім бойынша)

Тюгина              - "Астана қаласы кәсіпкерлерінің құқығын қорғау
Ирина Валерьевна      қауымдастығы директорының орынбасары (келісім
                      бойынша)

Цой                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
Игорь Владимирович    министірлігі Индустриялық даму департаментінің
                      директоры

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2005 жылғы 2 наурыздағы
N 197 қаулысымен  
бекiтілген      

Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға
арналған ведомствоаралық комиссия туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және осы ереженi басшылыққа алады.
      3. Комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.

2. Комиссияның негізгi мiндеттерi мен функциялары

      4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу бойынша ұсыныстар жасау;
      2) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын анықтау жөнiнде, техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдер талаптарының орындалуын мемлекеттiк бақылау тетiгiн әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      3) Қазақстан Республикасында сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеуді жетілдіру және дамытуға жәрдемдесу жөнінде ұсыныстар дайындау болып табылады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.02.17 N 174 Қаулысымен.
      5. Комиссияның функциялары:
      1) мемлекеттiк органдардың, шаруашылық жүргізушi субъектiлер мен қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын талдауды жүзеге асыру, техникалық реттеу жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу;
      2) техникалық реттеу саласындағы бiріншi кезектегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау болып табылады.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.02.17 N 174 Қаулысымен.

3. Комиссияның құқықтары

      6. Комиссияның:
      1) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi мемлекеттiк органдардан материалдарды сұратуға және алуға;
      2) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша түсiнiктемелер алу үшiн мемлекеттiк органдардың және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілiгiне қарай тартуға;
      3) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерiн Комиссия отырыстарында тыңдауға;
      4) техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды одан әрi жетілдiру жөнiнде мемлекеттiк органдарға ұсыныстар енгiзуге.

4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      7. Комиссия Төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарға төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауап бередi, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.21. N 790 қаулысымен.
      8. Комиссия мүшелерi ұсынатын кезектi отырыстың күн тәртiбiнiң жобасына енгiзуге арналған мәселелер оларды қарау орындылығының негіздемесiмен отырысты өткiзу жоспарланған мерзiмге дейiн 30 күннен кешiктiрмей электрондық түрде Комиссия хатшысына жiберiледi. Комиссия отырысын өткiзуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, ол отырысқа дейiн 3 күннен кешiктiрмей барлық қажетті құжаттарды Комиссия мүшелерiне жiбередi. Хатшы Комиссияның мүшесi болып табылмайды.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.21. N 790 қаулысымен.
      9. Комиссия отырыстары тоқсанына бiр рет өткiзiледi. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан кезде заңды деп есептеледi.
      10. Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушылардың жалпы санының көпшілiк дауысымен қабылданады және Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi. Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
      1) Комиссия мүшелерi жазбаша түрде баяндалатын және Комиссияның хат-есебiне қоса берілетiн ерекше пiкiрге құқығы бар.
      2) Комиссия отырыстарының өткiзiлу нәтижелерi бойынша барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама жасалады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.21. N 790 қаулысымен.
      11. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның ұйымдастыру мәселелерiн шешедi.