Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 197 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi N 712-1  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөніндегi 2003 - 2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 5.3.3.3-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса берiліп отырған Комиссия туралы ереже бекiтілсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметінің       
2005 жылғы 2 наурыздағы
N 197 қаулысына   
қосымша        

       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.21.  N 790 қаулысымен. 

Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге
асыруға арналған ведомствоаралық комиссияның
құрамы

Школьник                - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич        және сауда министрi, төраға

Мұхамбетов              - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Ғабит Мұхамбетұлы         сауда министрлiгi Техникалық реттеу
                          және метрология комитетiнiң төрағасы,
                          төрағаның орынбасары

Момышев                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Талғат Амангелдiұлы       сауда министрлiгiнiң Техникалық реттеу
                          және метрология комитетi төрағасының
                          орынбасары, хатшы

Әбдiлманов              - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Алмаз Кәкімтайұлы         министрлігінің Штабтар бастықтары
                          комитетi төрағасының орынбасары

Аппарбеков              - Қазақстан Республикасы Төтенше
Серiк Сейiтұлы            жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше
                          жағдайлар саласындағы мемлекеттiк
                          бақылау және қадағалау комитетi
                          төрағасының орынбасары

Мұстафин                - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Ғалым Сұңғатұлы           министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы
                          күрес комитетi төрағасының орынбасары

Оглов                   - Қазақстан Республикасы Төтенше
Вадим Валерьевич          жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше
                          жағдайлар саласындағы мемлекеттiк
                          бақылау және қадағалау комитетi
                          төрағасының орынбасары

Әбденов                 - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Серiк Сақбалдыұлы         халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi
                          Халықты жұмыспен қамту және еңбек
                          туралы әрi еңбекті қорғау туралы
                          заңнаманың сақталуын мемлекеттiк
                          бақылау департаментiнiң директоры

Әлиев                   - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ескендiр Шәмiлұлы         монополияларды реттеу aгенттігі
                          Телекоммуникация және аэронавигация
                          саласындағы реттеу және бақылау
                          департаментінің директоры

Бертісбаев              - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Несіпқұл Бертісбайұлы     минералдық ресурстар министрлiгi Электр
                          энергетикасы және көмiр өнеркәсiбi
                          департаментiнiң директоры

Брагин                  - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Александр Геннадиевич     қорғау министрлiгi Нормативтiк-құқықтық
                          қамтамасыз ету және халықаралық
                          ынтымақтастық департаментінің директоры

Епбаева                 - Қазақстан Республикасы Статистика
Айгүл Тохтарханқызы       агенттігi Қызметтер саласындағы
                          статистика департаментінің директоры

Қожұмұратов             - Қазақстан Республикасы Ауыл
Асылбек Әубәкiрұлы        шаруашылығы министрлiгi Ветеринария
                          департаментiнiң директоры

Могильный               - Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым
Валерий Валентинович      министрлiгi Ғылым департаментiнiң
                          директоры

Сармурзина              - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Раушан Ғайсақызы          минералдық ресурстар министрлiгi
                          Технологиялық даму және мемлекеттік
                          активтердi басқару департаментiнiң
                          директоры

Беклемишев              - Қазақстан Республикасының жабдықтар
Павел Иннокентьевич       өндiрушілер және жер қойнауын
                          пайдаланушылар үшін қызметтер
                          қауымдастығының президентi

Казанцев                - Кәсiпкерлер құқығын қорғау жөнiндегi
Павел Олегович            қауымдастықтың президентi

Худова                  - Қазақстан Республикасының жеңіл
Любовь Николаевна         өнеркәсiп кәсіпорындарын басқару
                          қауымдастығының төрағасы

Әбдiрахманов            - "Қазақстанның машина жасаушылар
Есiркеп Оңланбекұлы       одағы" заңды тұлғалар бiрлестігiнiң
                          атқарушы директоры

Нұршабеков              - Қазақстан Республикасы  Ақпараттандыру
Ризат Рахатбекұлы         және байланыс агенттiгi төрағасының
                          орынбасары

Белоног                 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Анатолий Александрович    министрлiгi Мемлекеттiк
                          санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
                          комитетiнiң төрағасы

Өмiрбаев                - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Нұрланбек Балықбайұлы     коммуникация министрлiгiнiң Көлiк
                          инфрақұрылымын дамыту комитетi
                          төрағасының орынбасары

Исаев                   - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Мұсабек                   минералдық ресурстар министрлiгi Мұнай
                          өнеркәсiбi департаментiнiң директоры

Қуанышбаева             - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Роза Сақтағанқызы         ақпарат министрлiгi Әкiмшiлiк-құқықтық
                          жұмыс департаментiнiң директоры

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2005 жылғы 2 наурыздағы
N 197 қаулысымен   
бекiтілген       

  Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға
арналған ведомствоаралық комиссия туралы
ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және осы ереженi басшылыққа алады.
      3. Комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.

  2. Комиссияның негізгi мiндеттерi мен функциялары

      4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу бойынша ұсыныстар жасау;
      2) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын анықтау жөнiнде, техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдер талаптарының орындалуын мемлекеттiк бақылау және қадағалау тетiгiн әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау болып табылады.
      5. Комиссияның функциялары:
      1) мемлекеттiк органдардың, шаруашылық жүргізушi субъектiлер мен қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын талдауды жүзеге асыру, техникалық реттеу жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
      2) техникалық реттеу саласындағы бiріншi кезектегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау болып табылады.

  3. Комиссияның құқықтары

      6. Комиссияның:
      1) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi мемлекеттiк органдардан материалдарды сұратуға және алуға;
      2) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша түсiнiктемелер алу үшiн мемлекеттiк органдардың және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілiгiне қарай тартуға;
      3) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерiн Комиссия отырыстарында тыңдауға;
      4) техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды одан әрi жетілдiру жөнiнде мемлекеттiк органдарға ұсыныстар енгiзуге.

  4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      7. Комиссия Төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарға төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауап бередi, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.21.  N 790 қаулысымен. 
      8. Комиссия мүшелерi ұсынатын кезектi отырыстың күн тәртiбiнiң жобасына енгiзуге арналған мәселелер оларды қарау орындылығының негіздемесiмен отырысты өткiзу жоспарланған мерзiмге дейiн 30 күннен кешiктiрмей электрондық түрде Комиссия хатшысына жiберiледi. Комиссия отырысын өткiзуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, ол отырысқа дейiн 3 күннен кешiктiрмей барлық қажетті құжаттарды Комиссия мүшелерiне жiбередi. Хатшы Комиссияның мүшесi болып табылмайды.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.21.  N 790 қаулысымен. 
      9. Комиссия отырыстары тоқсанына бiр рет өткiзiледi. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан кезде заңды деп есептеледi.
      10. Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушылардың жалпы санының көпшілiк дауысымен қабылданады және Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi. Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
      1) Комиссия мүшелерi жазбаша түрде баяндалатын және Комиссияның хат-есебiне қоса берілетiн ерекше пiкiрге құқығы бар.
      2) Комиссия отырыстарының өткiзiлу нәтижелерi бойынша барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама жасалады.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.21.  N 790 қаулысымен. 
      11. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның ұйымдастыру мәселелерiн шешедi.