Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. "Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 197 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 
      4-тармақта: 
      2) тармақшада "және қадағалау" деген сөздер алынып тасталсын; 
      2) тармақшадағы "ұсыныстар дайындау" деген сөздерден кейін ";" қойылып мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: 
      "3) Қазақстан Республикасында сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеуді жетілдіру және дамытуға жәрдемдесу жөнінде ұсыныстар дайындау."; 
      5-тармақтың 1) тармақшасы "әзірлеу" деген сөзден кейін "және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу" деген сөздермен толықтырылсын. 
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов 
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 17 ақпандағы 
N 174 қаулысына    
қосымша       
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2005 жылғы 2 наурыздағы 
N 197 қаулысына    
қосымша        
Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссияның құрамы
Школьник            - Қазақстан Республикасының Индустрия және 
Владимир Сергеевич    сауда министрі, төраға 
Мұхамбетов          - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда 
Ғабит Мұхамбетұлы     министрлігі Техникалық реттеу және 
                      метрология комитетінің төрағасы, төрағаның 
                      орынбасары 
Момышев             - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда 
Талғат Амангелдіұлы   министрлігі Техникалық реттеу және метрология 
                      комитеті төрағасының орынбасары, хатшы 
Әубәкіров           - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар 
Серік Ғабдолұлы       министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің 
                      төрағасы 
Асқаров             - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 
Альберт Мұхтарұлы     министрлігінің Мемлекеттік санитарлық- 
                      эпидемиологиялық қадағалау комитеті 
                      төрағасының орынбасары 
Веснин              - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар 
Виктор Николаевич     министрлігінің Төтенше жағдайларды және 
                      өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау 
                      комитеті төрағасының орынбасары 
Смағұлов            - Қазақстан Республикасы Энергетика және 
Дәулетбай Оспанұлы    минералдық ресурстар министрлігінің 
                      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті 
                      төрағасының орынбасары 
Могильный           - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
Валерий Валентинович  министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының 
                      орынбасары 
Сабыров             - Қазақстан Республикасы Ішкі істер 
Дәлелхан Қамалбекұлы  министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес 
                      комитеті төрағасының орынбасары 
Баймұратов          - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және 
Әбілхан Есенұлы       байланыс агенттігі Байланыс департаментінің 
                      директоры 
Брагин              - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны 
Александр Геннадиевич қорғау министрлігі Нормативтік-құқықтық 
                      қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық 
                      департаментінің директоры 
Елеусізова          - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және 
Құралай Болатқызы     байланыс агенттігі Ақпараттық технологиялар 
                      департаментінің директоры 
Епбаева             - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 
Айгүл Тоқтарханқызы   Өндіріс статистикасы департаментінің директоры 
Жансүгіров          - Қазақстан Республикасы Көлік және 
Болат Амангелдіұлы    коммуникация министрлігі Көлік-коммуникация 
                      кешенін дамыту департаментінің директоры 
Құсайынова          - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы 
Айна Біржанқызы       министрлігі Қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және 
                      Дүниежүзілік Сауда Ұйымы департаментінің 
                      директоры 
Сәлімгереев         - Қазақстан Республикасы Энергетика және 
Мәлік Жаңабайұлы      минералдық ресурстар министрлігі Мұнай 
                      өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры 
Сарбасов            - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты 
Ақмәди Әділұлы        әлеуметтік қорғау министрлігі Заң 
                      департаментінің директоры 
Сармузина           - Қазақстан Республикасының Энергетика және 
Раушан Ғайсақызы      минералдық ресурстар министрлігі Мұнай-химия 
                      департаментінің директоры 
Тоқсейітова         - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы 
Рәбиға Әлібекқызы     министрлігі Мал шаруашылығын дамыту және 
                      ветеринариялық қауіпсіздік департаментінің 
                      директоры 
Бірекешев           - Қазақстан Республикасы Энергетика және 
Серікқали             минералдық ресурстар министрлігінің Газ 
Аманғалиұлы           өнеркәсібін дамыту департаменті директорының 
                      орынбасары 
Жаманова            - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды 
Нұргүл Рамазанқызы    реттеу агенттігі Темір жол көлігі, азаматтық 
                      авиация және порттар саласындағы реттеу 
                      департаменті директорының орынбасары 
Кәменов             - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік 
Ғалым Нұржанұлы       комитеті арнайы ақпарат қызметінің директоры 
                      (келісім бойынша) 
Тлебаев             - "Инжиниринг және трансферттік технологиялар 
Манат Бейшенұлы       орталығы" акционерлік қоғамы Технологиялар 
                      трансферті департаментінің директоры 
Иса                 - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық 
Әбжаппар Үкібайұлы    палатасы Техникалық комитетінің төрағасы 
                      (келісім бойынша) 
Есмұханова          - "Ұлттық аккредиттеу орталығы" жауапкершілігі 
Жеміс Жанұзаққызы     шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім 
                      бойынша) 
Худова              - Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп 
Любовь Николаевна     кәсіпорындары қауымдастығының басқарма төрағасы 
                      (келісім бойынша) 
Тюгина              - "Астана қаласы кәсіпкерлерінің құқығын қорғау 
Ирина Валерьевна      қауымдастығы директорының орынбасары (келісім 
                      бойынша) 
Цой                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда 
Игорь Владимирович    министірлігі Индустриялық даму департаментінің 
                      директоры