Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қарашадағы N 197х қаулысы

Қолданыстағы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысы осы қаулының қосымшасына сәйкес N 3-1-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң 15 қарашадағы   
2004 жылғы N 197х қаулысына 
қосымша         

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң        
2003 жылғы 26 желтоқсандағы 
N 1327 қаулысына   
3-1-қосымша      

101 Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

         Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2004 жылға арналған тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау"
004 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 10485 мың теңге (он миллион төрт жүз сексен бес мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 шiлдедегi Конституциялық Заңы, "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi Заңы, "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы, "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы, "Мемлекеттік саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмi мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiн бекiту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiнiң мұражайын құру туралы" 2004 жылғы 28 тамыздағы N 1431 Жарлығы, "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41  қаулысы.
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: тарихи-мәдени мұраны сақтауды, есепке алуды, жинақтауды, зерделеу мен пайдалануды қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тарихи-мәдени құндылықтардың республикалық деңгейде сақталуын қамтамасыз ету.
      6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары:

__________________________________________________________________
N  |Бағдарла.|Кiші   |Бағдар. |Бағдарламаларды (кiшi|Iске |Жауапты
p/c|маның    |бағдар.|ламалар |бағдарламаларды) iске|асыру|орындау.
   |коды     |ламаның|дың     |асыру жөніндегі іс-  |мер. |шылар
   |         |коды   |(кiшi   |шаралар              |зiмi |
   |         |       |бағдар. |                     |     |
   |         |       |ламалар.|                     |     |
   |         |       |дың)    |                     |     |
   |         |       |атауы   |                     |     |
__________________________________________________________________
1      2         3       4             5                6     7
__________________________________________________________________
1     004             Тарихи-  Қазақстан Республи.    жыл  Қазақстан
                      мәдени   касы Тұңғыш Прези.     бой. Республи.
                      құнды.   дентiнiң Мұражайын 40  ына  касы
                      лықтар.  бiрлiк штат саны            Тұңғыш
                      ды сақ.  шегінде ұстауды             Прези.
                      тау      қамтамасыз ету.             дентінің
                               4 факс және 6 қағаз         мұражайы
                               жою аппараттарын
                               сатып алу.
__________________________________________________________________
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң өмiрiне, мемлекеттік және қоғамдық қызметiне қатысты материалдарды кешендi түрде жинау, жүйелеу, сақтау, зерттеу және жұртшылыққа танымал ету негiзiнде тарихи-мәдени және әлеуметтiк-саяси ақпаратты жинақтау және зерделеу процесін мәдениеттану және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.