Ескерту. Тақырыбына және кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.28 N 743 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның 5-бабын және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның (бұдан әрі - Конвенциялар) 5-бабының 1-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Конвенциялардың ережелерiн орындауға уәкілеттi орталық және өзге де мемлекеттiк органдардың мынадай тiзбесi белгіленсiн:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі - жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды тіркеу, сондай-ақ әділет органдарынан және нотариустардан шығатын өзге де ресми құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі – прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша, миграциялық және ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылатын басқа да мәселелер бойынша;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы мемлекеттік архивінен шығатын архивтік анықтамалар мен архивтік құжаттардың көшірмелер бойынша, сондай-ақ прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі – азаматтар мен халықтың денсаулығын сақтау саласындағы құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі – дәрменсіздігі туралы банкроттық рәсімі қозғалған заңды тұлғалардың берешегін төлеуге байланысты мемлекеттік органдардың сұрау салулары мен азаматтардың қолдаухаттары бойынша, жеке және заңды тұлғалардың резиденттігін немесе осы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін растайтын құжаттар бойынша, сондай-ақ прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;
Қазақстан Республикасы-Мәдениет және спорт министрлігі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелері бойынша;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша) – прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап ететін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер, қылмыстық істер жөніндегі үкімдерді (шешімдерді) тану және орындау туралы қолдаухаттар, сондай-ақ прокуратура органдарының құзыретіне жатқызылатын құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша) – ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жатқызылатын құжаттар бойынша, сондай-ақ прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша) – прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ өзінің құзыретіне жатқызылатын құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты (келісу бойынша) – Қазақстан Республикасы соттарының, шетел мемлекеттері соттарының тапсырмалары, азаматтық және отбасылық істер бойынша соттардың шешімдерін тану және орындау туралы қолдаухаттар бойынша;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша) – өздерінің құзыретіне жатқызылатын, прокурордың және тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – еңбек өтілі туралы құжаттар, сондай-ақ өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өзге де құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі – білім туралы құжаттар, сондай-ақ өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге де құжаттар бойынша.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.28 N 743, 2010.09.30 № 1009; 02.04.2014 N 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2014.12.10 № 1295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2019 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк органдар Конвенцияның ережелерiн орындауға уәкілеттi аумақтық органдардың тiзбелерiн белгілесiн.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiне Конвенциялардың ережелерiн орындауға уәкілеттi орталық және аумақтық мемлекеттiк органдардың тiзбелерi туралы хабарласын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің | |
міндетін атқарушы |