Ескерту. Тақырыбына және кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.28 N 743 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның 5-бабын және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның (бұдан әрі - Конвенциялар) 5-бабының 1-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Конвенциялардың ережелерiн орындауға уәкілеттi орталық және өзге де мемлекеттiк органдардың мынадай тiзбесi белгіленсiн:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі - жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды тіркеу, сондай-ақ әділет органдарынан және нотариустардан шығатын өзге де ресми құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi - прокурордың санкциясы талап етiлмейтiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға байланысты құжаттар, көшi-қон және iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты құжаттарды қоспағанда, iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң арнайы мемлекеттiк мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерi бойынша;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі - өзінің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі әлеуметтік-құқықтық сипаттағы құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі - дәрменсіздігі туралы конкурстық іс қозғалған заңды тұлғалардың берешекті төлеуіне байланысты мемлекеттік органдардың сұрау салуы мен азаматтардың өтініштері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың резиденттігін растайтын құжаттар немесе осындай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері бойынша;
Қазақстан Республикасы-Мәдениет және спорт министрлігі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелері бойынша;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы (келiсiм бойынша) қылмыстық iстер бойынша iс жүргізу әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты мәселелер, прокурордың санкциясы талап етiлетiн жедел-iздестiру iс-шаралары және прокуратура органдарының құзыретiне жататын құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) - iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты құжаттарды қоспағанда, ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретiне жататын құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі - іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыруға байланысты құжаттарды қоспағанда, өзінің құзыретіне жататын құжаттар бойынша;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) – соттардың шешімдерін және өзге ресми құжаттарын орындауға байланысты Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының тапсырмалары, жеке және заңды тұлғалардың қолдаухаттары бойынша.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.28 N 743, 2010.09.30 № 1009; 02.04.2014 N 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2014.12.10 № 1295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк органдар Конвенцияның ережелерiн орындауға уәкілеттi аумақтық органдардың тiзбелерiн белгілесiн.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiне Конвенциялардың ережелерiн орындауға уәкілеттi орталық және аумақтық мемлекеттiк органдардың тiзбелерi туралы хабарласын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы