Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1453 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы N 743 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрылсын.

      2. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекітуді және оларды әділет органдарында тіркеуді;
      2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4.  (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339 Қаулысымен).
      5. Осы қаулы 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2007 жылғы 28 тамыздағы  
N 744 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балаларды қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      Ескерту. Қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2013 N 411 қаулыcымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз).