Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Бағдарламаның iске асырылуына жауапты мемлекеттiк органдар мен мүдделi ұйымдар жыл сайын 5 қаңтарға және 5 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiне (келiсiм бойынша) оның орындалуы туралы есептердi ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi (келiсiм бойынша) жыл сайын қаңтарда және шiлдеде Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiне (келiсiм бойынша) жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1385 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар
рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға
арналған бағдарламасы
1. Бағдарламаның (негiзгi көрсеткiштерi) паспорты
Атауы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын
дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы
Әзiрлеушiлер Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрлiгi,
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi,
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Басты мақсаты Қазақстанның бағалы қағаздар рыногын одан әрi
дамыту, оны ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн
қамтамасыз ету, бағалы қағаздарды шығару үшiн
мүмкiндiктердi кеңейту, инвесторлардың құқығын
қорғау және адал бәсекелестiктi қамтамасыз ету
Негiзгі бағалы қағаздар рыногын қазiргi заманғы талаптарға
мiндеттерi сай келтiру;
инвестициялаудың ұжымдық нысандарын дамыту үшiн
қолайлы жағдайлар жасау;
инвестициялау үшiн бағалы қағаздарды шығару үшiн,
оның iшiнде мемлекеттiң, туынды бағалы қағаздардың
кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген коммерциялық бағалы
қағаздар, жобалық облигациялар шығару үшiн жағдайлар
жасау, сондай-ақ корпорациялық басқару нормаларын
енгiзу және "Секьюритилендiру туралы" заң жобасын
қабылдау арқылы мүмкiндiктердi кеңейту;
бағалы қағаздар рыногының институционалдық
инфрақұрылымын және бағалы қағаздар рыногында
салық салу режимiн одан әрi жетiлдiру;
бағалы қағаздар рыногының тетiктерiн пайдалану,
оның iшiнде компаниялардың ұйымдасқан рынокта өз
бағалы қағаздарының листингi арқылы
шаруашылық субъектiлерiнiң капиталды тартуын
ынталандыру;
эмитенттiң инвесторлардың құқықтары мен
мүдделерiн сақтауына қадағалау жүйесiн жетiлдiру.
Күтiлетiн Бағдарламаны iске асыру:
нәтиже Инвестициялаудың ұжымдық нысандарын дамытуды
ынталандыруға, экономиканың нақты секторларына
инвестициялауды дамыту және оның ауқымын
кеңейту мақсатында инвесторлардың қаражатын
жұмылдыру үшiн инвестициялық қорларды құруға және
дамытуға;
тұрғындардың инвестициялық мәдениетiнiң
деңгейiн арттыруға;
бағалы қағаздар рыногы саласында Қазақстанда
сертификатталған халықаралық
инвестициялық талдаушылардың келуiне қажеттi
жағдайлар жасау арқылы кадр әлуетiн жақсартуға;
эмитенттер мен басқа бағалы қағаздар
рыногына қатысушыларының ақпаратты ашу тәртiбiн
жетiлдiруге;
инвестициялаудың мүмкiндiктерiн кеңейту;
бағалы қағаздар рыногына қатысушыларды қадағалау мен
реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал етедi.
Қажеттi Бағдарламаны iске асыру қолданыстағы қаржыландыру
ресурстар және нормалары шегiнде тиiстi нормативтiк құқықтық
қаржыландыру кесiмдердi жетiлдiру арқылы қамтамасыз етiлуi
көздерi мүмкiн, сондай-ақ мөлшерi 2007 жылдың
бюджетiнде айқындалатын тұрғындарға қажеттi бағалы
қағаздар рыногы туралы оқыту бағдарламаларын
қаржыландыруға республикалық бюджеттен қаражат
талап етедi.
Iске асыру 2005-2007 жылдар
мерзiмi
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Қаржы министрлiгi) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) және Қазақстан Республикасының Президентi өткiзген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің есебі туралы" мәжiлiсте (2004 жылғы 26 сәуiрдегі N 01-8.1 хаттама) және 2004 жылғы 15 қарашада Алматы қаласында өткен Қазақстан қаржыгерлерiнiң IV конгресiнде Қазақстан Республикасының Президенті берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірледі.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 658 қаулысымен бекiтiлген алдыңғы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасымен (бұдан әрi - 1999-2000 жылдарға арналған Бағдарлама) сабақтастық негiзiнде, оны iске асыру барысында анықталған бағалы қағаздар рыногының қазiргi жай-күйiн, негiзгi мақсаттарын және оны тиiмдi дамыту жөнiндегi мiндеттердi ескере отырып қалыптастырылды.
3. Қазақстанның бағалы қағаздар рыногының қазiргi
жай-күйiн талдау
Қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздары
Қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздары (бұдан әрi - МБҚ) бағалы қағаздар рыногында негiзгi өтiмдi және тәуекелсiз құралдары болып табылады.
МБҚ рыногы қазiргi уақытта айналыс мерзiмi, инвесторлық базасы, сыйлықақы есептеу тәсiлi мен инфляциялық процестерден қорғалуы жағынан ерекшеленетiн құралдарды қамтиды.
1-кесте
МБҚ даму серпiнi
Жылдар |
Мемлекеттік бағалы қағаздардың атауы, айналыс мерзiмдерi, ай |
Орналас- |
|||||
2000 |
МЕККАМ3, 6, |
ҰЖО 12 |
МЕОКАМ24, 36 |
МЕИКАМ9, 18 |
МЕКАВМ6, 9, 12 |
61 278,4 |
|
2001 |
МЕККАМ3, 6, |
МЕОКАМ |
МЕИКАМ |
25 929,8 |
|||
2002 |
МЕККАМ3, 6, |
МЕОКАМ |
МЕИКАМ18, |
51 766,4 |
|||
2003 |
МЕККАМ3, 6 |
МЕОКАМ |
МАОКО |
105 113,2 |
Көзi: Қаржы министрлiгi
Үкiметтiк қарыз алу көлемдерiнiң өсуi, шығарудың жалпы санын қысқарта отырып, МБҚ айналыс мерзiмiн бiртiндеп ұзарту және орналастыру көлемдерiн ұлғайту МБҚ-дың айналыстағы көлемiн ұлғайтуға алып келдi. Қазiргi уақытта бiр жылдан бес жылға дейiнгі айналыс мерзiмi бар құралдар iшкi үкiметтiк борыш құрылымының неғұрлым көп көлемiн алады және жинақтаушы зейнетақы қорларының тарапынан сұранысқа ие неғұрлым ұзын құралдардың белгiлі бiр жетiспеушiлiгi бар (2-кесте).
2-кесте
2001-2003 жж. МБҚ-дың айналыс көлемi
млрд. теңге
Айналыстағы МБҚ |
1.01.02 ж. |
1.01.03 ж. |
1.01.04 ж. |
бiр жылға дейiн |
2,13 |
2,49 |
5,33 |
бiр жылдан бес жылға дейiн |
33,85 |
76,51 |
135,08 |
бес жылдан жоғары |
34,66 |
29,47 |
25,24 |
Барлығы |
70,64 |
108,462 |
168,65 |
Көзi: Қаржы министрлiгi
Инвестициялау үшiн ең тартымды құралдардың бiрi болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк бағалы қағаздарына қатысты Бюджет кодексiнде оларды тек республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру және үкiметтiк борышты қайта қаржыландыру мақсаттарында ғана шығару көзделгенiн атап өткен жөн. Сондықтан да МҚБ эмиссиясының көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет тапшылығының мөлшерiне байланысты.
Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк
эмиссиялық бағалы қағаздары
МБҚ мәртебесi бар қазақстандық жергiлiктi атқарушы органдарының облигациялар рыногы 1999 жылғы шiлдеден бастап өз қызметiн бастады. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында iшкi рынокта қарыз алуды жүзеге асырады.
Қолданыстағы заңдарға сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарының облигацияларын бастапқы орналастырудың барлығы Қазақстан қор биржасында жүргiзiлдi.
Жергiлiктi атқарушы органдарының облигациялары орналастырыла бастағаннан берi қағаздардың айналыс мерзiмiнiң ұлғаю және қарыз алу құнының төмендеу үрдiсi байқалды (3-кесте).
3-кесте
Жергiлiктi атқарушы органдарының облигациялар
рыногы көрсеткiштерiнiң өзгерісі
Жыл |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
Айналыс мерзiмi, жыл |
1 |
1 |
1-5 |
3-4 |
4-5 |
Орта өлшемдегi кiрiстiк, % |
13,85 |
10,99 |
8,82 |
8,70 |
8,50 |
Орналастыру көлемi, |
850,00 |
649,90 |
6779,10 |
3299,20 |
4692,90 |
Көзi: Қаржы министрлiгi
2005 жылдан бастап жергiлiктi атқарушы органдарға iшкi
рынокта мемлекеттiк бағалы қағаздар шығару түрінде қарыз алуға тыйым салынатын болады.
Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноталары
1995 жылдан бастап Ұлттық Банк ақша базасын жедел реттеудің негiзгi құралына айналған қысқа мерзiмдi ноталарын шығара бастады. Ноталар дегенiмiз дисконтталған материалсыздандырылған бағалы қағаз. Ұлттық Банктің ноталары МБҚ болып табылады және бағалы қағаздар рыногында еркін айналыста.
Ноталар бастапқыда айналымның мерзiмiне - 7-ден 91 күнге дейін ие болды. Айналыстың қысқа мерзiмдерi екi себепке негiзделдi: біріншіден, ақша базасын реттеуге байланысты шаралардың қысқа мерзiмдiлiгiне, екiншiден, олар Үкiметтiң бағалы қағаздарымен бәсекелестiкке түспеуі керек едi.
1999 жылғы сәуірде, теңгенің еркін құбылмалы бағамының режимiн енгiзу кезеңiнде валюталық ноталар (соның ішінде, бiр жолғы тәртiппен - зейнетақы активтерін қорғау үшін 35 күндiк айналысымен арнайы валюталық ноталар) шығарылды.
Біртіндеп, Қаржы министрлігінің өзiнiң бағалы қағаздарының айналыс мерзімдерін ұлғайтуына қарай Ұлттық Банк ноталардың айналыс мерзiмiн де біртіндеп ұлғайта бастады. Қазiргі уақытта ноталар 1 жылға дейiнгi айналыс мерзімімен шығарылады.
Үкіметтің бағалы қағаздарының таза эмиссиясының едәуір төмендеуiндегі қаржы рыногында өтiмдiлiктiң жоғары деңгейі Ұлттық Банк банктердің шектен тыс өтiмдiлiгiн ретке келтіру үшiн 1999 жылға қарағанда (132,5 млрд. теңгеге дейiн) қысқа мерзiмдi теңге ноталарын 2 еседен көп шығаруға әкеп соқты. Бұл айналыстың барлық мемлекеттік теңге қағаздарының құрылымындағы Ұлттық Банктің ноталар (бұдан әрi - ҚҰБ ноталары) үлесiнiң ұлғаюына әкелді. Қазір ноталар рыногы бағалы қағаздар рыногының айтарлықтай сегментiн құрайды (1-сурет).
1-сурет
ҚҰБ ноталарын шығару көлемдерінің өсу серпiні
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
Ең алдымен шетелдiк валютаның көп құйылып түсуiне негізделген инфляцияның 2003 жылғы өсу үрдiсi 2004 жылдың 1-шi жарты жылдығында да жалғастырылды. Бұл ноталарды шығару көлемiнiң ұлғаюына негiз болды.
2004 жылдың 1-шi жарты жылдығында Ұлттық Банк қысқа мерзiмдi
ноталарды 262,7 млрд.теңге сомасына шығарды, ал олардың айналыстағы көлемi 57,0%-ғa 311,8 млрд. теңгеге дейiн ұлғайды. Бұдан басқа, 392,8 млрд. теңге мөлшерiнде репо операциялары жүргiзiлдi.
Нәтижесiнде, Ұлттық Банктiң бағалауы бойынша 2004 жылдың 1-шi жарты жылдығында қысқа мерзiмдi ноталарды шығарумен және репо операцияларын жүргiзумен тазартылған шетелдiк валютаны сатып алу көлемi 65-70%, соның iшiнде 1-тоқсанда - 70-75%, 2-тоқсанда - 60-65% құрады.
Қайталанған рыноктың жеткiлiктi дамымағандығынан Ұлттық Банкте мынадай проблемалар:
1) бағалы қағаздар портфелiн қалыптастыру проблемасы және нәтижесiнде,
2) ашық рынокта операцияларды жүргiзу көлемдерiн кеңейту күрделiлiгi,
3) Ұлттық Банктiң ресми ставкаларының реттейтiн функцияларын күшейтуге байланысты қиындықтар туындайды.
Қазiргі уақытта Ұлттық Банк ашық рыноктың операцияларын жүргiзу мүмкiндiгiнiң шектеулiлiгiн инфляция бойынша белгiленген деңгейлерге қол жеткiзу үшiн Ұлттық Банк банктiң қолма-қол ақшасын 1 реттейтiн негiзгі құралдары болып табылатын қысқа мерзiмдi ноталарды шығарумен өтейдi.
____________________
1 Банктің қолма-қол ақшасы - коммерциялық банктер өз клиенттерінің ағымдағы күн сайынғы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшiн жинақтайтын қолма-қол ақша
Институционалдық инфрақұрылым
2001-2004 жылдар кезеңiнде бағалы қағаздар рыногының институционалдық инфрақұрылымының сандық көрсеткiштерi тұрақты болып қалды, бұл негiзiнен Қазақстанның бағалы қағаздар рыногының институционалдық инфрақұрылымының қалыптасқанының және оның қазiргi кезеңдегi сұраныстарына сай екендiгiнiң куәсi.
4-кесте
Бағалы қағаздар рыногының институционалдық
инфрақұрылымы
Тиiстi лицензиясы бар ұйымдардың саны |
01.01. |
01.01.02. ж |
01.01. |
01.01.04. ж |
01.04. |
Брокерлер-дилерлер |
51 |
51 |
50 |
52 |
54 |
оның iшiнде: |
|||||
банктер |
25 |
23 |
23 |
23 |
24 |
олардың І санаттағылары |
20 |
19 |
20 |
21 |
22 |
банктiк eмec ұйымдар |
26 |
28 |
27 |
29 |
30 |
олардың I санаттағылары |
20 |
22 |
21 |
23 |
23 |
Тiркеушiлер |
23 |
22 |
21 |
19 |
19 |
Кастодиандар |
12 |
11 |
10 |
10 |
10 |
Зейнетақы активтерiн |
7 |
8 |
9 |
10 |
10 |
Жинақтаушы зейнетақы қорлары |
16 |
15 |
15 |
16 |
16 |
Инвестициялық портфельдi басқарушылар |
2 |
3 |
4 |
10 |
10 |
ӨРҰ |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
Көзi: Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігi
Сонымен қатар Қазақстандық бағалы қағаздар рыногында консервативтi үлгiдегi институционалдық инвесторлардың - жинақтаушы зейнетақы қорлары басым болуына байланысты оны консервативтi деп сипаттауға болады.
Мұндай жағдайларда неғұрлым икемдi және мемлекет барынша аз реттейтiн бәсекелестер теңгерiм жасауы тиiс, инвестициялық қорлар олардың бастысына айналуы керек. "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бiрiншi жеке меншiк қорлар да тiркелген. Кәсiпқой басқарушылары бар инвестициялық қорлар құру iшкi жинақтардың тұрақты өсуi, оларды экономиканың нақты секторына тиiмдi тарту қажеттiгi және Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздігін қамтамасыз ету жағдайларында әсiресе маңызды.
Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногының негiзгi
көрсеткiштерi
Акциялар рыногы
Соңғы үш жылда қазақстандық бағалы қағаздар рыногы сыйымдылығының өсуi байқалуда. 2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша акциялар рыногын капиталдандыру бiр жылда 66,4%-ға ұлғайып, 347,5 млрд. теңге 1 құрады, бұл көрсеткiштiң Қазақстанның жалпы iшкi өнiмi көлемiндегi үлес салмағы 7,8%-ды құрайды. Ұйымдастырылмаған рынок жөнiндегi мәлiметтердiң болмауына байланысты акциялар рыногын капиталдандыруды тұтастай айқындау мүмкiн емес.
_________________
1 қазақстан қор биржасының мәлiметтерi бойынша
Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген акцияларды капиталдандырудың аталған қазақстандық компаниялардың рыноктық құнының өсуiн көрсететiн өсуi, бiрiншiден, листингтiк компаниялардың 2 жарғылық капиталдарының (орналастырылған акциялар санының) өсуiмен, екiншiден, осы акциялар құнының өсуiмен және үшiншiден, биржаның ресми тiзiмiне енгiзiлген акциялар санының ұлғаюымен негiзделген.
_________________
2 листингтік компаниялар - бағалы қағаздары ресми тiзiмге енген эмитенттер ("Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ мүшелерi жиналысының 2002 жылғы 6 ақпандағы N 1 шешiмiмен бекiтiлген листингтiк ереже)
Қазақстан қор биржасы 2000 жылғы 2 шiлдеде KASE_Shares индексiн құрды, ол "А" санатындағы биржаның бағалы қағаздарының ресми тiзiмi акцияларының эмитенттерiн рыноктық капиталдандыруды есепке алғандағы сұранысының баға белгілеуiнiң өзгеруiн көрсетедi. 5-кестеде KASE_Shares индексiнiң Қазақстандағы акциялар рыногының құбылмалылығын бейнелейтiн жыл соңындағы мәнi көрсетiлген.
5-кесте
KASE_Shares индексi
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
|
KASE Shares |
106,3562 |
103,9173 |
40,1721 |
142,4260 |
Көзi: Қазақстан қор биржасы
Сонымен қатар Қазақстандағы ұйымдастырылған рыноктың қазақстандық компанияларының капиталдануы мен оның жалпы iшкi өнiмге қатынасы өте төмен деңгейде қалып отыр және баяу өсуде. Әлемдiк тәжiрибеде акциялар рыногын капиталдандырудың жалпы iшкi өнiмге ара қатынасы: Ұлыбританияда - 107%-ды, АҚШ-та - 103%-ды, Ресейде - 51%-ды, Германияда - 33%-ды, дамушы рыноктар үшiн - орта есеппен 25%-ды құрайды. Салыстыру үшiн төменде бағалы қағаздары Қазақстандағы жалғыз қор биржасы болып табылатын Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiне қосылған компаниялардың және үлесiне Ресейдiң алдыңғы қатарлы биржаларының жиынтық айналымының 80%-ы тиетiн Мәскеу банкаралық валюта биржасын (бұдан әрі - МБВБ) капиталдандыру көрсеткіштері келтірілген.
6-кесте
Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының және
МБВБ-ның ресми тiзiмдерiне қосылған компанияларды
капиталдандыру көрсеткiштерi
Қазақстан қор биржасын капиталдандыру 1 |
МБВБ-сын |
||||
млн, теңге |
млрд. |
Қазақ- |
млрд. |
Ресей Феде- |
|
2001 |
181718,198 |
1,204 |
5,59 |
66 |
21 |
2002 |
208991,201 |
1,341 |
5,58 |
92 |
27 |
2003 |
347519,994 |
2,425 |
7,81 |
150 |
35 |
Көзi: 1 - қазақстан қор биржасы
2 - МБВБ - www. hatt//miсех.ru.
Осылайша, республика экономикасындағы бағалы қағаздар рыногының рөлi мардымсыз болып табылады, Қазақстанның бағалы қағаздар рыногын төмен деңгейде капиталдандыру және оны кәсiпорындардың кәсiпорынның экономикасына инвестициялар тарту тетiгi ретiнде бағаламауы оның елеулi проблемалары болып қалуда.
Ұйымдастырылған рыноктың қазақстандық P/E (баға/кiрiс) көрсеткiшi де осының куәсi, бұл көрсеткiшке сәйкес Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiнiң акциялары еуропа елдерi мен Ресейдiң тиiстi көрсеткiштерiне қатынасы бойынша айтарлықтай жеткiлiксiз бағаланған.
7-кесте
Басқа елдермен салыстырғанда
Қазақстандағы Р\Е коэффициентi
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
|
Қазақстан 1 |
2,59 |
2,21 |
2,32 |
|
Ресей 2 |
2,44 |
4,31 |
4,93 |
|
Еуропалық |
16,5 |
18,9 |
Көзi: 1 - Қазақстан қор биржасы
2 - Ресейдiң БҚФК
Корпорациялық облигациялар рыногы
1999 жылдан бастап алғашқылары биржаның ресми тiзiмiне 1999 жылғы 1 ақпанда енгiзiлген биржалық рыноктың корпорациялық облигацияларын дамыту басталды. Сол жылы (7 шiлдеде) жергiлiктi атқарушы органдарының облигацияларын орналастыру жөнiнде бiрiншi аукцион өткiзiлдi.
2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұйымдастырылған рыноктың корпорациялық облигацияларын капиталдандыру бiр жылда
96,5%-ға ұлғайып, 373,0 млрд. теңге (2,6 млрд. АҚШ долларын) құрады, бұл жалпы iшкi өнiмнiң 8,4%-ын құрайды. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған рыноктың айналыстағы қазақстандық корпорациялық облигацияларының жыл соңындағы көлемi екi есе аз және 182,5 млрд. теңге (1,27 млрд. АҚШ долларын) құрайды.
8-кесте
Қазақстандық корпорациялық
облигациялар көлемi
жылдар |
Ұйымдастырылған рынок- |
Шығаруға жарияланған корпорациялық облига- |
||||
млн. теңге |
млрд. АҚШ |
Қазақ- |
млн. |
млрд. |
Қазақстан Республи- |
|
2001 |
88085,555 |
0,58 |
2,7 |
236442 |
1,57 |
7,3 |
2002 |
184793,523 |
1,19 |
4,9 |
284639 |
1,83 |
7,5 |
2003 |
364329,671 |
2,54 |
8,2 |
379104 |
2,6 |
8,5 |
Ескертпе:
1 - Қазақстан қор биржасының мәлiметтерi бойынша, басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес, оның iшiнде қатысушылары (акционерлерi) SPV деп аталатындардың (Special Purpose Vehicle/ "Арнайы кәсiпорындардың") эмитент-резиденттерi болып табылатын шетелдiк ұйымдарды пайдаланумен эмитенттелген облигацияларды қоса алғанда.
2 - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі мәліметтері бойынша
9-кесте
Айналыстағы қазақстандық және ресейлiк
корпорациялық облигациялар көлемi
Жылдар |
Айналыстағы қазақстандық |
Айналыстағы ресей- |
|||
млн. |
млрд. |
Қазақ- |
млрд. |
Ресей Федера- |
|
2001 |
28475,3 |
0,19 |
0,88 |
2,23 |
0,7 |
2002 |
91890,4 |
0,59 |
2,4 |
3,42 |
0,9 |
2003 |
182493 |
1,27 |
4,1 |
5,30 |
1,2 |
1 - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi мәлiметтерi бойынша
2 - Ресейдiң БҚФК-тiң мәлiметтерi бойынша
Корпорациялық облигациялар iс жүзiнде қазақстан экономикасына бағалы қағаздар рыногы арқылы инвестициялар тартудың негiзгi құралы болып табылады. Алайда 2004 жылғы 1 сәуiрдегі жағдай бойынша облигациялардың қолданыстағы шығарылу саны бар-жоғы 75-тi құрады, бұл акционерлiк қоғамдарда (бұдан әрi - АҚ), жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлігі бар серiктестiктер де бола алатын әлеуеттi эмитенттердiң жалпы санының өте аз үлесi. Бұл ретте облигациялардың 48 шығарылымы (29 эмитент) "А" санаты бойынша және облигациялардың 11 шығарылымы (11 эмитент) "В" санаты бойынша Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлдi.
Инвесторлардың эмитенттерге сенiмiнiң жетiспеушiлiгi және капиталдандырылған компаниялардың шектеулi саны облигациялар эмитенттерiнiң санын ұлғайтуға кедергi болып табылуы мүмкiн. Сонымен қатар бұл рынок сегментi жыл сайын 100%-дан аса ұлғайып, айтарлықтай серпiндi дамуда және үлестiк рынокқа қарағанда оның перспективалары зор.
10-кесте
Эмиссиялық бағалы қағаздардың биржалық айналысы,
млрд. теңге (акциялардың мемлекеттiк пакеттер
секторын және репо секторын қоспағанда)
2001 жыл |
2002 жыл |
2003 жыл |
2004 жыл |
|
Акциялар |
12,08 |
21,76 |
40,20 |
8,96 |
Корпорация- |
24,97 |
40,32 |
89,89 |
31,32 |
Көзi: Қазақстан қор биржасы
Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногындагы мәмiлелер көлемiнiң ұлғаюы негiзгi инвесторлар - жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрi - ЖЗҚ), банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерi ресми тiзiмдерге қосылған бағалы қағаздарға орналастырылуы тиiстiгiнiң нәтижесi болып табылады. Акциялардың және корпорациялық облигациялардың биржалық саудасы көлемiнiң тұрақты өсуi, сондай-ақ iрi институционалдық инвесторлар тарапынан сұраныстың ұлғаюы биржалық айналыстардың өсу үрдiсiнiң сақталуын болжауға мүмкiндiк бередi.
11-кесте
Бағалы қағаздар айналымының жылдамдығы
Жылдар |
Ұйымдастырылған рынок |
Ұйымдастырылмаған рынок |
||||
Акциялар |
Обли- |
Акциялар |
Облигаци- |
|||
Барлығы |
Оның |
Бар- |
Оның |
|||
2001 |
0,01 |
0,01 |
0,08 |
2,03 |
0,21 |
0,240 |
2002 |
0,03 |
0,01 |
0,13 |
3,70 |
0,03 |
0,003 |
2003 |
0,23 |
0,03 |
0,41 |
3,12 |
0,15 |
0,001 |
Көзi: Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi
Эмитенттер
Акциялар рыногының жеткiлiксiз белсендiлiгi және листингтiк компаниялардың өте аз саны, 2004 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiнде - 77, Қазақстанның бағалы қағаздар рыногының әлсiз жақтарының бiрi болып табылады. Салыстыру үшiн, Ресейде 300-гe жуық. Алдыңғы қатарлы әлемдiк қор биржаларының листингтiк компанияларының саны: Нью-Йорктiкi - 2366 (2002 жылы), Токионiкi - 2153 және Лондондiкi - 2824.
2004 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiне ("А" және "В" санаттары) жұмыс iстеп тұрған 2875 акционерлiк қоғамның (бұдан әрi - АҚ) тек 49-ының акциялары қосылған, бұл олардың жалпы санының 1,6%-ын құрайды. Салыстыру үшiн Ресейде жұмыс iстеп тұрған 20462 АҚ акцияларының шамамен 300-i биржалардың ресми тiзiмдерiне қосылған, бұл олардың жалпы санының 1,5%-ын құрайды.
12-кесте
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттыққа
жiберiлген бағалы қағаздар
Санаттар тiзiмi |
Бағалы қағаздардың шығарылу саны |
||||
2003 ж. |
2003 ж. |
2003 ж. |
2004 ж. |
2004 ж. |
|
"А" санаты |
24 |
30 |
32 |
33 |
37 |
"В" санаты |
24 |
22 |
24 |
28 |
30 |
Тiзiм бойынша |
48 |
52 |
56 |
61 |
67 |
Көзi: Қазақстан қор биржасы
2004 жылғы маусымнан бастап Қазақстанда Moody's Investors Service және "Интерфакс" Халықаралық ақпарат тобының (Interfax Information Services Group) құрылтайшылығымен "Moody's Интерфакс Рейтингтiк Агенттiгi" (Moody's Interfax Rating Agency) жұмыс iстей бастады.
Standard & Poor's Credit Market Services Қазақстан рыногында бiрқатар RatingsDirect, RatingsXpress, CreditWire, CreditWeek LossStats Database, CreditPro CrossWalk, CreditRisk Tracker және тағы басқалар сияқты ақпараттық-талдамалық өнiмдердi алға жылжыту туралы бастама көтердi. Аталған өнiмдер әлемде үлкен сұранысқа ие және атап айтқанда, орталық және коммерциялық банктердiң, реттеушi органдардың, инвесторлар мен активтердi басқарушылардың кредиттiк және қаржылық талдаушыларының жұмысында табысты қолданылады.
Қазiр Қазақстан қор биржасында эмитентте Standard & Poor's, Moody's, Fitch рейтингтiк агенттiктердiң бiрi немесе одан да көбiнiң берген қарыз алушының шетел валютасындағы ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингтiк бағасы болса, қазақстандық қор биржасында бағалы қағаздарды листингке енгiзудiң ("А" санатының ресми тiзiмiне енгiзу немесе ресми тiзiмнiң "В" санатынан "А" санатына ауыстырудың) жеңiлдетiлген рәсiмi белгiленген.
Агенттiк жүргiзген сұрау барысында Листингтiк компаниялардың жұмсаған шығындарының ұсынылған көрсеткiштерiн талдау бастапқы ұсыныс жүргiзу, сондай-ақ бағалы қағаздарды сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тiзiмiнде қолдау едәуiр шығындармен қатар жүретінін көрсетті.
Қазақстандық компаниялардың транзакциялық шығыны:
Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізiміне енгiзiлген "А" санаты бойынша АҚ-дар үшiн транзакциялық шығындар 1 :
бiр жолғы - 376 мың теңгеден 114 млн. теңгеге дейiндi;
жыл сайынғы - 4,9 млн. теңгеден 61,5 млн. теңгеге дейiндi;
жиынтық - 8,2 млн. теңгеден 157,7 млн. теңгеге дейiндi құрайды.
______________
1 Транзакция - ақша қаражатын қандай-да бiр мақсаттар үшiн аударудан тұратын операциялар
Жыл сайынғы мiндетті шығындардың орташа көрсеткіші 22,4 млн. теңге құрайды, бұл листингтік компанияның меншiктi капиталының орташа мәнiнiң 0,06%-ын және бiр жылдағы жалпы шығыстардың орташа мәнiнiң 0,32%-ын құрайды.
Инфрақұрылымдық ұйымдардың қызметтерiне ақы төлеу: қаржы консультанттарына, аудиторларға ("үлкен төрттiк" және Қазақстан Республикасы резиденттерінің корпорациялық бағалы қағаздары үшiн - Дүниежүзiлiк Банктiң Қазақстан Республикасында Дүниежүзiлiк Банк кредиттерінің немесе гранттарының есебiнен iске асырылатын жобалардың аудитi мақсатында аудиторлық ұйымдар үшін белгіленген өлшемдерiне сай келетiн аудиторлық ұйымдардың кез келгені), андеррайтерлерге, маркет-мейкерлерге 1 (мiндеттi талап) төленетiн комиссиялық сыйлықақылар (қаржылық емес ұйымдар үшін мiндеттi талап), сондай-ақ АҚ қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына (бұдан әрі - ҚЕХС) көшуiмен - бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу және орнатумен, мамандарды оқытумен байланысты бір жолғы шығындар Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген "А" санаты бойынша компаниялар шығындарының аса iрi баптары болып табылады. Заңдар талаптарына сәйкес өз қызметi туралы ақпаратты жариялау шығыстардың маңызды бабын құрайды.
_____________________
1 маркет-мейкер - оны биржа мүше ретiнде таныған және
биржаның iшкi құжаттарына сәйкес бағалы қағаздар бойынша өзiне екi жақты котировкаларды тұрақты жариялау және қолдау жөнiнде мiндеттеме алған биржа мүшесі
Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген "В" санаты бойынша АҚ-дар үшін транзакциялық шығындар:
бiр жолғы - 550 мың теңгеден 6,9 млн. теңгеге дейiндi;
жыл сайынғы - 261,1 мың теңгеден 15,5 млн. теңгеге дейiндi;
жиынтық - 305,8 мың теңгеден 22,3 млн. теңгеге дейiндi құрайды.
Жыл сайынғы мiндеттi шығындардың орташа көрсеткiшi 3,7 млн. теңге құрайды, бұл компанияның меншiктi капиталының орташа мәнiнiң 0,1%-ын және бiр жылдағы жалпы шығыстардың орташа мәнiнiң 0,5%-ын құрайды.
Листингтiк емес АҚ үшiн жыл сайынғы шығындардың орташа мәнi 260,3 мың теңге құрайды, бұл АҚ-ның ең аз жарғылық капиталының 0,6%-ын құрайды.
Келтiрiлген мәлiметтер АҚ шығындары акцияларды Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiнiң ең жоғары санатына қосқан кезде айтарлықтай өсетiнiн куәландырады. Бұл ретте бағалы қағаздардың ресми тiзiмге қосылуы және болуы жөнiндегi Қазақстан қор биржасының тарифтерi ресейлiк биржа алаңдарының тарифтерiнен едәуiр артық (13-кесте).
13-кесте
Бағалы қағаздарды ресейлiк iрi биржа алаңдарында
және Қазақстан қор биржасында орналастыру тарифтерi
Р/с |
Шығын бабы |
РТҚ 1 |
МIСЕХ 2 |
Қазақстан қор |
1 |
Листинг рәсiмiн өту: |
|||
- құжаттарға |
0 |
бағасы |
100 АЕК (680 АҚШ |
|
- бағалы қағаздарды рес- |
0 |
"А" баға белгiлеу парағы: |
шығару көлемi- |
|
- бағалы қағаз- |
0 |
"А" баға белгiлеу парағы: |
шығару көлемi- |
|
2 |
Комиссиялық |
мәміле |
орналасты- |
мәміле көлемiнiң 0,05%-ы |
Ескертпе:
1 - РТҚ-тың мәлiметтерi бойынша - www.rts.ru
2 - МБВБ-ның мәлiметтерi бойынша - www. http://micex.ru
3 - Қазақстан қор биржасының мәлiметтерi бойынша
Алайда Қазақстан қор биржасындағы листингтік ережелерде листингтiк компанияның немесе оның бағалы қағаздарына рұқсат беру бастамашысының бастапқы листингтiк алымды төлегеннен кейiн бағалы қағаздар ресми тiзiмге қосылған күннен бастап үш ай iшiнде Биржада осындай бағалы қағаздарды орналастыру немесе сауда-саттық ұйымдастырғаны үшiн Биржаның комиссиялық алымын төлемей оларды сатып алу жөнінде мамандандырылған сауда-саттық жүргiзу құқығы көзделген.
Акциялар шығаруды тіркеу жөнiндегi уақыт шығындары көп емес -
10-нан 15 күнге дейiн, дегенмен бiр шығару акцияларын орналастыруға жұмсалатын уақыт шығындары қомақты болып табылады - 2-ден 12-айға дейiн және одан да көп (кейбiр жағдайда бiрнеше жылға дейiн), бұл оларды инвестициялық тартымдылығының төмен екендiгiнiң куәсi.
Қорытындылар
Тұтастай алғанда бағалы қағаздар рыногы капиталдандырудың төмен деңгейiмен, МБҚ-ға тәуелдiлігімен, РЕПО операцияларының басым
болуымен, туынды бағалы қағаздардың дамымауымен және рынок қатысушылары санының шектеулiлiгiмен сипатталады.
Қазақстан рыногында компанияларды бақылауды сақтап қалу үшiн iрi акционерлердiң компаниялар акцияларының ауқымды пакеттерін сатып алу жағдайлары басым. Кейiннен бұл акциялар сатылмайды. Осылайша, халықаралық талдаушылар қабылдаған нормаларға сәйкес бұл акциялар рынокқа қатыспайды деп есептеуге болады. Облигациялардың да жағдайы осыған ұқсас - институционалдық инвесторлар оларды, әдеттегiдей, өтеуге дейiн ұстап тұрады. Бұл қазақстандық бағалы қағаздар рыногының алып-сатарлық құрамы жоқ екендiгiнiң және бағалы қағаздармен мәмiлелердiң сирек сипатының куәсi.
Кәсіпорынды дамытуды қаржыландыру негізінен кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен және екінші деңгейдегi банктерден алынған қарыздар есебiнен жүзеге асырылатыны қазақстандық экономиканың ерекшелiгі болып табылады, мұны Ұлттық Банк жүргiзген және шамамен 400 акционерлiк қоғамдар қамтыған мониторинг растайды.
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпанында экономиканың "АҚ" секторында жүргiзiлген тексерiстiң және алынған 2003 жылғы 4-тоқсан (нақты) мен 2004 жылғы 1-тоқсан (күтiлетiн) көрсеткiштерiн бағалау нәтижесi бойынша, 2003 жылғы 4-тоқсанда АҚ капиталының құрылымында мiндеттемелермен салыстырғанда меншiктi капиталдың басып өсуі есебiнен өзiн-өзi қаржыландыру деңгейiнiң өсуi байқалды. Қысқа мерзiмді төлем қабiлеттiлiгi көрсеткiштерi жақсарды, меншiктi қаражаты есебiнен АҚ инвестициялық белсендiлігі айтарлықтай жоғары болды. Тиiсiнше, АҚ бағалы қағаздарды шығару жолымен капитал тартуы ағымдағы кезеңде өткiр қажеттілік болып табылмайды немесе оны менеджменттiң енжарлығы тежейдi.
Әлемдiк практикада ұсақ және орта кәсiпорындар қарыз алу үшiн негiзiнен банк кредиттерiн пайдаланатынын және тек iрi компаниялар ғана бағалы қағаздарды шығару жолымен қарыз алатынын атап өткен жөн. Қазақстанда акцияларды 1 миллиард теңгеден астам сомаға орналастыруды жүзеге асырған АҚ-дар саны 140-ты құрайды, бұл ретте олардың 28-i ғана Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiне қосылған. Эмитенттердiң қаржы есептiлiгiнiң жетiлмеуi, компаниялар ашықтығының жеткiлiксiздiгi, ұйымдастырылған рынокқа шығумен байланысты қомақты шығасылар бағалы қағаздар рыногын дамытуды ұстап тұратын факторлар болып табылады деп болжауға болады.
Жоғарыда баяндалған талдау жақын арадағы перспективада қазақстандық бағалы қағаздар рыногын жандандырудың және оның өтiмдiлiгiнiң өсуiн күтпеуге болатындығы туралы қорытынды шығаруға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар, мемлекеттiк емес облигациялар рыногының сапалық және сандық даму үрдiсi сақталады. Екi жүз жылдық тарихы бар рыноктық экономикасы дамыған көптеген елдерде қалыптасу мен бастапқы белсендi өсу және негiзгi капиталды iрi меншiк иелерi арасында бөлудi аяқтау кезеңiнен кейiн бағалы қағаздар рыногы (немесе акциялар рыногы) капитал тартудың және қаражатты қайта бөлудiң негiзгi тетiгi рөлiн атқаруды доғарады.
Мұндай елдерде мемлекеттiк peттeу және корпорациялық басқару дамудың неғұрлым кеш сатысында енгiзiлгенiн атап өткен жөн. Ал бұрынғы социалистiк елдердiң бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы болса мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру негiзiнде бiрден мемлекеттiк реттеу шарттарында жүргiзiлдi, ол жүргiзiлгеннен соң және жаңадан құрылған компанияларға капиталды бастапқы тартудан кейiн бағалы қағаздар рыногының жандануы көзделмейдi.
Сонымен қатар қаржы рыноктары даму үстiндегi елдердiң тәжiрибесi рыноктық экономиканы дамытудың алғашқы 10-15 жылы iшiнде кәсiпорындарды сыртқы қаржыландырудың негiзiнен борыштық сипаты бар екендiгiн және тек осыдан кейiн ғана акцияларды орналастыру арқылы үлестiк қаржыландыру жанданатынын көрсетедi. Қазақстандық бағалы қағаздар рыногында осындай жағдай қалыптасып отыр.
Дамыған инфрақұрылымның, жетiлдiрiлген электронды сауда-саттық жүйесiнiң және Орталық депозитарийдiң болуы, экономиканы дамытудың қарқынын қазақстандық бағалы қағаздар рыногының мықты жақтары болып табылады.
Қазақстандық бағалы қағаздар рыногының қазiргi жай-күйiн, оның бағалы қағаздардың жетiспеушiлiгiмен және активтер жинақталуының жоғары деңгейiмен, институционалдық инвесторлардың инвестициялау құралдарына сұранысымен және жеке инвесторлар әлеуетiмен негiзделген негiзгi үрдiстерiн, сондай-ақ елдiң экономикалық өсуiнiң жоғары қарқындарын ескере отырып, осы Бағдарламада бағалы қағаздар рыногын дамытудың негiзгi бағыттары ретiнде: iшкi инвесторларды дамыту, бағалы қағаздарды шығару үшiн мүмкiндiктердi ұлғайту, инвесторлардың шетелдiк бағалы қағаздарға қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салық салу тәртiбiн, инфрақұрылымның техникалық мүмкiндiктерiн, корпорациялық басқару мен мемлекеттік реттеудi жетiлдiру айқындалды.
Қазiргі уақытта Қазақстанда трансфер-агенттiктер желiсi дамымаған. Банкаралық есептеудiң қазақстандық орталығының есептік-техникалық мүмкiндiктерiн пайдаланумен "Қазпочта" АҚ базасындағы жалпы республикалық трансфер-агенттiк желiсiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мәселесi бұрын көтерiлгенiн айтып өту қажет. Осы iс-шараны орындау үшiн мынадай құжаттар қабылданды:
- "Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың және почта-жинақ жүйесiн қалыптастырудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 15 қарашадағы N 1716 қаулысы және Бағдарламаның бiрiншi сатысын іске асыру жөнiндегi 2000-2001 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары.
Аталған бағдарламада "Қазпочта" АҚ трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия алуы көзделген. Алайда, бiрқатар себептерге байланысты "Қазпочта" АҚ мұндай лицензия алуға дайын болмай шықты;
- трансфер-агенттердiң құрылуы мен жұмыс iстеуiне жағдайлар белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттiк қызметтi лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 қыркүйектегi N 350 және "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 29 қыркүйектегi N 349 қаулысы.
Бұдан басқа, трансфер-агенттiк қызмет талаптарына оларды оңтайландыру мақсатында талдау жүргiзу қажет.
Қаржы рыногын, қаржы институттарының түрлерi мен санын арттыру, халықтың жинақтарын бағалы қағаздар рыногына тарту жөнiндегi жоспарларды дамытуда, оның iшiнде " Бағалы қағаздар рыногы туралы " және " Акционерлiк қоғамдар туралы " Заңдарды жетiлдiру жолымен инвесторлардың құқығын қорғауды көтеру қажеттiлігі туындайды. Отандық және шетелдiк инвесторлар өздерінiң құқықтары қорғалған екендігіне сенiмдi болуы тиiс.
Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң аффилиирленген адамдар мен iрi қатысушылар туралы ақпараттарды ашумен байланысты, ең алдымен миноритарлық, инвесторлардың құқығын қорғау жөнiндегi заңнаманың талаптарын бұзу мүмкiндiгiн болдырмау, қазақстандық бағалы қағаздар рыногының ЕурАзЭқ, БЭК және Қазақстан мүшесі болып табылатын басқа да халықаралық қоғамдастықтар шеңберiнде шетелдiк рыноктармен тиiмдi бiрiктiру бойынша кедергiлердi жою, олардың клиенттерiнiң заңды құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша iрi банк қатысушыларына, жинақтаушы зейнетақы қорларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) компанияларына қатысты уәкiлеттi органның бақылау-қадағалау функцияларын қамтамасыз ету мақсатында номиналды ұстаушы клиенттер туралы ақпаратты беру тәртiбiн жетiлдiру қажет.
Осы мақсатта "Акционерлiк қоғамдар туралы" мен "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңдарға бiрқатар түзетулер дайындалды, олар қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауында.
Атап айтқанда, "Акционерлiк қоғамдар туралы" Заңға енгiзуге ұсынылған түзетулер мынадай бағыттарды қамтиды:
- ұғымдарды нақтылайды:
дауыс берушi акциялар, бұл ретте номиналды ұстаушыдағы және орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде мәлiмет жоқ меншiк иесiне тиесiлi дауыс берушi акциялар қатарынан шығарып тастайды;
- аффилиирленген тұлға және аффилиирленген тұлғалардың тiзiмiн жүргiзу тәртiбi;
- номиналды ұстаушының мiндетi тiркеушiнiң және орталық депозитарийдiң талабы бойынша клиенттердiң талаптарына қарамастан, оның номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы мәлiметтердi бepу;
инвесторлардың кең ортасын ең аз шығын жұмсау арқылы хабарландыру кезiнде акционерлiк қоғамдардың пайдалану мақсатында бұқаралық ақпарат құралдар (электрондықты қоса алғанда) ұғымын енгiзедi;
- қоғамды халықтық деп таныған күннен бастап, бiр жыл iшiнде оны корпорациялық басқару кодексiн әзiрлеу мен бекiтуге мiндеттейдi;
- қоғамды өзiнiң қызметi туралы ақпаратты акционерлердiң алдында ғана емес, мүдделi тұлғалар - олардың талаптары бойынша әлеуеттi инвесторлардың алдында да ашуға мiндеттейдi;
- акционерлердiң жалпы жиналысында акциялардың құнын, қоғам оларды сатып алған кезде анықтайтын әдiстемесiн бекiту қажеттiлiгiн белгiлейдi;
- акцияларды сатып алу және өз акцияларын қоғам кепiлге қабылдау, акционерлердiң жалпы жиналысында дауыс берудi ұйымдастыру рәсiмдерiн нақтылайды;
- мәжiлiсте қарауға мәселелер енгiзген адамды мiндеттi шақырумен директорлар кеңесiнiң мәжiлiсiн өткiзудi мiндеттейдi;
- акционерлердiң жалпы жиналысына ұсынылатын жылдық қаржы есептiлiктi аудиторлық есеппен растау мiндеттiлiгiн белгiлейдi және тиiсiнше жариялау әрi уәкiлеттi органға ұсыну үшiн;
- iрi акционердiң аудиторлық ұйымды дербес айқындау құқығын және қоғамның аудиторлық ұйым сұраған барлық қажеттi құжаттаманы (ақпаратты) ұсынуға мiндетiн белгілейдi.
" Бағалы қағаздар рыногы туралы " Заңға ұсынылатын өзгерiстердi енгiзу үшін:
- бағалармен айла-шарғы жасау ұғымын және бағалармен айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмiлелердi тану негізiн, сондай-ақ осындай мәмiлелердi жасаудың құқықтық салдарын нақтылау;
- эмитенттің бағалы қағаздарды шығарудың шарттары мен тәртiбiн, оларды орналастыру мен өтеуiн бұзған кезде шараларды;
- жарияланған акцияларды шығаруды мемлекеттiк тiркеуiн жарамсыз деп тану немесе ерiксiз тарату туралы сот шешiмiн қабылдаған жағдайда акцияларды шығарудың күшiн жою туралы шешiмдi қабылдау бөлiгiнде уәкiлеттi органның өкiлеттiктерiн нақтылау;
- тiркеушi мен орталық депозитарийдiң жарамсыз мәмiлелердi жасауды болдырмау мақсатында уәкiлеттi органның осы бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған сәттен бастап, бағалы қағаздарды орналастыру жөнiнде мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұру мiндетi;
- бағалы қағаздар рыногында коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер ұғымын нақтылау;
- бағалы қағаздарды ұстаушыларға эмитенттiң жалпы жиналысын өткiзу, бағалы қағаздар бойынша пайданы төлеу, сондай-ақ шығарылатын бағалы қағаздар туралы хабарлау жөнiндегi тiркеушiнiң функцияларын нақтылау;
- эмитенттiң Инвесторлардың мүддесiне қатысты қызметiнiң өзгергені туралы жариялау мерзiмдерiн нақтылау көзделiп отыр.
Бұдан басқа, инвесторлардың құқықтарын қорғауды арттыру мақсатында басқа да заңнамалық актiлерге түзетулер енгiзу талап етiледi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамыту, оның ашықтығы мен тиiмдi қызмет етуiн бағалы қағаздар шығару үшiн мүмкiндiктердi кеңейтудi, инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және адал бәсекелестіктi қамтамасыз ету Бағдарламаның басты мақсаты болып табылады.
Бағдарламаның осы мақсатын iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
1) бағалы қағаздар рыногын қазiргі заманғы талаптарға сай келтiру;
2) инвестициялаудың ұжымдық нысандарын 1 дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
3) инвестициялау үшiн бағалы қағаздар шығару үшiн мүмкiндiктердi, соның iшiнде мемлекеттiк кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген жобалық облигациялар, туынды бағалы қағаздар шығару, сондай-ақ корпорациялық басқару нормаларын енгiзу және "Секьюрителендiру туралы" заң жобасын қабылдау жолымен кеңейту;
4) бағалы қағаздар рыногының институционалдық инфрақұрылымын және бағалы қағаздар рыногындағы салық салу режимiн одан әрi жетiлдiру;
5) бағалы қағаздар рыногының тетiктерiн пайдалану жолымен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң капитал тартуын, соның iшiнде ұйымдастырылған рынокта компаниялардың бағалы қағаздарының листингiн ынталандыру;
6) эмитенттердiң инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн сақтауын қадағалау жүйесiн жетiлдiру.
________________
1 инвестициялаудың ұжымдық нысандары - инвестициялық қорлар, жинақтаушы зейнетақы қорлар
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары
мен тетiктерi
5.1. Инвесторларға қатысты саясат
5.1.1. Iшкi институционалдық инвесторларды дамыту
Инвестициялаудың ұжымдық нысандарын жетiлдiру және ынталандыру, құрылу процесiнде пайда болатын құқықтық қатынастарды реттеу, инвестициялық қорлардың активтерiн сенiмгерлiк басқару, оларды есепке алу және сақтау, сондай-ақ олар шығарған бағалы қағаздарды орналастыру, айналысқа жiберу және сатып алу мақсатында инвестициялық қорлар қызметiн құқықтық қамтамасыз етудiң бiрқатар мәселелерiн шешу қажет.
Инвестициялық қорлардың қалыптасуы үшiн Бағдарламаны iске асыру барысында инвестициялық қорларды құруға және дамытуға кедергi келтiретiн заң нормалары алынып тасталады. " Инвестициялық қорлар туралы " Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету бөлiгiнде бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың қызметi мәселелерi бойынша барлық қажеттi заңи нормативтiк құқықтық база әзiрленедi және қолданысқа енгiзiледi.
Қаржы рыногының дамуымен, қаржы институттар санының кеңеюімен, бағалы қағаздар рыногына халықтың жинақтарын тарту жөнiндегi жоспарының дамуымен бiрге инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша нормативтiк құқықтық база әзiрленiп енгiзiлетiн болады.
Зейнетақы қорларын қоса алғанда, институционалдық инвесторлар арасында бағалы қағаздар рыногында акцияларды орналастыру арқылы екiншi деңгейдегi банктердiң капиталдандыруын арттыру ынталандырылатын болады.
5.1.2. Инвесторларды - жеке тұлғаларды қазақстандық бағалы
қағаздар рыногында оқыту
Қазақстандық бағалы қағаздар рыногын дамыту үшiн жеке тұлғалардың ондағы инвесторлар ретiндегі белсендiлiгiн арттыру айтарлықтай қолайлы болады. Алайда бұл бағалы қағаздар рыногы қалай құрылғаны және қалай жұмыс істейтiнi жөнiндегi арнайы бiлiмсiз мүмкiн емес. Халықпен қаржы рыноктары туралы жүйелi түсіндіру әрi ақпараттық жұмыс қажет. Халықты бағалы қағаздар рыногындағы әрекет технологияларына оқыту азаматтардың қаражатын ел экономикасына тартудың маңызды бейэкономикалық ынталандыру қызметiн атқаруы ықтимал. Мұндай оқыту түрлi деңгейлерде жүзеге асырылуы тиiс. Мысалы, егер азаматтар бағалы қағаздар рыногының арнайы терминологиясына дағдыланатын болса, оларға бағалы қағаздар рыногында бағдарлану оңайға түседi. Мектеп бағдарламасына қаржы рыногы туралы бөлiмдердi енгiзу қажет. Аталған бағдарламаларды мемлекеттiк қаржыландыру тетiктерiн пайдалану көзделiп отыр.
Өз құзыретiндегi бағалы қағаздар рыногы мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар (Қаржы министрлiгi, Ұлттық Банк, Агенттiк) мен өзге де мүдделi тұлғалар ақпараттық материалдарды халыққа түсiнiктi нысанда пайдалана отырып, халықты бағалы қағаздар рыногының негiздерiне оқыту жөнiндегi ең танымал бұқаралық ақпарат құралдарында (радио, телевидение, газеттер мен журналдар) жариялай отырып, PR-акцияларды жүйелi түрде жүзеге асыруы тиiс.
Алдыңғы қатарлы әлемдiк практикада халықтың инвестициялық сауаттылығын арттыру мәселелерiне зор көңiл бөлiнедi, өйткенi бұл мәселе инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау проблемасымен тығыз байланысты.
Мысалы, Бағалы қағаздар рыногы қауымдастығының Халықаралық Кеңесi (ICSA) Инвесторлары оқытудың ең үздiк практикасының қағидаттарын (бұдан әрi - ICSA Қағидаттары) қабылдады, бұларды Бағалы қағаздар жөнiндегi комиссиялардың халықаралық ұйымы (IOSCO) да ұсынады. ICSA құрамына әлемдiк бағалы қағаздар рыногының негiзгi белсендiлiгi үлесiне тиетiн 11 алдыңғы қатарлы елдiң трейдерлер қауымдастығы мен өзiн өзi реттейтiн ұйымдар (бұдан әрi - ӨРҰ) кiредi.
Қазақстандық бағалы қағаздар рыногында ICSA қағидаттарын пайдалануға және енгізуге жәрдемдесу, соның iшiнде осы мақсаттарға халықаралық ұйымдардың гранттарын тарту көзделедi.
5.1.3. Бағалы қағаздар рыногына жаңа бiлiктiлiк енгiзу
Iшкi және сыртқы рыноктарды инвестициялау үшiн едәуiр ақша
көлемiнiң болуын ескере отырып, Қазақстанның қазiргi заманғы бағалы
қағаздар рыногына халықаралық сыныптағы кәсiпқойлар талап етiледi.
Қазақстандық бағалы қағаздар рыногы мамандарының АСIIА (Association of' Certified International Investment Апаlүst) сертификаттау бағдарламасына қатысуы осы мәселенiң шешiмiне айналуы мүмкiн. Көрсетiлген АСIIА қауымдастығын 2000 жылы Еуропа (EFFAS) , Азия (ASAF) , сондай-ақ Қаржылық талдаушылардың Бразилия қауымдастығы (АВАМЕС) талдаушылар қоғамының федерациясы инвестициялық қызмет және қаржылық талдау жөнiндегi мамандарды кәсiптiк даярлаудың халықаралық стандарттарын әзiрлеу және енгiзу үшiн құрды. Қауымдастық әзiрлеген стандарттар жаңа "Сертификатталған халықаралық инвестициялық талдаушы" (CIIA) бiлiктiлiгiнiң негiзi болды. Бұл бiлiктiлiктi әлемнiң 32 елiнiң қаржылық және инвестициялық талдаушылары мен бизнес - қоғамдастықтары мойындады және ол әлемде жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк даярлықтың өте жоғары деңгейдегi стандарты ретiнде кеңiнен танылуда.
Қаржылық және инвестициялық талдаушылардың қазақстандық қауымдастығын құру және оның ЕFFAS-қа кiруi қазақстандық қаржы рыногының даярлау мен сертификаттаудың халықаралық стандарттарын қолдау мақсатында қаржылық және инвестициялық талдаушылардың ұлттық қоғамдастықтарын бiрiктiретiн бiрыңғай еуропалық бағалы қағаздар рыногына енуiнiң алғашқы қадамдарының бiрi болады. Бұл факт Қазақстанның қаржы рыногының өкiлдерi үшiн зор пайда әкелетiнi сөзсiз.
Осы бағыттағы келесi қадам Қазақстанда СIIА-ны алға жылжыту және емтихан бағдарламасының құрамына ұлттық заңдардың ерекшелiктерiн, сондай-ақ емтихан тапсырылатын тiлдi таңдау мүмкiндiгiн енгiзу болады.
5.2. Бағалы қағаздар эмитенттерiне қатысты саясат
5.2.1. Бағалы қағаздар рыногында ақпаратты ашу
Қаржы ұйымдарының және Агенттiктiң ақпаратты ашуы қаржы қызметтерiн тұтынушылар рынокта тап болатын тәуекелдердi азайтады және бәсекелi және тиiмдi қаржы рыноктарының түзу жұмыс iстеуiне негiз жасайды. Рыноктағы ақпараттың қол жетiмдiлiгi рынок тәртiбiне және қаржы ұйымдарының қызмет стандарттарын арттыруға ықпал етедi. Компаниялар қызметiнiң ашықтығын арттыру жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
АҚ-ны мемлекеттiк тiркеу және оның акцияларын шығару арасындағы кезеңдi қысқарту мақсатында, мүмкiндiгiнше, АҚ-ды заңды тұлғалар ретiнде мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн оңтайландырған жөн. АҚ-ның қызметiн тиiмдi және орталықтандырылған бақылау жүйесiне ерекше көңiл бөлiнген. Инвесторлар мен басқа да мүдделi тұлғалар алдында ұйымдардың - бағалы қағаздар эмитенттерiнiң, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногына басқа қатысушылардың қызметi туралы ақпаратты ашу тәртiбiн жетiлдiрген жөн. Атап айтқанда, бағалы қағаздар эмитенттерiнiң проспектiлер мен есептiлiктi электронды нысанда табыс етуiн және оларды инвесторлар мен басқа да мүдделi тұлғалар алдында Агенттiктiң web-сайты арқылы орталықтандырылған ашуды қамтамасыз ету жөнiнде iс-шаралар жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң ҚЕХС-ға көшуi осы бағыттағы екiншi маңызды қадам болмақ, бұл инвесторлар үшiн ашылатын ақпараттың толықтығын, түсiнiктiлiгiн және дұрыстығын қамтамасыз етедi.
Бұдан басқа, АҚ-тар туралы ақпаратты толық ашу мүмкiндігі қаралады.
АҚ-дың жарияланымға жұмсалатын транзакциялық шығындарын азайту мақсатында келтiрiлген тәсiлдер қоғам жарғысында айқындалған жағдайда баламалы нұсқалар ретiнде компанияның WEB-сайтында ақпаратты ашуға, атаулы таратуды пайдалануға (акционерлер саны аз компаниялар үшiн) болады. Акциялар мен облигацияларды сауда-саттық ұйымдастырушысының ресми тiзiмiне енгізу тетiгi жетiлдiрiледi.
5.2.2. Қаржылық есептiлiктiң халықаралық
стандарттарына көшу
Қазақстандық ұйымдардың ҚЕХС-на көшуiнiң маңыздылығы қаржылық есептiлiк жүйесiн халықаралық стандарттарға сәйкес бiрiздендiруде ғана емес, олардың қызметi мен нақты экономикалық ахуалы көрiнiсiнiң ашықтығын қамтамасыз етуде, бұл кәсiпорындар есептiлiгiн пайдаланушыларға дұрыс экономикалық шешiмдер қабылдауға мүмкiндiк бередi.
Қазақстандық ұйымдардың Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) көшуi "Бухгалтерлiк есеп туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2003 жылғы 15 мамырдағы N 88-ө өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасында халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына көшу жөнiндегі 2003-2004 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған Жоспар шеңберiнде ҚЕХС саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлау мақсатында мынадай шаралар:
ҚЕХС-на сәйкес бухгалтерлiк есеп бойынша оқулықтар, оқу құралдарын әзiрлеу;
"Бухгалтерлiк есеп және аудит" мамандығы бойынша кадрлардың бiлiктiлігін арттыру және оларды қайта даярлау орталығын құру;
ҚЕХС-н қамтитын орта кәсiптiк және жоғары оқу орындарының "бухгалтерлiк есеп және аудит" мамандығы бойынша мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарын әзiрлеу және бекiту;
ҚЕХС-н оқыту мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардың бухгалтерлер мен аудиторлардың халықаралық және кәсiптiк ұйымдарының өзара iс-қимылына жәрдемдесу;
ҚЕХС-н қолдану жөнiнде түсiндiрулер дайындау көзделген.
Осы Бағдарламада көрсетiлген iс-шараларды одан әрi iске асыру көзделедi.
5.2.3. Бағалы қағаздардың жаңа түрлерiн шығару үшiн
мүмкiндiктердi кеңейту
Бағдарламада бағалы қағаздар рыногын тартымды бағалы қағаздардың жаңа түрлерiмен толықтыру мақсатында төменде көрсетiлген бiрқатар iс-шаралар жүргiзу көзделген.
Мемлекеттiк бағалы қағаздар
МҚБ-ның қайталама рыногын дамыту мақсатында олардың өтiмдiлiгiн ұлғайту жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
МБҚ шығару рыноктағы жалпы талаптарға сай келуi - болжамды болуы және жеткiлiктi дәрежеде ауқымды көлемдерде, ұзақ мерзiмдерге (10 жыл және одан да көп), соның iшiнде инфляция деңгейiне индекстеле отырып белгiленген белгiлi бiр кестеге сәйкес жүзеге асырылуы тиiс. МБҚ шығару кестесi ұзақ уақыт кезеңiн қамтитын және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногының қатысушыларының қолы жететiн және оларды эмитенттер қатаң сақтайтын болып табылуы қажет. Инфляция индексi есептеу базасы болып табылатын құбылмалы сыйлықақы (мүдде) ставкасы бар ұзақ мерзiмдi МБҚ аннуитеттiк сақтандыруды жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдарының МБҚ портфелi бойынша нақты қолайлы кiрiс алуы мақсатында шығарылады.
МБҚ-ды орналастыру банктiк емес ұйымдарға - бағалы қағаздар рыногының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Қазақстан қор биржасы белгiлеген талаптарға сәйкес келетiн кәсiпқой қатысушыларына МБҚ-ды бастапқы орналастыруға қатысуға рұқсат беру мақсатында Қазақстан қор биржасында жүзеге асырылуы тиiс. Бұл ретте аннуитеттiк сақтандыруды жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдарының активтерiн инвестициялауға арналған МБҚ-ды бастапқы орналастыру сауда жүргiзудiң жеке тетiгiн пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет профицитi шарттарында жүзеге асырылатын, бұрын шығарылған МБҚ-ды мерзiмiнен бұрын өтеу инвесторлар активтерiнiң кiрiстiлiгiн азайтуға және тиiстi келеңсiз салдарларға әкеп соғатынын ескере отырып, ол меншiк иелерiн алдын ала хабардар етудiң мiндеттi рәсiмiн, сондай-ақ оларды тартылған активтердi қайта қаржыландыруды қамтамасыз ететiн басқа МБҚ-ға айырбастау бағдарламасын сақтай отырып, бағалы қағаздардың қайталама рыногында ерекше жағдайларда ғана рұқсат етiлуi тиiс.
Мемлекеттiк iшкi қарыз алу саласында жүргiзiлiп жатқан саясат шеңберiнде мынадай мiндеттердi шешу:
1) орта мерзiмдi кезеңге МБҚ эмиссиясының жылдар мен қағаз түрлерiне бөлiнген болжамды схемасын жасау;
2) iшкi қарыздарды тарту мерзiмдерiне қарай түрлi қарыз алу құралдарын пайдалану;
3) жалпы қарыз алу көлемiндегi индекстелген және купондық мiндеттемелер арасындағы оңтайлы ара қатынасты белгiлеу жолымен пайыздық тәуекелдердi азайту;
4) бағалы қағаздар рыногында ("benchmark") бағдарларды белгiлеу;
5) шығарулардың жалпы санын қысқарта отырып, МБҚ шығарудың көлемiн ұлғайту;
6) айналыс мерзiмiн ұлғайта отырып, пайыздарды төлеу мерзiмдiлiгiн азайту;
7) мiндеттемелердiң орындалмау тәуекелдерiн азайту және ұзақ және орта мерзiмдi перспективада iшкi үкiметтiк борышты өтеу жөнiндегi төлемдер төлеудiң ең жоғары шегiн төмендету, ол үшiн басым орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердi шығаруға қайта бағдарлау көзделедi.
Бюджет кодексiне сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкiметiнен қарыздар алу түрiнде жүзеге асырылады. Бұл шара қаражатты үнемдеу мақсатында қабылданды, өйткенi республикалық бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдарға арналған кредиттер қарыз алудың неғұрлым арзан көзi болып табылады.
Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноталар рыногын дамытудың басым бағыттары инфляцияның төмен деңгейiн ұстап тұратын ақша-кредит саясатының негiзгi мақсатынан туындайды.
Орта мерзiмдi кезеңде инфляцияның деңгейiне терiс әсерiн тигiзетiн факторларды сақтау күтiлуде: валюталық рынокқа шетелдiк валютаның ауқымды ағыны. Шетелдiк валютаның ағыны энергетикалық ресурстарға жоғары бағалармен негiзделген экспорттық валюталық түсiмнен құралатын болады.
Кредит беру процесiн одан әрi жандандыру банктердiң өздерiнiң активтiк операцияларын жүзеге асыру үшiн несиелiк капиталға сұранысын ұлғайтады. Iшкi рынокта тартылған қаражаттың үлесiн азайту жағдайында банктердiң iшкi қарыз алуларды тарту бойынша белсендi саясатты одан әрi жүргiзу күтiлуде.
Үкiмет және Ұлттық Банк ақша-кредит саясатының бағыттарын келiсетiн болады.
Бұл ретте басым шаралар ретiнде мыналарды атап өтуге болады.
Ахуалға байланысты:
қысқа мерзiмдi ноталар эмиссияларының көлемi мен сыйақылар ставкаларының өзгерiсi;
қайта қаржыландыру ставкасын инфляциялық күтiлiмдердi азайту үшiн арттыру мүмкiндiгiн қоса алғанда, оның өзгерiсi;
репо операцияларын портфельдiң толық көлемiнде олар бойынша сыйақылар ставкаларын қолданыстағы деңгейде сақтай отырып жүргiзу жүзеге асырылады.
Инфляцияны азайту жөнiндегi көрсетiлген шаралар Ұлттық Банктiң монетарлық қызмет жөнiндегi шығыстарын ұлғайтуға алып келедi. Сондықтан Қаржы министрлiгi мен Ұлттық Банктің МБҚ-ны шығару саласында тұрақты негiздегi келiсiлген қызметi қажет.
Ұлттық Банк ақша-кредит саясатының транспаренттiлiгiн
күшейту үшiн Ұлттық Банк ноталарының эмиссияларын жүргiзу кестесiн жариялайды.
Мемлекеттiк емес бағалы қағаздар
Инвестицияларды қаржыландырудың қажеттi көзi мен тетiгi ретiндегi бағалы қағаздар рыногын қалыптастырудың стратегиялық мақсатына мемлекет пен ұлттық капиталдың өзара тығыз iс-қимылының негiзiнде ғана жетуге болады. Бағалы қағаздар рыногының қазiргi заманғы талаптарға, оның iшiнде корпорациялық басқаруды жетiлдiру және компаниялар қызметiнiң ашықтығын арттыру бойынша, сай келуiн қамтамасыз ету мақсатында Үкiмет iрi мемлекеттiк кәсiпорындардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн кейiннен арнайы құрылған мемлекеттiк холдинг компаниясының басқармасына бере отырып, мемлекеттiң қатысуымен оларды және олардың еншiлес ұйымдарын бөлу жөнiнде iс-шаралар жүргiзедi. Осы холдингке кiретiн мемлекеттiң қатысуымен компаниялар мен олардың еншiлес ұйымдары акцияларының мемлекеттiк пакеттерiнiң бiр бөлiгi ұйымдастырылған рынокта сатылатын болады. Бұл бағалы қағаздарды зейнетақы, инвестициялық қорлар мен брокер компаниялары сатып ала алады. Бұл ретте, осы акциялар стратегиялық инвесторлардың пакеттерiнде шоғырландыруды шектеу жөнiндегi iс-шаралар көзделетiн болады. Нәтижесiнде, рынокта бiрiншi сыныпты эмитенттердiң үлестiк бағалы қағаздары айналыста болады, ұлттық компаниялардың директорлар кеңесiнiң құрамдарында тәуелсiз директорлар пайда болады, бұл корпорациялық басқарудың сапасын едәуiр арттырады.
Осы Бағдарламаны iске асыру барысында мемлекеттiк даму институттарын - "Қазақстанның Даму Банкi" АҚ, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ және басқаларды даму институттарының акцияларын қосымша шығару және оларды зейнетақы қорлары арасында орналастыру үшiн рыноктық капиталды тарту есебiнен одан әрi капиталдандыру мүмкiндiгi қаралады. Инвестициялық және инновациялық қорлар жобаның тек 49 пайызын ғана қаржыландыра алады. Қалған бөлiгiн оның бастамашылары немесе қаржы институттар қамтамасыз етуі тиiс. Қазақстандық рынокта Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе "Қазақстанның Даму банкi" АҚ кепiлдiк берген жобалық облигациялардың, мемлекеттiк даму институттары акцияларының, мемлекеттiң қатысуымен компаниялармен олардың еншiлес ұйымдарының пайда болуы жаңадан құрылатын өндiрiстердi қаржыландыру проблемаларын шешуге мүмкiндiк бередi, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыруға серпiн бередi.
Бұл ретте даму институттарын қаржыландыруда бюджеттiң ғана емес, сонымен қатар зейнетақы қорларының "ұзын ақша" деп аталатын қаражатын да пайдалану аса маңызды, бұл ретте мемлекет аталған даму институттарының капиталындағы бақылау пакетiн сақтай алады. Бұл шара iшкi институционалдық инвесторлардың әлеуетiн тиiмдi пайдалануға ықпал ететiн болады. Инвесторлар арасында басты рөл зейнетақы қорларында болғандықтан, мынадай: нақты сектордың стратегиялық жобаларын қаржыландыру үшiн зейнетақы активтерiн тарту, зейнетақы активтерiнiң сақталуын және барабар кiрiстiлiгiн қамтамасыз ету сияқты экономикалық мiндеттер iске асырылады. Екiншi жағынан бұл шара мемлекеттiк институттар қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге, олар қаржыландыратын жобалар туралы ақпараттың бұқаралық ашылуына ықпал етедi.
Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберiнде корпорациялық басқаруды жетiлдiруге ерекше көңiл бөлiнедi, өйткенi барлық әлемде қабылданған корпорациялық басқарудың өркениеттi нормаларының сақталуынсыз тетiктерi елдiң көптеген экономикалық және әлеуметтiк проблемаларын шешу үшiн пайдаланылуы мүмкiн тиiмдi әрi ашық бағалы қағаздар рыногын құру мүмкiн емес. Қазақстандық АҚ-ды басқарудың корпорациялық қағидаттарын қолдану жөнiндегi ұсынымдар 2002 жылғы 24 қыркүйекте Ұлттық Банктiң жанындағы Бағалы қағаздар рыногы мәселелерi жөнiндегi сарапшылар кеңесiнiң шешiмiмен бекiтiлдi. Осы уақыт iшiнде кейбiр қазақстандық кәсiпорындар өз қызметiнде корпорациялық стандарттарды енгiзе бастады. Бұл корпорациялық басқарудың қазақстандық жүйесiн дамытудағы бастапқы кезең ғана. Корпорациялық басқару қағидаттарын күнделiктi практикаға тиiмдi енгiзу үшiн Қазақстан қор биржасының листингтiк ережелерiне эмитенттердiң корпорациялық басқару нормаларын қолдану жөнiндегі ақпаратты мiндеттi түрде ашуы туралы талаптар енгiзiлетiндiгi көзделуде. Бұл бiрiншi кезекте бағалы қағаздары қор биржасының ресми тiзiмiнiң ең жоғары санатында орналасқан компанияларға қатысты. Ұсынылатын ақпараттың дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк тiкелей эмитентке жүктеледi. Көптеген аса iрi әлемдiк сауда алаңдарының - Нью-Йорктiк қор биржасының, NASDAQ электрондық биржасының, сондай-ақ Токио қор биржасының листингтiк ережелерi корпорациялық этика стандарттарының орындалуы жөнiндегi ақпаратты ашу бөлiгiнде бағалы қағаздар эмитенттерiне қойылатын талаптарды күрделендiрдi. Халықаралық сарапшылардың пiкiрi бойынша, биржалардың компаниялардағы корпорациялық басқару нормаларын енгiзу процесiнде қатысуын жандандыру - осы саладағы акционерлер мен инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған проблемалардың рыноктық шешiмi.
Қазақстандық АҚ-дың корпорациялық басқару қағидаттарын қолдануы жөнiндегi ұсынымдарға негізделген АҚ-дың үлгілiк iшкi құжаттарын әзiрлеу жөнiндегi iс-шаралар жүргiзiледi.
Қаржыландырудың құрылымдық нысандарын дамыту қажет. Екiншi деңгейдегi банктер өз клиенттерiн қаржыландыру жөнiндегi қызметтерiнiң көлемiн ұлғайту ынталандырылатын болады. Осыған байланысты қаржыландырудың жобалық және секьюритилендiру 1 сияқты құрылымдық нысандарының әлеуетiн дамыту мен iске асыру үшiн жағдайлар жасалады. Бағалы қағаздар рыногында жаңа құралдар, оның iшiнде жобалық облигациялар пайда болады.
____________________
1 секьюритилендiру - талап ету құқығымен қамтамасыз етiлген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талапты беруге қаржыландыру
Заңнамаға сәйкес мемлекеттiк кепiлдiктер берiлуi мүмкiн инвестициялық жобаларды қаржыландырудың балама нысандарын дамыту үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң аталған инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн шығарылған облигацияларға кепiлдiк беру мүмкiншiлiгi көзделедi. Атап айтқанда, мұндай инвестициялық жобалар үшiн Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен құрылған заңды тұлғалар үшiн көзделген мемлекеттiк кепiлдiктер беру үшiн төлемақының (алымның) басқа да заңды тұлғалармен қолданылуы, сондай-ақ мемлекеттiк кепiлдiк алушыда екiншi деңгейдегi банктiң қосымша кепiлдiгiнiң болуын талап етудi алып тастау бөлiгiнде өзгерiстер енгiзiледi.
Мемлекет кепiлдiктер жөнiндегi мiндеттемелердi орындаған жағдайда кейiннен оларды мемлекеттiк меншiкке бере отырып, жоғарыда көрсетiлген облигациялар эмитентiнiң акцияларын мәжбүрлеп шығару тетiгi көзделедi. " Акционерлiк қоғамдар туралы " Заңға тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi.
Бұдан басқа, инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылған облигацияларды шығару үшiн мемлекеттiк кепiлдiкке балама ретiнде "Қазақстанның Даму Банкi" АҚ-ның кепiлдiктерi кеңiнен пайдаланылады.
Қаржыландырудың талап ету құқықтарын берудi және жинақталған тәуекелдермен қаржыландыруды көздейтiн тәсiлдерiн дамыту үшiн "Секьюритилендiру туралы" заң жобасы дайындалады және жобалық қаржыландыру кезiнде туындайтын кепiлдiк құқықтық қатынастарды реттейтiн заңдарға өзгерiстер енгiзiледi.
"Секьюритилендiру туралы" заң жобасы бiр немесе бiрнеше секьюритилендiру мәмiлелерiн жүргiзу мақсатында ғана құрылған арнайы қаржы кәсiпорындарының құрылуын және олардың қызметiн реттеуге, секьюритилендiру мәмiлелерiне қатысты талаптар құқығын беру ұғымын нақтылауға және арнайы қаржы кәсiпорны алған талап ету құқықтарының банкроттықтан алшақтығының арнайы режимiн құруға бағытталған.
"Секьюритилендiру туралы" Заң тәуекелдi инвесторлардың түрлi санаттарының сұранысына қарай бөле отырып, елде құрылымдық негiзде қаржыландырудың қазiргi заманғы нысандарын дамытуға ықпал етедi. Секьюритилендiру қарыз алушы кәсiпорындарға (салалық терминологияға
сәйкес "оригинаторларға", "демеушiлерге") тәуекелдердi тиiмдi қайта бөлуге, қарыз алу құнын төмендетуге және капитал құрылымында борышты барынша пайдалануға, ал инвесторлар үшiн инвестициялық мүмкiндiктерiн едәуiр кеңейтуге, инвестициялық баламаларын түрлендiруге мүмкiндiк бередi. Оларды шығару үшiн ел экономикасына бiрнеше маңызды инвестициялық инфрақұрылымдық жобалар iрiктендiрiлетiн болады. Сондай-ақ Заңды енгiзу инвестициялау үшiн кредиттiк тәуекелiнiң, пайыздық ставкалары мен айналыс мерзiмдерiнiң әртүрлi деңгейi бар жаңа қаржы, оның iшiнде борыш құралдарын ұсынады.
Жаңа қаржы құралдарын, соның iшiнде коммерциялық бағалы қағаздарды айналымға енгiзу отандық бағалы қағаздар рыногын дамытудағы басым бағыт болып табылады. Коммерциялық бағалы қағаздарды шығару және оларды айналысқа жiберу үшiн нормативтiк құқықтық базаны дайындау қажет.
Әлемдiк практикада қысқа мерзiмдi борыш мiндеттемелерi болып табылатын тiркелген кiрiсi бар, коммерциялық қағаздар түрiндегi жаңа құралдың пайда болуы айналым активтерiн қаржыландыру кезiнде берешекке қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар мен уақытты барынша азайтуға ықпал етедi. Коммерциялық қағаздарда облигациялар мен вексельдердiң үздiк қасиеттерi үйлескен (вексельдерге қарағанда стандартты ережелер бойынша шығарылады, орталықтандырылған есеп жүйесi бар және ұйымдастырылған рынокта айналысқа түсуi мүмкiн) және өнеркәсiптiк кәсiпорындар үшiн айналым қаражатын тарту тетiгi ретiнде барабар қолданылуы мүмкiн. Алдын алу шарасы ретiнде Қазақстанда айналыс мерзiмi үш айдан артық емес облигацияларды шығару үшiн құқықтық негiз құрылған, атап айтқанда " Бағалы қағаздар рыногы туралы " Заңда мұндай облигацияларды шығаруға бағалы қағаздары қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген эмитент жүзеге асыруға құқылы деп белгiленген. Айналыс мерзiмi үш айдан артық емес облигацияларды орналастыру және айналысқа жiберу қор биржасының сауда жүйесiнде ғана жүзеге асырылады.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының редакциясын нақтылау мақсатында коммерциялық қағаздарды шығару тәртiбiн көздейтiн түзетулер енгiзiледi.
Индекстерге қосылатын бағалы қағаздардың бағамдық құны негiзiнде есептелген тиiстi индекстердi құру инвестициялау мүмкiндiктерiн кеңейту үшiн маңызды тұстарының бiрi болады, мұндай бағалы қағаздардың көмегiмен өзiнде меншiктi қымбат тұратын талдамалық қызмет жоқ және көп қаражаты жоқ инвестор экономикадағы болашақ конъюнктура туралы талқылай алады.
Ақпараттық және талдамалық агенттiктермен олардың инвесторлары рыноктың жалпы бағытын бағалауға, макроэкономикалық ахуалды, салалардың тартымдылығын, институционалдық инвесторлар портфелiнiң серпiнi мен тиiмдiлігін бағалауға мүмкiндiк беретiн, негiзгi көрсеткiштердiң шағын жиынтығының негiзiнде есептелген бiрқатар индекстердi әзiрлеуiн қамтамасыз ету жөнiнде жұмыс жүргiзiледi.
Тәуелсiз рейтингтiк агенттiктердiң, оның iшiнде ұлттық рейтингтiк шәкiл бойынша рейтингтiк бағалары институционалдық инвесторлар өз қаражатын инвестициялай алатын бағалы қағаздарды анықтау үшiн де пайдаланылуы мүмкiн. Перспективада инвестициялық қорлар белгiлi бiр тәуекел дәрежесi бар құралдар портфелiн қалыптастыру кезiнде рейтингтiк бағаларды қолдануы мүмкiн.
Қаржы ұйымдарын реттеу саласында тәуелсiз рейтингтiк бағаларды қаржы құралдары мен контр әрiптестердiң тәуекелдерiн бағалау үшiн өлшем ретiнде пайдалану аясын өрiстету қажет.
Көрсетiлген нормаларды белгiлеу халықаралық рейтингтiк агенттiктердi тартуға және Қазақстанда олардың өңiрлiк офистерiн ашуға ықпал етуi тиiс.
Туынды бағалы қағаздар рыногын дамыту жөнiндегi, соның iшiнде борыш мiндеттемелерiне құрылымдық және гибридтi туынды құралдардың, пайыздық және валюталық тәуекелдердi хеджирлеу құралдарының, шарт құралдарының пайда болуы мен қалыптасуын ынталандыру жөнiндегi iс-шаралар көзделедi. Заңдарда туынды бағалы қағаздар рыногы ұғымы бiрiздендiрiледi. Пайыздық және валюталық тәуекелдердi хеджирлеу құралдары рыногын дамыту институционалдық инвесторлардың ғана емес, сонымен қатар экспорт-импорт операцияларына қатысушы кәсiпорындардың да тәуекелiн төмендетуге ықпал етедi. Тауарларға базалық активi бар туынды шарт құралдарының пайда болуы сыртқы сауда операцияларының баға ауытқуларынан туындайтын тәуекелдерiн төмендетуге ықпал етедi.
Туынды бағалы қағаздар рыногы қаржы рыногының неғұрлым тәуекелдi сегменттерiнiң бiрi болып табылатындықтан кәсiпқой қатысушылар хеджирлеу және алып-сату операцияларын жүзеге асыруы қажет. Бұл ретте кәсiпқой қатысушылардың мұндай операцияларды жүзеге асыруын реттеу тәуекел көлемiнiң кәсiпқой қатысушының меншiктi капиталына ара қатынасын белгiлеуге негiзделуi мүмкiн.
Агенттiк өз тарапынан кәсiпқой қатысушылардың тәуекелдердi хеджирлеуiн ынталандыруы, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдарының активтерiн хеджирлеу операцияларын жасау тәртiбiн реттеуi қажет. Мұндай ұстаным институционалдық инвесторлардың тартылған активтерiн мақсатсыз хеджирлеудiң алдын алады.
Қойылған мiндеттердi шешуге валюталық операцияларды және рыноктық тәуекелдердi басқа да басқару стратегияларын орындауда резиденттердiң тәуекелдердi хеджирлеу құралдарын неғұрлым белсендi пайдалануына жағдай жасайтын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 25 шiлдедегi N 705 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы да ықпал етедi.
Осы Бағдарламаны iске асыру барысында Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында көзделген тауар биржаларында астық, мұнай және мұнай өнiмдерiнiң жүйелi сауда-саттығы жүргiзiлген немесе аталған тауар белгiлерiнiң мемлекеттiк мониторинг жүйесi iске қосылған жағдайда қор биржасы жеткiзiлмейтiн тауарлық фьючерстермен сауда-саттықты ұйымдастырады. Жеткiзiлмейтiн тауарлық фьючерстер (неғұрлым танымал шикiзат тауарларының, мысалы, бидайдың, мұнайдың және мұнай өнiмдерiнiң бағалары) оларды сатуды ұйымдастыру тұрғысынан қарағанда қаржылық фьючерстерден қағидаттық айырмашылығы жоқ - шетел валютасының бағамы немесе бағалы қағаздардың табыстылығы. Жеткiзiлмейтiн фьючерстер қаржы институттары үшiн де, тиiсiнше тауарлар рыногының қатысушылары үшiн де инвестициялаудың қызықты объектiсi бола алады.
Халықаралық қор рыноктарына өздерiнiң бағалы қағаздарын орналастыруды жүзеге асыруға ниеттенген қазақстандық ұйымдарға бағалы қағаздар мәлiметтерiн қазақстандық ұйымдастырылған рыноктың ресми тiзiмiне мiндеттi түрде алдын ала енгiзу жөнiндегi талаптарын белгiлеу бойынша алдыңғы Бағалы қағаздар рыногын дамыту бағдарламасының iс-шарасы iске асырылады. Бұл норма көптеген дамыған елдерде белгiленген және отандық бағалы қағаздар рыногында қаржы құралдарының жетiспеушiлігі мен инвестициялауға арналған активтердiң артықшылығы жағдайында әдiлеттi болып табылады. Бұдан басқа, еуропалық елдерде бағалы қағаздарды шығару шарты эмитенттердiң бағалы қағаздарын эмитенттiң резиденттiлiгi елiнiң ұйымдастырылған рыногының ресми тiзiмiне алдын ала енгiзу талабын қамтиды.
Институционалдық инвесторлардың активтердi өтiмдiлiгi жоғары шетелдiк бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестициялаудың Агенттiк белгiлейтiн нормалары қажетiне қарай қайта қаралады. Бұрынғы кеңес кеңiстiгi елдерiне қатысты бұл шаралар Eуpo-Азиялық Экономикалық Қоғамдастықтың (бұдан әрi - ЕуАзЭҚ), Бiртұтас Экономикалық Кеңiстiктiң (бұдан әрi - БЭК) және басқа да халықаралық қауымдастықтардың шеңберiнде елдердiң заңдарын үйлестiру жөнiндегi iс-шаралармен қатар iске асырылады.
5.2.4. Шетелдік бағалы қағаздарға рұқсат беру
Ұлттық бағалы қағаздар рыногын толтырудың тартымды тәсiлдерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк мемлекеттiк те, корпорациялық та бағалы қағаздарға қол жеткiзу тәртiбi жетiлдiрiледi. Бұл мiндеттi орындау үшiн Бағдарламада Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарының ұйымдастырылған рыногында айналысқа жiберу мақсатында шетелдiк бағалы қағаздарға талаптарды белгiлеу бойынша өкiлеттiктi сауда-саттық ұйымдастырушысына беру көзделедi.
Тартымды құралдардың тапшылық деңгейiн төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында шетел эмитенттерiнiң бағалы қағаздарының еркiн айналысына жағдайлар жасалады.
Қазақстандық инвесторлардың шетелдiк бағалы қағаздарға қол жетiмдiлiгiнiң қосымша мүмкiндiгiн қамтамасыз ету үшiн корреспонденциялық депозитарийаралық қатынастарды белгiлеу және шығару проспектiсiнде ашылуы тиiс ақпараттарға қойылатын талаптарды бiрiздендiру жөнiндегi және Қазақстан қатысушы болып табылатын ЕуАзЭҚ, БЭК және басқа да ықпалдас топтардың шеңберiнде бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушысының ресми тiзiмдерiне қосу кезiндегi бастамалар қолдау табады.
5.2.5. Бағалы қағаздар рыногында салық салу тәртiбiн жетiлдiру
Қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген акциялар мен облигацияларды сатуда құн өсiмiнен түскен табысқа салық салудан босату бойынша салық жеңiлдiгiн қолдану осы бағалы қағаздармен операцияларды жасайтын тұлғалардың тарапынан асыра пайдалану орын алғандығы жөнiнде болжауға негiз болатын бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы көрсеткiштерiнiң белгiлi бiр ауытқуларына алып келедi.
Мысалы, Қазақстан қор биржасының мәлiметтерi бойынша ресми тiзiмдегi бағалы қағаздар қатары бойынша 2003 жыл бойы оннан аз, ал көбiнесе - бiр-ақ мәмiле жасалды. Сонымен қатар, бұл мәмiлелер бағалы қағаздардың бағаларын ресми белгiлеу үшiн негiз болып табылады, мұнда салық жеңiлдiгi оның қандай рынокта (ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған) жасалғандығына қарамастан қолданылады. Бұл жағдайда мынадай қайшылық туындайды: ұйымдастырылмаған рынокта жасалған операцияларға қатысты ресми саудаларда бiрде-бiр мәмiле жасалмаса да салық жеңiлдiгi қолданылады, ал бұл операциялардың бағалары (баға белгiлеуi) ұйымдастырылған рыноктың әдiлеттi рыноктық бағаларын анықтауда ескерiлмейдi. Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген акциялар мен облигациялар бағаларының ашықтығы төмендейдi және олардың бағаларын еркiн басқару мүмкiндiгiне жол берiледi.
Жоғарыда аталған кемшiлiктердi болдырмау мақсатында осы жеңiлдiктi қолдану тиiмдiлiгi туралы мәселенi қарау қажет.
Еуропалық одақ стандарттарына көшу қазiргi кезде әртүрлi қаржы құралдары бойынша қолданылатын салықтық жеңiлдiктер мен преференциялардың алынып тасталуын көздейдi.
Мысалы, қазiргi кезде банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардағы салымдар бойынша сыйлықақы және жеке тұлғаларға төленетiн борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақылар салық салудан босатылады. Бұл халықтың қаражатын қаржы жүйесiне тартудың басқа мүмкiндiктерi болмаған жағдайда, банктiк жүйеге халықтың салымдарын ынталандыру мақсатында жасалған.
Сондай-ақ МБҚ операциялары мен олардың сыйлықақылары салық салудан босатылады. Бұл осы қаржы құралына инвестициялауды неғұрлым тартымды етедi.
Айналысты ынталандыру үшiн жеңiлдетiлген салық режимiн талап ететiн Қазақстанның қаржы бөлiгi үшiн қаржы агенттiктерiнiң агенттiк бағалы қағаздары жаңа қаржы-құралының бiрi болып табылады. 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап агенттiк бағалы қағаздарға салық салу тәртiбi МБҚ-ға қатысты қолданылатын тәртiпке ұқсас болып табылады.
Уақытша жеңiлдiктердi енгiзу кез-келген жаңа қаржы құралын, әсiресе экономиканың басым бөлiктерiнде және қаржы бөлiгiнде мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асырумен байланысты, дамытуды ынталандыру мақсатында өзiн-өзi ақтады. Болашақта қаржы рыногында жаңа құралдың қалыптасуына жеткiлiктi белгiлi уақыт кезеңi өткеннен кейiн бұл жеңiлдiктер алынып тасталуы керек.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасына және оны iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарына сәйкес 2006 жылы:
депозиттер мен борыштық бағалы қағаздар бойынша жеке тұлғалардың;
жеке және заңды тұлғалардың МБҚ мен агенттiк облигацияларымен жасаған операцияларынан түскен кiрiстерiн салық салудан босатуды алып тастау туралы мәселенi қарау көзделiп отыр.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шiлдедегi Заңында туынды бағалы қағаз ұғымы көзделген. Бұл Заңға айналыс тәртiбiн ескере отырып, туынды бағалы қағаздардың жекелеген түрлерiнiң ұғымдарын нақтылайтын, сондай-ақ бағалы қағаздардың жаңа түрлерiнiң айналыс мүмкiндiгiн көздейтiн түзетулер енгiзiледi.
5.2.6. Эмитенттер кеңесiн құру
Бағалы қағаздар эмитенттерiнiң қызметiн үйлестiру, мiндеттердi бiрiгiп шешу, эмитенттердiң мүдделерiн ұсыну мен қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiктiң жанында Эмитенттер кеңесiн - үнемi жұмыс iстейтiн консультативтiк-кеңестiк орган құру ұсынылады. Оған Қазақстанның әртүрлi өңiрлерiнен iрi кәсіпорын-эмитенттердiң басшылары кiредi.
Мұндай органды құру қазақстандық кәсiпорындардың бағалы қағаздар рыногына шығуына және рынокта өтiмдiлігі жоғары және сенiмдi қаржы құралдарының пайда болуына ықпал етедi деп күтiлуде.
Эмитенттер кеңесi қызметiнiң шеңберiнде мынадай мәселелер талқыланады:
АҚ-да корпорациялық басқаруды жетiлдiру және енгiзу;
бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына көшуге ықпалдасу;
бағалы қағаздар айналысын жетiлдiру мен олардың өтiмдiлiгiн жоғарылату;
кәсiпорын жұмыскерлерiнiң бағалы қағаздар рыногының мүмкiндiктерi туралы бiлiмдерiн жоғарылату.
5.3. Бағалы қағаздар рыногының
инфрақұрылымына қатысты саясат
Бағдарламаны iске асыру барысында бағалы қағаздар рыногының лицензиаттарын капиталдандыру және ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарының талаптары оларды оңтайландыру мақсатында қайта қаралады.
ӨРҰ бiрiге отырып бағалы қағаздар рыногының лицензиаттарын бағдарлама-техникалық қамсыздандыру мен бағдарламалық қамсыздандырудың сертификаттандыру талаптары әзiрленедi.
Бағалы қағаздар рыногының құжат айналымын қолданыстағы технологияларға сәйкес келтiру үшiн электрондық құжаттарды пайдалану мен енгiзу бойынша және есеп тапсыруда электрондық қол қоюға, сондай-ақ көпшiлiк пайдаланушылар үшiн бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерi туралы ақпараттың орталықтандырылған ашылуына шаралар қолданылады. Ең алдымен, бағалы қағаздар рыногында халықпен жұмыс iстеу үшiн тиiстi инфрақұрылым жасалатын болады.
Инфрақұрылымды құру және қазiргi заманғы технологияларды енгiзу мақсатында халықпен бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн "Қазпочта" АҚ базасында трансфер-агенттi - бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар мен олардың клиенттерi арасындағы құжаттарды (ақпаратты) қабылдау және беру жөнiнде қызметтер көрсететiн тұлғаны құру жөнiнде жобаны iске асыру қажет.
Осылайша, Қазақстанның барлық азаматтарының қаржы рыногына қол жетiмдiлiгi қамтамасыз етiледi. Бұдан басқа, мемлекеттiк органдармен бiрге халықпен қаржы рыногының мүмкiндiктерi туралы жүйелi түсiндiру және ақпараттық жұмыс жүргiзiлетiн болады.
Трансфер-агенттер қаржы рыногының лицензиаттар қызметтерiн Қазақстан Республикасының көптеген аумақтарында өткiзуге және оларды жедел ұсынуға ықпал етуге арналған.
Алдағы кезеңнiң маңызды мiндеттерiнiң бiрi дефолт жағдайына бағалы қағаздар рыногы лицензиаттарының жекелеген тәуекелдердi өз еркiмен сақтандыруды ынталандыру болып табылады.
Бағалы қағаздармен мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруда тәуекелдi төмендету және мұндай есеп айырысуды жылдамдату мақсатында "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" ЖАҚ брокерлiк-дилерлiк орталықтандырылған есеп айырысу ұйымының функциясын атқарады.
Қолданыстағы заңдарға және 30 топтың 1 ұсынымдарына сәйкес орталықтандырылған депозитарий тиiстi қызметтi жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады. Осыған байланысты оның қызметiн осы сипаттағы рыноктың жалғыз қатысушысы ретiнде лицензиялаудың мәнi жоқ, өйткенi оның лицензиясын қайтару немесе қызметiн тоқтату нақты мүмкiн емес. Баяндалғанды назарға ала отырып, орталық депозитарийдiң қызметiн лицензиясыз деп тануға және орталық депозитарий функциясына бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi қосуға бағытталған шаралар жүргiзiледi.
__________________
1 30-топтың-клиринк пен есептер бойынша халықаралық сарапшылар тобы
Мүшелерi Нью-Йорк, Лондон, Токио, Франкфурт және басқа да биржалар сияқты iрi әлемдiк биржалар болып табылатын Биржалардың Әлемдiк Федерациясының қағидаттарына сәйкес биржалар өтiмдi әрi әдiл рынокты қамтамасыз ету үшiн жұртшылыққа ұсынылған акциялардың барабар мөлшерiне қатысты листингтiк компанияларға талаптар қоюға тиiс. Осылайша, Нью-Йорк биржасында жұртшылыққа ұсынылған акциялардың жалпы құны жария компаниялар үшiн кемiнде 100 млн. АҚШ долларын, басқа компаниялар үшiн 60 млн. АҚШ долларын құрайды. Лондон, Токио және Франкфурт биржаларында осы талап акциялар эмиссиясының көлемiнен кемiнде 25% құрайды.
Озық халықаралық тәжiрибенi есепке ала отырып, қазақстанның бағалы қағаздар рыногының өтiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн жоғарғы санаты бойынша биржаның ресми тiзiмiне қосу және онда болған сәтте орналастырылған және еркiн айналыстағы акциялардың көлемiне талаптар қойылатын болады, атап айтқанда, шағын акционерлердiң (миноритарийлердiң) меншiгiндегi және/немесе институционалдық инвесторлардың (жинақтаушы зейнетақы қорларының, инвестициялық қорлардың) меншiгiндегi орналастырылған акциялардың ең төменгi көлемi кемiнде акциялардың эмиссиясынан 25%-ды құрауы тиiс. Бұл ретте, осы талапты 2006 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгiзу көзделiп отыр.
Қазiргi таңда ресми тiзiмнiң жоғары санаты бойынша да биржаның листингтiк талаптары эмитенттiң кредитке қабiлеттiгiнiң көрсеткiшi болып табылмайды, бiрақ листингтiк компаниялар қызметi мен олардың қаржылық жай-күйiнiң ашықтығының қажеттi деңгейiн ғана қамтамасыз етедi, сайып келгенде, эмитенттердiң кредитке қабiлеттiлiгiн бағалауда эмитенттiң кредитке қабiлеттiлiгiн тәуелсiз әрi сенiмдi бағалауды бiлдiретiн, оның негiзiнде рынокқа қатысушылар негiзделген қаржылық шешiмдер қабылдай алатын кредиттiк рейтингтi пайдалануын кеңейту қажет.
Ұйымдасқан рынокқа бағалы қағаздар эмитенттерiн тарту үшiн жағдайлар жасау мақсатында ресми тiзiмнiң жоғары санатын кiшi санаттарға бөлу жөнiнде iс-шаралар жүргiзiледi.
Эмитенттерге, олардың бағалы қағаздарын сауда-саттықты ұйымдастырушысы ресми тiзiмiнiң ең жоғары санатынан кейiнгi санаттарға қосу және онда болуы жөнiндегi қойылатын талаптар ырықтандырылады.
Аталған шаралар, сондай-ақ көзделген салық жеңiлдiктерi биржа саудасын жандандыруға және объективтiк рынок бағасын қалыптастыруға ықпал етедi, бұл субъектiлердiң ұйымдасқан рынокқа шығу үшiн кiру кедергiлерiн төмендетедi, олардың инвестициялық портфельдерiне қосымша сенiмдiлiк пен ашықтық бередi.
Орталық депозитарийдiң аса тиiмдi қызметiнiң нәтижесiнде халықтық АҚ өздерiнiң акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi тапсыру шешiмiне эволюциялық жолмен келетiндiгi көзделуде.
Бағалы қағаздар эмитенттерiн ұйымдастырылған рынокқа тарту үшiн жағдайлар жасау мақсатында ресми тiзiмнiң ең жоғарғы санаттарын кiшi санаттарға олардың қызметiнiң салалары мен ерекшелiгiн ескере отырып, эмитенттер түрлерi бойынша мамандандыру мақсатында бөлу жөнiндегі iс-шаралар жүргiзiледi.
Ұлттық рейтингтiк шәкiлдi бағалы қағаздардың ең жоғарғы санаттың ең аз талаптарымен ресми тiзiмнiң кiшi санатына және ең жоғарғыдан кейiнгi санатына қосылуы мен онда болуы үшiн пайдалану көзделiп отыр.
Сауда-саттық ұйымдастырушысының ресми тiзiмiне енгiзiлмеген бағалы қағаздарға баға белгiлеу жүйесiнiң рөлiн арттыру жөнiндегi мәселе қаралады. Баға белгiлеу жүйесi баға белгiлеулерге қол жетiмдiлiктi қамтамасыз етуi тиiс және рыноктың барлық қатысушылар үшiн кеңiнен танымал болуы, оның қатысушыларына баға белгiлеулердi нақты уақыт режимiнде қоюға, бағалар туралы жедел ақпарат алуға және баға белгiлеу парағына қосылған бағалы қағаздар бойынша мәмiлелер жасауға мүмкiндiк беруi қажет. Баға белгiлеу жүйесiнiң көрсеткiштерiн бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi, соның iшiнде инвестициялық қорлар ресми тiзiмде қосылмаған және/немесе саудаланбайтын бағалы қағаздарды бағалау және бухгалтерлiк есептеу мақсатында шынайы рынок бағаларын айқындау үшiн пайдалануы тиiс. Қор биржасының листингтiк емес сауда алаңын баға белгiлеу жүйесi ретiнде пайдалану мүмкiндiгi жөнiндегi мәселе қаралады.
Операциялық тәуекелдердi азайту мақсатында сауданы ұйымдастырушылардың, тiркеушiлердiң және бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылардың резервтiк көшiру жүйесi мен ақпаратты сақтау талаптары жетiлдiрiледi. Қазақстандық бағалы қағаздар рыногының шетел рыноктарымен технологиялық үйлесiмдiгінiң мүмкiндiктерi зерттеледi.
Қазақстан мүшесi болып табылатын халықаралық қауымдастықтардың заңдарымен үйлестiру мақсатында Бағдарлама шеңберiнде халықаралық ынтымақтастықтың нысаны ретiнде, атап айтқанда, бағалы қағаздар нарығын жаһандандыру жағдайында кездесетiн бағалы қағаздардың есебi мен құқықтарын растау және бағалы қағаздар рыногында ақпаратты ашу мәселелерi бөлiгiнде заңды бiрiздендiру көзделген.
Бағалы қағаздар рыногына халықты тарту және брокер компанияларын капиталдандыруын арттыруды ынталандыру арқылы инвестициялық банкинг дамитын болады.
5.4. Бағалы қағаздар рыногын реттеу саясаты
5.4.1. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк
реттеудi жетiлдiру
Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеу басты бағыттары бойынша - АҚ-дың және бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының қызметiн реттеу бөлігінде жүргiзiледi.
Инвесторлардың мүдделерiне АҚ-дың мониторингiне тиiстi назар аударылатын болады, себебi бүгiнгi күнi бағалы қағаздар рыногында олардың қызмет белсендiлiгiнiң төмендiгi олардың дамуын ұстап тұрған негiзгi фактор болып табылады. Бұл проблеманы шешу үшiн Ұлттық Банкпен бiрiгiп АҚ-дың және басқа кәсiпорындардың мониторингiн жүзеге асыру, мониторингтiң құрамын жетiлдiру мен мониторингке тартылған компаниялардың санын ұлғайту көзделiп отыр.
" Акционерлiк қоғамдар туралы ", " Бағалы қағаздар рыногы туралы " Қазақстан Республикасы Заңдарының құқық қолдану тәжiрибесiнiң қорытындылары бойынша заңның жекелеген нормаларын нақтылау қажеттiлiгiнен "Акционерлiк қоғамдардың қызметi мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасының кейбiр заң кесiмдерiне қосымшалар мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасы әзiрленедi.
Заң жобасын қабылдаудың мақсаты АҚ-дың қызметiн, әсiресе, оларды құру, АҚ-дың қайта құру және жою тәртiбiн мемлекеттiк реттеу жүйесiн жетiлдiру болып табылады.
Компанияның жеке немесе жария болып табылатынына байланысты ақпаратты ашуға және корпорациялық басқарудың қажеттi деңгейiне тиiстi талаптар белгiлеу үшiн компанияларды жария және жеке етiп заңнамалық ажыратуды енгiзуге бағытталған түзетулердi енгiзу күтiлуде. Компанияның "акционерлiк қоғам" ұйымдық-құқықтық нысаны бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн жария компания ретiнде жұмыс iстеуiн мiндеттейтiн болады деп күтiлуде.
Заң жобасын қабылдау инвесторлар үшiн (оның iшiнде шетел инвесторлары) Қазақстан Республикасының резидент-эмитенттерi шығаратын бағалы қағаздардың тартымдылығын жоғарылатуға ықпал етедi, себебi сенiмдi инвесторларды қызметi барлығына ашық және қызмет ету тетiктерi неғұрлым қарапайым, практикалық қызметiнiң барысында пысықталған АҚ-тар ғана қызықтырады.
Облигацияларды қамтамасыз етудiң неғұрлым сенiмдi тәсiлдерiн айқындау мақсатында заң жобасында қамтамасыз етiлген облигациялар деген ұғым нақтыланады.
Әкiмшiлiк iс жүргiзу және қылмыстық кодекстерiне қаржы рыногына қатысушылардың құқықтарын қорғау жүйесiн жетiлдiру бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi.
Инсайдерлiк ақпарат пен инсайдерлiк мәмiле, оларды пайдалануға тыйым салу ұғымдарын нақтылап, бағалы қағаздарға әдiлеттi баға қалыптастыруды, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және инсайдерлердiң қызметiн бақылауды қамтамасыз ету үшiн болашақта инсайдерлiк сауда мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасының заң кесiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделген.
Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларын мемлекеттiк реттеудi жетiлдiру үшiн және инвесторлардың мүдделерiн қорғау мақсатында осы кезеңде оларды пруденциялық реттеудi олар көрсететiн қаржы қызметтерi мен тәуекелдi басқару мiндеттерiнiң барлық ауқымын ескерiп қайта қарау, бағалы қағаздар рыногында әдiлеттi бәсекелестiктi ынталандыру, Еуропалық одақтың негiзгi директиваларын енгізудi қамтамасыз ету, соның iшiнде бағалы қағаздар рыногында инсайдерлiк сауда және терiс пайдалану мәселесi жөнiнде, инфрақұрылым субъектiлерiнiң техникалық жүйелерiнiң сапасына қойылатын талаптарды жоғарылату керек.
5.4.2. Бағалы қағаздар рыногы көрсеткiштерiнiң толыққанды
дерекқорын қалыптастыру
Бағалы қағаздар рыногы көрсеткiштерiн талдау сапасын жоғарылату, осы рыноктың ұйымдастырылған, сондай-ақ ұйымдастырылмаған бөлiгiнде де көрсеткiштерiнiң толыққанды дерекқорынсыз оны дамытудың дұрыс стратегиясын әзiрлеу мүмкiн емес.
Мүдделi тұлғалардың пайдалануы үшiн рыноктың жағдайы туралы мәлiметтердi жинақтау айтарлықтай көлемдi және шығынды мiндет болып табылады, ол:
тиiмдi талдауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн барлық лицензиаттардың есеп беру нысандарын әзiрлеу және енгiзу;
ақпарат жинау процесiн, сондай-ақ дерекқорды қалыптастыру, жаңарту және мониторингтеудi ұйымдастыру;
рыноктың нақты сипатын барабар көрсететiн мәлiметтердi қалыптастыру мен жинақтау үшiн 3-5 жыл көлемiндегi жинақтау кезеңiнiң қажеттiлiгiмен негiзделедi.
Бағалы қағаздар рыногы көрсеткiштерiнiң дерекқорын құру мен қалыптастыру мынадай:
мәлiметтердi жинау, сақтау және өңдеу үшiн бiрыңғай әдiстемелiк базаны әзiрлеу;
рыноктың жағдайын көрнектi және барабар көрсететiн көрсеткiштер тiзбесiн анықтау;
мәлiметтердi түзету тетiгiн (қажет болған жағдайда), сондай-ақ мұндай түзетуде ақпаратты тұтынушының қатысу тетiгiн құру сияқты құрамдауыштарды құрауы тиiс.
Бағалы қағаздар рыногы көрсеткiштерiнiң толыққанды дерекқоры бағалы қағаздар рыногының негізгi талдауын жүргізу үшiн жеткiлiктi мәлiметтердi құрайды және бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары мен инвесторларымен қолданылады, сондай-ақ бағалы қағаздардың әлемдiк рыногының мониторингi және бағалы қағаздар рыногының отандық және шетел көрсеткiштерiн салыстыру бойынша халықаралық ұйымдармен ақпарат алмасу сапасын жоғарылатады.
5.4.3. Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой
қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының жұмыс
iстеу қағидаттары мен функцияларын жетiлдiру
Бағдарламаны iске асыру барысында ӨРҰ-дың жұмыс iстеу қағидаттары мен функциялары жетiлдiрiледi. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеудiң Агенттiк бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының негiзгi талаптарын, ал ӨРҰ - кәсiби қызметтi iске асыру егжей-тегжейлi стандарттарын және олардың iшкi құжаттарына талаптарды белгiлейдi. Тиiсiнше, ӨРҰ бақылауды, соның iшiнде олардың мүшелерiнiң ӨРҰ белгiлеген стандарттар мен ережелердi сақтауын тексерудi жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының заң кесiмдерiне сәйкес уәкiлеттi органның функциялары болып табылатын өкiлеттiктер ӨРҰ-ға берiлмейдi.
ӨРҰ олардың дайындығы мен белсендiлiгiне қарай бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандарды аттестациялауды жүргiзу мен куәлiгi барларға санкция қолдану құқығы бар бiлiктiлiк куәлiктердi беру бойынша функциялар кезең-кезеңiмен берiлiп отырады. ӨРҰ бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың басшы лауазымдарына кандидатураларды келiсу рәсiмiне қатысады.
Көрсетiлген мiндеттердi орындау үшiн заңға толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiледi, уәкiлеттi органның тиiстi нормативтiк-құқықтық кесiмдері және ӨРҰ iшкi ережелерi енгiзiледi.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны iске асыру тиiстi заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдердi қаржыландырудың қолданыстағы нормалары шегiнде жетiлдiру арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн, сондай-ақ халыққа арналған бағалы қағаздар рыногы туралы бiлiм беру бағдарламаларын қаржыландыруға 2007 жылғы бюджетте мөлшерi анықталатын республикалық бюджет қаражатын талап етедi.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны қолданысқа енгiзу нәтижесiнде:
2003 жылмен салыстырғанда ұйымдастырылған рыноктың ресми тiзiмiнiң iшкi корпорациялық облигацияларын капиталдандыру 2007 жылы 2,5 есеге өседi және шамамен 375 млрд. теңге құрайды.
Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздардың биржалық айналымы осы кезеңде 2 еседен астам ұлғаяды және шамамен 300 млрд. теңге құрайды.
Ұйымдастырылған рыноктың ресми тiзiмiнiң iшкi корпорациялық облигацияларын капиталдандырудың жалпы iшкi өнiмге қатынасы 2004 жылдың басындағы жағдай бойынша 3,5%-ды құрады. Бұл көрсеткiш Бағдарламаның әрекет ету кезеңiнде бiртiндеп ұлғаяды және 2007 жылы 5%-ды құрайтын болады.
Ұйымдастырылған рыноктың ресми тiзiмiнiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздармен биржалық сауда көлемiнiң жалпы iшкi өнiмге қатынасы 2004 жылдың басындағы жағдай бойынша 2,9%-ды құрады. Бұл көрсеткiш Бағдарламаның әрекет ету кезеңiнде ұлғаяды және 2007 жылы 4%-ды құрайтын болады.
Бағалы қағаздар рыногын дамыту тұтастай алғанда мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi алғышарт жасауға ықпал етедi.
8. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар
рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасын iске асыру жөнiндегi
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
1. ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
Р/с |
Іс-шара |
Аяқтау |
Орын- |
Орын- |
Болжамды |
Қаржы- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1.1. Ішкі институционалдық инвесторларды дамыту | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
1.1.1. |
Инвестициялық |
Норма- |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
1.1.2. |
Инвестициялық |
Норма- |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
1.2. Инвесторларды - жеке тұлғаларды қазақстандық бағалы қағаздар рыногында оқыту | ||||||
1.2.1. |
Бағалы қағаз- |
Теле- |
ҚНРА |
Үнемi |
Талап |
|
1.2.2. |
Инвесторларды |
Бұқара- |
ҚНРА |
Үнемi |
Талап |
|
1.2.3. |
Халықты бағалы |
РБК-ға |
MACM, |
2007 |
Мөлшерi |
|
2. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЭМИТЕНТТЕРIНЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ | ||||||
2.1. Бағалы қағаздар рыногында ақпаратты ашу | ||||||
2.1.1. |
Қазақстан Рес- |
Норма- |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
2.2. Бағалы қағаздардың жаңа түрлерiн шығару мүмкiндіктерiн кеңейту | ||||||
2.2.1. |
Орта мерзiмдi |
Қазақ- |
ҚарМ |
2005 |
Талап |
|
2.2.2. |
Құбылмалы сый- |
Бағалы |
ҚарМ, |
2005 |
Талап |
|
2.2.3. |
Мемлекеттiк |
Қазақ- |
ИСМ, |
2005 |
Талап |
|
2.2.4. |
Сауда-саттық |
Норма- |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
2.2.5. |
Акционерлiк |
Ұсыным- |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
2.2.6. |
Облигациялары |
Бюджет |
ҚарМ, |
2005 |
Талап |
|
2.2.7. |
Мемлекеттiк |
Норма- |
ИСМ, |
2005 |
Талап |
|
2.2.8. |
Мемлекеттiң |
Қазақ- |
ҚарМ, |
2005 |
Талап |
|
2.2.9. |
Мемлекеттiк |
Қазақ- |
ИСМ, |
2005 |
Талап |
|
2.2.10. |
Инвесторлардың |
Заң |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
2.2.11. |
Коммерциялық бағалы қағаз- |
Заң |
ҚНРА |
2006 |
Талап |
|
2.2.12. |
Ақпараттық және талда- |
Қазақ- |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
2.2.13. |
Зейнетақы ак- |
Норма- |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
2.2.14. |
Бағалы қағаз- |
Ұсыным- |
ҚНРА |
2007 |
Талап |
|
2.2.15. |
Жинақтаушы зейнетақы қор- |
Норма- |
ҚНРА |
"Қазақ- |
Талап |
|
2.2.16. |
Қор биржасында |
Норма- |
ҚҚБ |
тауар |
Талап |
|
2.2.17. |
Халықаралық қор рынок- |
Заң |
ҚНРА |
2006 |
Талап |
|
2.3. Шетелдiк бағалы қағаздарға рұқсат беру | ||||||
2.3.1. |
Шетелдiк баға- |
Заң |
ҚНРА |
2006 |
Талап |
|
2.3.2. |
Қазақстандық бағалы қағаз- |
Қазақ- |
ҚHPA |
2006 |
Талап |
|
2.4. Бағалы қағаздар рыногында салық салу тәртiбін жетiлдiру | ||||||
2.4.1. |
Мыналардың: |
Қазақ- |
ЭБЖМ, |
2006 |
Талап |
|
2.5. Эмитенттер кеңесiн құру | ||||||
2.5.1. |
Қазақстан |
Норма- |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
3. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНА ҚАТЫСТЫ САЯСАТ |
||||||
3.1. |
Бағалы қағаз- |
Заң |
ҚНРА |
2006 |
Талап |
|
3.2. |
Бағалы қағаз- |
Норма- |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
3.3. |
Бағалы қағаз- |
Норма- |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
3.4. |
Бағалы қағаз- |
Норма- |
ҚНРА |
2006 |
Талап |
|
3.5. |
Трансфер- |
Норма- |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
3.6. |
"Қазпочта" АҚ |
"Қаз- |
АБА, |
2005 |
Талап |
|
3.7. |
Орталық депо- |
Норма- |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
3.8. |
Дефолт жағ- |
Заң |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
3.9. |
Орталық депо- |
Заң |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
3.10. |
Бағалы қағаз- |
Норма- |
ҚҚБ |
2005 |
Талап |
|
3.11. |
Эмитенттерге олардың баға- |
Ұсыным- |
ҚҚБ |
2005 |
Талап |
|
3.12. |
Сауда-саттық |
Норма- |
ҚҚБ |
2005 |
Талап |
|
3.13. |
Қор биржасы- |
Норма- |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
3.14. |
Сауда-саттық |
Норма- |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
4. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫН РЕТТЕУ САЯСАТЫ | ||||||
4.1. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеудi жетiлдiру |
||||||
4.1.1. |
Заңдарға ин- |
Заң |
ҚНРА |
2006 |
Талап |
|
4.1.2. |
Қылмыстық және |
Заң |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
4.1.3. |
Акционерлiк қоғамдар сек- |
ҚНРА |
ҚРҰБ |
Тоқ- |
Талап |
|
4.1.4. |
Компанияларды жария және же- |
Заң |
ҚНРА |
2006 |
Талап |
|
4.2. Бағалы қағаздар рыногы көрсеткіштерiнiң толыққанды дерекқорын қалыптастыру |
||||||
4.2.1. |
Бағалы қағаз- |
Норма- |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
4.3. Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметi мен функцияларының қағидаттарын жетiлдiру | ||||||
4.3.1. |
ӨРҰ қызметi мен функцияла- |
Заң |
ҚНРА |
2005 |
Талап |
|
4.3.2. |
ӨРҰ өкiлеттiк- |
Заң |
ҚНРА |
2006 |
Талап |
Қабылданған қысқартулар:
АБА - Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi
ҚҚҚ - Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы
ҚНРА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi
ҚДБ - Қазақстанның Даму Банкi
ҚТҚ - Қазақстанның тiзiм ұстаушылар қауымдастығы
ҚҚБ - Қазақстан қор биржасы
МАСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
ҚарМ - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрлiгі
ҚҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi