2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.01.2020 № 6 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған:
1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны;
2) 2-қосымшаға сәйкес кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиті бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.07.2018 № 420; 01.08.2019 № 565 қаулысымен.2. Әкімдерге штаттық кестелерді бекіткен кезде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативін пайдалану ұсынылсын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.03.20 N 276 Қаулысымен.3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері:
1) жергiлiктi бюджеттерде бар қаражат шегiнде, жұмыс iстейтiн қызметкерлер үшін заңнамада белгіленген кепiлдiктердi қамтамасыз ете отырып, осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттерi шегiнде әкiмдер аппараттары мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарының штаттық кестелерiн бекiтсiн;
2) осы қаулыға 2-қосымшада белгіленген штат санының лимиттерiн сақтай отырып, жергiлiктi бюджеттерде бар қаражат шегiнде, жұмыс істейтін қызметкерлер үшiн заңнамада белгіленген кепілдiктердi қамтамасыз ете отырып, осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттері шегiнде айқындалған әкімдер аппараттары мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының және қалалардағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерiн бекiтсiн және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілiктi атқарушы органдарына жеткiзсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.08.2019 № 565 қаулысымен.4. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалада аудандары бар облыстық маңызы бар қалалардың әкiмдерi қаладағы аудандардың әкiмдерi орынбасарларының шектi санын белгілесiн.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.08.2019 № 565 қаулысымен.5. Аудан әкiмдерi аудандық маңызы бар қалалардың әкiмдерi орынбасарларының шектi санын белгілесiн.
6. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысына 1-қосымша |
Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.01.2020 № 6 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Өңірлер | Барлығы, штат саны* (бірлік) | Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері орынбасарларының саны (бірлік) |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
Ақмола | 3332 | 5 |
Ақтөбе | 2544 | 5 |
Алматы | 4084 | 5 |
Атырау | 1625 | 5 |
Шығыс Қазақстан | 4104 | 5 |
Жамбыл | 2711 | 5 |
Батыс Қазақстан | 2357 | 5 |
Қарағанды | 3586 | 5 |
Қостанай | 3585 | 5 |
Қызылорда | 1964 | 5 |
Маңғыстау | 1279 | 5 |
Павлодар | 2874 | 5 |
Солтүстік Қазақстан | 2742 | 5 |
Түркістан | 3991 | 5 |
Алматы қаласы | 1470 | 5 |
Нұр-Сұлтан қаласы | 934 | 6 |
Шымкент қаласы | 717 | 5 |
ЖИЫНЫ | 43899 | 86 |
Халқының саны 400000 адамнан аз облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 800000 адамнан артық облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 5 бірліктен аспауы тиіс.
Халқының саны 250000 адамнан аз аудандардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 250000 адамнан астам аудандардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 5 бірліктен аспауы тиіс.
* Саны облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша мемлекеттік қызметшiлердiң штат санын ескере отырып көрсетілген және әкiмдер аппараттарының және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, Қарағанды, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшiлерi санын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысына 2-қосымша |
Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары штат санының лимитi
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 N 411 қаулыcымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз).
Әкімшілiк-аумақтық бiрлiк халқының саны (мың адам) | Әкiмдер аппараттарының штат саны (бiрлiк) | Оның iшiнде әкiмдердiң орынбасарлары (бiрлiк) |
Кент, ауыл, ауылдық округ | ||
1,5-ға дейiн | 3-5 | |
1,5-нан 3-ке дейiн | 5-7 | |
3-тен 5-ке дейiн | 7-8 | |
5-тен 10-ға дейiн | 8-10 | 1 |
10-нан 20-ға дейiн | 10-15 | 1 |
20-дан 40-қа дейiн | 15-18 | 2 |
40-тан астам | 18-20 | 2 |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.03.20 N 276 Қаулысымен.
Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері
басшыларының орынбасарлары санының нормативі
Құрылымдық бөлімшелердің басшылары орынбасарларының лауазымдары енгізіледі:
бөлім бастығының орынбасары бөлімде (бастықты қоса
алғанда) кемінде 7 бірлік
болғанда;
Басқарма бастығының орынбасары басқармада (бастықты қоса
алғанда) кемінде 15 бірлік
болғанда. Басқарма бастығы
орынбасарының шекті саны 3
бірліктен аспауы тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысына 4-қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбiр шешімдерінің тiзбесi
1. "Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерінің аппараттары штат санының лимиттері және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi орынбасарларының шектi саны туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шiлдедегi N 985 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шілдедегi N 985 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 5 наурыздағы N 275 қаулысы.
3. "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерінің кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1311 қаулысының 2-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шілдедегi N 985 және 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 115 қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шілдедегi N 985 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 наурыздағы N 246 қаулысы.
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шілдедегi N 985 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 шілдедегi N 747 қаулысы.
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шілдедегі N 985 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы N 784 қаулысы.
8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 21 шілдедегi N 985 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 желтоқсандағы N 1292 қаулысы.