Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шiлдедегi N 985 және 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 31 қаңтар N 115. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Қаулының 1-тармағын қоспағанда күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.04.24 N 387 (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексі) 15-бабына сәйкес және кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiру, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға салықтық әкiмшiлiк жүргiзудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.03 N 101 қаулысымен.
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң аумақтық органдары қызметкерлерiнiң бекiтiлген штат саны лимиттерi шегiнде "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң N 1 аймақаралық салық комитетi" мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрi - Аймақаралық комитет) құрылсын.
      2-3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.04.24 N 387 (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29 N 1127 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі