Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексіне  және "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) 1-қосымшаға сәйкес жергілiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттері мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi орынбасарларының шектi саны;
      2) 2-қосымшаға сәйкес кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиті бекiтiлсiн.

      2. Штаттық кестелерді бекiткен кезде әкімдерге 3-қосымшаға сәйкес жергіліктi атқарушы органдардың штат санының нормативтерiн пайдалану ұсынылсын.

      3. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерi:
      1) осы қаулыға 3-қосымшада белгiленген жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының нормативтерiн сақтай отырып, жергiлiктi бюджеттерде бар қаражат шегiнде, жұмыс iстейтiн қызметкерлер үшін заңнамада белгіленген кепiлдiктердi қамтамасыз ете отырып, осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттерi шегiнде әкiмдер аппараттары мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының атқарушы органдарының штаттық кестелерiн бекiтсiн;
      2) осы қаулыға 2 қосымшада белгіленген штат санының лимиттерiн сақтай отырып, жергiлiктi бюджеттерде бар қаражат шегiнде, жұмыс істейтін қызметкерлер үшiн заңнамада белгіленген кепілдiктердi қамтамасыз ете отырып, осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттері шегiнде айқындалған әкімдер аппараттары мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының және қалалардағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерiн бекiтсiн және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілiктi атқарушы органдарына жеткiзсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.

      4. Алматы, Астана қалаларының, қалада аудандары бар облыстық маңызы бар қалалардың әкiмдерi қаладағы аудандардың әкiмдерi орынбасарларының шектi санын белгілесiн.

      5. Аудан әкiмдерi аудандық маңызы бар қалалардың әкiмдерi орынбасарларының шектi санын белгілесiн.

      6. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерінің күші жойылды деп танылсын.

      7. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметінiң         
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1324 қаулысына     
1-қосымша         

Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының
лимиттерi және облыстардың, Алматы және Астана
қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
әкiмдерi орынбасарларының шектi саны

____________________________________________________________________
     Өңiрлер        | Барлығы, штат саны* |Облыстың, Алматы, Астана
                    |     (бiрлiк)        |  қалаларының әкiмi
                    |                     | орынбасарларының саны
                    |                     |        (бiрлiк)
____________________|_____________________|_________________________
      1             |        2            |            3
____________________________________________________________________
Ақмола                      3548                       4
Ақтөбе                      2670                       4
Алматы                      4176                       4
Атырау                      1724                       5
Шығыс Қазақстан             4485                       4
Жамбыл                      3020                       4
Батыс Қазақстан             2591                       4
Қарағанды                   3880                       4
Қостанай                    3816                       4
Қызылорда                   2039                       4
Маңғыстау                   1164                       4
Павлодар                    3183                       4
Солтүстiк Қазақстан         3003                       4
Оңтүстiк Қазақстан          4462                       5
Алматы қаласы               1784                       5
Астана қаласы               1001                       5
ЖИЫНЫ                      46546                      68
____________________________________________________________________

      Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерi
орынбасарларының шектi саны 3 бiрлiктен аспауы тиiс.

      * Саны облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша
мемлекеттік қызметшiлердiң штат санын ескере отырып көрсетілген
және әкiмдер аппараттарының және облыстар, Алматы және Астана
қалалары, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, Қарағанды,
Шымкент, Алматы, Астана қалаларындағы аудандар, аудандық маңызы
бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер
атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшiлерi санын қамтиды.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2004 жылғы 15 желтоқсандағы 
N 1324 қаулысына    
2-қосымша        

Кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер
әкімдерінің аппараттары штат санының лимитi

____________________________________________________________________
 Әкімшілiк-аумақтық бiрлiк   |Әкiмдер аппараттарының| Оның iшiнде
      халқының саны          |       штат саны      |  әкiмдердiң
       (мың адам)            |       (бiрлiк)       | орынбасарлары
                             |                      |   (бiрлiк)
_____________________________|______________________|_______________
Кент, ауыл (село), ауылдық
(селолық) округ
      1,5-ға дейiн                4-тен көп емес            -
      1,5-нан 3-ке дейiн               4-5                  -
      3-тен 5-ке дейiн                 5-6                  -
      5-тен 10-ға дейiн                6-8                  1
      10-нан 20-ға дейiн              8-10                  1
      20-дан астам                   10-12                  1
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2004 жылғы 15 желтоқсандағы 
N 1324 қаулысына    
3-қосымша        

Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының
нормативтері

      1. Мынадай адам саны болған жағдайда құрылымдық бөлімшелер құрылады (бөлiмшелер басшыларын қоса алғанда):
бөлiм                  адам саны кемiнде 3 бiрлiк болғанда
басқарма               адам саны кемiнде 12 бiрлiк болғанда
Департамент            адам саны кемiнде 18 бiрлiк болғанда (бас
                       мамандар саны мамандар санының 80%-ынан
                       артық емес)

      2. Құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары орынбасарларының лауазымдары енгізіледі:
бөлiм бастығының        бөлiмде (бастықты қоса алғанда) кемiнде
орынбасары              7 бiрлiк болғанда

басқарма бастығының     басқармада (бастықты қоса алғанда) кемiнде
орынбасары              15 бірлік болғанда

Департамент             департаментте (директорды қоса алғанда)
директорының            кемiнде 18 бiрлiк болғанда. Департамент
орынбасары              директоры орынбасарларының шектi саны 3
                        бiрлiктен аспауы тиiс.

      3. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бөлiмдерде, егер бөлiмнiң адам саны 7 бірліктен асса заңнамаға сәйкес құрылымдық бөлiмшелер құрылады.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2004 жылғы 15 желтоқсандағы 
N 1324 қаулысына     
4-қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күшi жойылған кейбiр шешімдерінің
тiзбесi

      1. "Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерінің аппараттары штат санының лимиттері және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi орынбасарларының шектi саны туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шiлдедегi N 985  қаулысы .

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шілдедегi N 985 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 5 наурыздағы N 275  қаулысы .

      3. "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерінің кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1311  қаулысының  2-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шілдедегi N 985 және 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 115  қаулысы .

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шілдедегi N 985 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 наурыздағы N 246  қаулысы .

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шілдедегi N 985 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 шілдедегi N 747  қаулысы .

      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шілдедегі N 985 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы N 784  қаулысы .

      8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 21 шілдедегi N 985 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 желтоқсандағы N 1292  қаулысы .