Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 Қаулысы

Жаңартылған

      "Teмip жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiліп отырған Тасымалдаушының әлеуметтік мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 11 қарашадағы 
N 1188 қаулысымен   
бекiтiлген     

  Тасымалдаушының әлеуметтiк мәні бар қатынастар
бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына
байланысты залалдарын
субсидиялау ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялаудың тәртiбi мен шарттарын (бұдан әрi - субсидиялау) айқындайды.
      2. Әлеуметтік мәнi бар қатынастар (бұдан әрi - қатынастар) бойынша жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру жөнiндегi конкурстың (бұдан әрi - конкурс) нәтижелерi бойынша анықталған тасымалдаушының залалдары субсидиялауға жатады.
      3. Конкурсты өткiзудi ұйымдастырушылар:
      1) облысаралық қатынастар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестірудi, реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкiлетті орган);
      2) ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруға тиiстi облыстардың әкiмдiктерi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар (бұдан әрi - атқарушы органдар).

  2. Субсидиялар мөлшерін анықтау тәртібі

      4. Облысаралық қатынастарды уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi, ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарды жергілiкті өкiлеттi және атқарушы органдар анықтайды.
      5. Тасымалдаушының облысаралық қатынастардағы тасымалды жүзеге асыруға байланысты залалдары тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегiнде субсидияланады.
      Тасымалдаушының ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастардағы тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты залалдары тиiстi жергiлiктi бюджеттерде көзделген сомалар шегiнде субсидияланады.
      Жолаушылар тасымалдауды қатынастар бойынша ұйымдастыруға арналған субсидиялардың жалпы сомасы, әлеуметтік мәнi бар қатынастар тiзбесiн және осы Ереженiң 6-тармағында көрсетілген өндiрiстiк көрсеткiштер негiзiнде магистральдық темiр жол желiсiнiң қызмет көрсетулерi тарифтерiнiң деңгейiн есепке ала отырып, жыл сайын тиiстi бюджетте көзделедi.
      Табиғи монополия саласында бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлетті орган жыл сайын, белгіленген тәртiппен жолаушылар тасымалдауды қатынастар бойынша жүзеге асыратын тасымалдаушылар үшiн тиiстi жылға субсидиялауға көзделген бюджеттік қаражаттарды есепке ала отырып, магистральдық темiр жол желiсiнiң қызмет көрсетулерiнiң тарифтерiне (бағаларына, ставкаларына, алымдарына) уақытша төмендету коэффициентiн бекiтедi.
      Поездардың тiзбесi, олардың әлеуметтiк мәнi бар қатынастарда жүру кезеңдiлігі, осы поездардың субсидияланатын бөлiгiнiң құрамдылығы уәкiлеттi орган және атқарушы органдар жыл сайын өткiзетiн Қазақстан Республикасындағы жолаушылар тасымалдауды талдаудың негiзiнде белгiленедi.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.22. N  1272  қаулысымен.
      6. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi бюджеттің шығыс бөлiгiне енгiзу үшін субсидиялар мөлшерiн есептеу әр жолаушы поезы бойынша мынадай өндiрiстiк көрсеткiштер негiзiнде жүргізiледi:
      1) жолаушы айналымы:
      тасымалданатын жолаушылар саны;
      жол жүрудiң орташа қашықтығы;
      2) вагон айналымы (вагондардың жүрген жолы):
      бағыттардың қашықтығы;
      поездың субсидияланатын бөлігінiң құрамдылығы және қатынау жиiлiгi;
      3) вагондардың сыйымдылығы;
      4) бiр жолаушы-километрдiң өзiндiк құны;
      5) бiр жолаушы-километрдiң кiрiс ставкасы;
      6) бағыт шығыстары;
      тасымалдаушының пайдалану шығыстары;
      магистральдық темiр жол желiсiнiң қызмет көрсетулерi үшiн төлем;
      локомотивтiк тарту қызметiн көрсетулерi үшiн төлем;
      7) бағыт кiрiстерi.
      7. Тиiстi бюджеттiк бағдарламада көзделген соманың шегiнде қатынастар бойынша темiр жол көлiгімен мынадай вагон санаттарында жалпы, плацкарт, купе, дизель және электр поездарының вагондары, сондай-ақ мемлекеттiк кепiлдiкпен мемлекеттiк емес қарыз есебiнен сатып алынған вагондарда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының есептi залалдары субсидиялауға жатады.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.03. N  147  қаулысымен.
      8. Конкурсқа қойылатын қатынастар бойынша билеттер бағасының шектi деңгейiн уәкілеттi орган (атқарушы орган) белгілейдi.
      9. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергіліктi өкілетті және атқарушы органдар белгіленген қатынастар негiзiнде уәкілетті және атқарушы органдар лоттарды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурс өткiзедi.
      10. Субсидиялардың ең аз көлемiн ұсынатын және уәкiлетті орган белгiлеген мiндетті қызметтердiң тiзбесiмен қоса тасымалдауды үздiксiз жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндеттенетін тасымалдаушы жеңген болып танылады.
      11. Конкурстық комиссия конкурсты өтпеген деп таныған жағдайда конкурстық комиссия қайта конкурс өткiзедi.
      12. Егер қайта ашық конкурстың нәтижелері бойынша тасымалдаушы анықталмаса, онда уәкілетті орган (атқарушы орган) осы Ережеге сәйкес есептелген субсидиялар сомасына Жолаушылар, жүк, жүк-багаждың және почта жөнелтілімдерiнiң ұлттық тасымалдаушысымен қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға шарт жасасады.
      13. Конкурс жеңiмпазы мен уәкiлетті орган (атқарушы орган) арасында уәкілетті орган (атқарушы орган) бекiткен нысан бойынша жасалған, онда негізгi шарттар, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, өткiзiлген конкурстардың нәтижелері бойынша белгiленген мөлшерде субсидияларды төлеу тәртібi мен мерзiмдерi белгiленген тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша тасымалды жүзеге асыруға байланысты залалдарын субсидиялау туралы шарт (бұдан әрi - шарт) жасалады.
      14. Шарт 1 жылдық мерзiмге жасалады және келесi күнтiзбелiк жылдың 1-шi қаңтарынан бастап күшiне енедi.

  3. Тасымалдаушының әлеуметтiк мәні бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдары
бойынша субсидияларды төлеу тәртiбі мен шарттары

      15. Республикалық бюджеттен субсидияларды төлеу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысымен бекітілген міндеттемелер мен төлемдер жөнiндегi қаржыландыру жоспарына және бюджеттiк бағдарлама паспортына сәйкес жүргiзiледi.
      16. Бiр облыс iшiндегi қалааралық және ауданаралық қатынастар бойынша жергiлiктi бюджеттен субсидияларды төлеу әкiмдiктiң қаулысымен бекiтiлген мiндеттемелер және төлемдер жөнiндегi қаржыландыру жоспарына және бюджеттiк бағдарлама паспортына сәйкес жүргiзiледi.
      17. Субсидияларды төлеу нақты жүзеге асырылған және жыл басынан бастап жолаушылар тасымалдауды орындау туралы есеппен және осы Ережеге 1-1 және 2-қосымшаларға сәйкес ресiмделген, орындалған жұмыстар актісімен расталған тасымалдар бойынша ай сайын жүргізіледі.
       Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.22. N  1272  қаулысымен.
      18. Шартта конкурс жеңiмпазы ұсынған субсидияның айлық сомасының 30 пайызына дейiнгі мөлшерде алдын ала төлеу көзделуi мүмкiн.
      19. Тасымалдаушы ай сайын, есептіден кейiнгi айдың 25-шi күнiне дейiнгі мерзiмде ұйымның басшысымен, бас бухгалтерiмен және мөрiмен куәландырылған мынадай құжаттарды уәкілетті органға (атқарушы органға) ұсынады:
      1) осы Ережеге 1 және 1-1-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жолаушылар тасымалын орындау туралы ай сайынғы есепті және жыл басынан бастап жолаушылар тасымалын орындау туралы есепті;
      2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актiсi;
      3) қатынас және осы поезда тасымалданған жолаушылар саны бойынша орындалған тасымалдар көлемiн растайтын магистральдық темiр жол желiсi операторының құжаты.
       Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.22. N  1272  қаулысымен.
      20. Уәкiлеттi орган (атқарушы орган) орындалған жұмыстар актiсiн қабылдағаннан кейiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық органына осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес субсидияланатын бағыттардың тiзiлiмдерiн және төлеуге арналған шоттарды ұсынады.

Тасымалдаушының әлеуметтік   
мәні бар қатынастар бойынша  
жолаушылар тасымалдауды жүзеге 
асыруына байланысты залалдарын  
субсидиялау ережесіне      
1-қосымша             

       Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.22. N  1272  қаулысымен.                  

Жолаушылар тасымалдауды орындау туралы есеп
(ай сайын)

__________________________________________________________________
1   | 2   3 |  4 | 5  | 6 |  7 |  8 |  9   | 10  |  11  |  12
__________________________________________________________________
Ке. |По.|Қа.|Қа. |Қа. |Ва.|Құ. |Ва. |Жолау.|1 жо.|Жолау.|Бағыт
зең |езд|ты.|шық.|ты. |гон|рам.|гон.|шы ай.|лаушы|шылар |бой.
(ай)|N  |нас|тық,|нау |тү.|дағы|дар.|налы. |-км  |тасы. |ынша
    |   |   |км  |ке. |рі |ва. |дың |мы,   |өзін.|мал.  |кіріс
    |   |   |    |зең.|   |гон.|жүр.|жолау.|дік  |данды |мың тг
    |   |   |    |ді. |   |дар.|ген |шы, км|құны |      |
    |   |   |    |лігі|   |дың |жолы|      |     |      |
    |   |   |    |    |   |саны|ваг/|      |     |      |
    |   |   |    |    |   |    |км  |      |     |      |
__________________________________________________________________

      таблицаның жалғасы:

____________________________________
          13           |     14    |
_______________________|___________|
Тасымалдар бойынша     |Шығыстар   |
шығыстар               |жиыны мың  |
_______________________|тг         |
МТЖ қыз.|Локо.|Тасымал.|           |
меттер  |мотив|даушының|           |
көрсе.  |тар. |шығыс.  |           |
туі,    |тымы.|тары    |           |
мың тг  |ның  |мың тг  |           |
        |қыз. |        |           |
        |меті |        |           |
        |мың  |        |           |
        |тг   |        |           |
____________________________________

      Тасымалдаушы

      Бас бухгалтер

      М.о.

                                          Тасымалдаушының әлеуметтік
                                        мәні бар қатынастар бойынша
                                      жолаушылар тасымалдауды жүзеге
                                      асыруына байланысты залалдарын
                                           субсидиялау ережесіне
                                                1-1 қосымша

       Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.12.22. N  1272  қаулысымен.

           Жолаушылар тасымалын орындау туралы есеп
                     200__жылдың_________
                      (жыл басынан бастап)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Кезең

Поезд
N

Қаты-
нас

Қа-
шық-
тық,
км

Қаты-
нау кезең-
ділігі

Вагон
түрі

Құрам-
дағы
вагон-
дардың
орташа
саны

Вагон-
дардың
жүрген жолы,
ваг/км

Жолау-
шы
айна-
лымы,
жо-
лаушы,
км

1 жо-
лаушы,
км орташа
өзін-
дік
құны, тг

      кестенің жалғасы

11

12

13

14

15

Жолау-
шылар
тасы-
мал-
данды

Жол бағыты
бой-
ынша
кіріс,
мың тг

Тасымалдар
бойынша шығыстар

Шығыс-
тар
жиыны,
мың тг

Кіріспен
жабылмайтын
шығыстар, мың тг

МТЖ
қыз-
мет-
тері,
мың тг

Локо-
мотив
тарты-
мының
қыз-
мет-
тері,
мың тг

Тасы-
мал-
дау-
шының
шығыс-
тары,
мың тг

Бар-
лы-
ғы

жыл
басы-
нан
бас-
тап
тө-
лен-
ген
суб-
сидия

суб-
си-
дия-
лауға
жата-
ды

 

      

Тасымалдаушының әлеуметтiк   
мәнi бар қатынастар бойынша  
жолаушылар тасымалдауды жүзеге 
асыруына байланысты залалдарын 
субсидиялау ережесiне    
2-қосымша        

Орындалған жұмыстар актiсi

200_жылғы "_"______

      Бiз, төменде қол қойғандар,
______________________________________________
(басшының, бас бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.)
бiр тараптан және_____________________________
(басшының, бас бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.)
      екiншi тараптан, 200_жылғы____________ айы iшiнде орындалған
жұмыстардың осы актіні жасадық.

__________________________________________________________________
Поезд|Рейс.|   Вагон айналымы      |Бағытты субсидиялау
N    |тер  |_______________________|сомасы (мың тг)
     |саны |вагон|вагон|вагон|вагон|
     |     |түрi |түрi |түрi |түрi |
__________________________________________________________________
   1    2     3     4     5     6        7
__________________________________________________________________

      200_жылғы___________айына арналған субсидиялау сомасы
___________________________________________________құрайды
(теңгедегі сомасы цифрмен және жазбаша)

      Тараптардың заңды мекен-жайлары:
      Уәкілетті орган:                 Тасымалдаушы:
      СТН                              СТН
      Банктiк деректемелер             Банктiк деректемелер
      ____________________________     ______________________
      (басшының қолы, Т.А.Ә.)          (басшының қолы, Т.А.Ә.)

      ____________________________     ______________________
      (бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)  (бас бухгалтердің қолы,
                                        Т.А.Ә.)
               М.о.                          М.о.

Тасымалдаушының әлеуметтiк  
мәнi бар қатынастар бойынша  
жолаушылар тасымалдауды жүзеге 
асыруына байланысты залалдарын  
субсидиялау ережесiне      
3-қосымша          

Субсидияланатын бағыттардың
тізілімі

200_жылғы "_"______

__________________________________________________________________
P/c N|Бағыттың|Жөнелту   |Жеткізу  |Бағытты субсидиялау
     | N      |станциясы |станциясы|сомасы (мың тг)
__________________________________________________________________
  1      2         3          4          5
__________________________________________________________________

      Субсидиялау сомасының жиыны:___________________________
                             (теңгедегi сомасы цифрмен және жазбаша)
      Осы тiзiлiмге мыналар қоса берiледi:
      1._________________________
      2._________________________
      3._________________________

      Тасымалдаушы:                         Уәкiлеттi орган:
      ______________________            ______________________
      (басшының қолы, Т.А.Ә.            (басшының қолы, Т.А.Ә.)
      ______________________           ______________________
     (бac бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.)    (бac бухгалтердiң қолы,
                                          Т.А.Ә.)
             М.о.                            М.о.