Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 наурыздағы N 147 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 774 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.06.08 N 91 қаулысымен.

      Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының 2006 жылғы 20 ақпандағы N 7-7-57-06 наразылығы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жөніндегі облыстық Ведомствоаралық комиссия құру туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 1 наурыздағы N 101 қаулысына (тіркеу нөмірі 2212, 2005 жылғы 26 наурызда "Рудный Алтай", 2005 жылғы 26 наурызда "Дидар" газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жөніндегі облыстық Ведомствоаралық комиссия туралы ережедегі:

      1) 5-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

      2) 11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Комиссия отырыстарын дайындау үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, мүдделі ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан ақпараттар сұрау және алу".

      Облыс әкімі