Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетiнiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1134 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Yкiметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының  24-бабына  және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау Кoмитеті таратылсын.

      2. Қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттігінің мүлкiн бере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетi құрылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Қаржы бақылау комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.

      4. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетiнiң құрылымы;
      3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi;
      4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетi төрағасының төрт, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетiн таратуды қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      7. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерінің күші жойылды деп танылсын.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1134 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу
комитетi туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретi шегінде мемлекеттік қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып aлу саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.
      Комитеттің негiзгі мiндеттерi:
      республикалық және жергілікті бюджеттердiң атқарылуы, есебiн жүргiзу және атқарылуы жөнiнде есеп беру, олардың атқарылуын бағалау, гранттардың, мемлекет активтерiнiң, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекеттік мекемелердiң олардың иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаның пайдаланылуы бөлiгiнде мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуiн тексеру;
      мемлекеттiк сатып алудың ұйымдастырылуы мен өткiзiлуiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау болып табылады.
      2. Комитеттің облыстар мен Астана және Алматы қалаларында аумақтық бөлiмшелерi болады.
      3. Комитет өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына  және басқа да заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнің кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тілде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегі бланкiлерi болады. Комитеттің бюджеттiк шоттары, сондай-ақ заңнамаға сәйкес министрлiктің қазынашылық органдарында шоттары және Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексінде , Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, өзге де шоттары болуы мүмкiн.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттік берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      5. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен тиiсті кесiмдер, оның iшiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндетті күшi бар нұсқамалар шығарады.
      Комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне қатысты iшкi бақылау қызметi функцияларын атқарады.
      6. Комитет штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      7. Комитеттің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33, Абай даңғылы, 52, Министрлiктер үйi.
      8. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетi" мемлекеттік мекемесi.
      Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметте жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
      Комитетке кәсіпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  2. Комитеттің функциялары мен құқықтары

      10. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
      1) мынадай салада мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
      орталық мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерiнің жұмысын үйлестiру;
      iшкі бақылау саласындағы кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын пайдалану кезiнде мемлекеттiк қаржылық бақылау объектілерi лауазымды тұлғаларының iс-әрекеттерiнде қылмыс немесе әкiмшілік құқық бұзушылық белгiлерi, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзудың өзге де фактiлерi анықталған жағдайда, бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарауға уәкiлеттi органдарға беру;
      ақпарат беру үшiн тиiсті бақылау жоспарлары мен актілерін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетiне, мәслихаттардың тексеру комиссияларына жiберу;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы  заңнамасына  сәйкес иелігінде қалған ақша есебiнен тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға мiндетті субъектілердiң Мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргізу;
      мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу мәселелерi бойынша тапсырыс берушілердiң орындауы үшiн мiндетті шешiмдер қабылдау;
      өз құзыретiнiң шегінде мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеудi жүзеге асыру;
      сатып алу тәсiлдерiн келiсу туралы тапсырыс берушілердiң өтінiштерiн қарау және олар бойынша тиiстi шешiмдер қабылдау;
      қылмыс белгiлерi анықталған жағдайларда жүргiзiлген тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына беру;
      2) бақылау-қадағалау функциялары:
      ішкі бақылау қызметі бар мемлекеттік органдардан қажетті ақпарат алу, iшкі бақылау қызметi бар мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау жүргiзу жоспарларының орындалуы мен нәтижелерi туралы есептерiн қарау;
      мемлекеттiк сатып алу процесінде тапсырыс берушi ретiнде әрекет ететін тұлғалар жүзеге асыратын бақылаудың тиiмділігін бағалау;
      тапсырысшылардың, мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстар ұйымдастырушылардың, конкурстық комиссиялар мүшелерiнiң, конкурстық комиссия хатшысының iс-әрекетіне (әрекетсiздігіне) әлеуеттi берушілердiң (берушілердiң) өтiнiштерiн (шағымдарын) қарау және олар бойынша тиiстi шаралар қабылдау;
      тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiнде конкурс өткiзу кезiнде оның қорытындысына әсер еткен Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол берiлген жағдайда және егер өткiзілген конкурс конкурс жеңiмпазын анықтауға және шарт жасасуға әкеп соқпаса, конкурстарды жарамсыз деп тану туралы шешiм қабылдау;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы  заңнамасы  бұзылған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейiн конкурсты ұйымдастырушы, тапсырысшы немесе конкурстық комиссия шешімдерiн жарамсыз деп тану және мемлекеттiк сатып алу процесiн тоқтата тұру;
      мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасқанға дейiн конкурсты ұйымдастырушылардың, тапсырысшылар мен конкурстық комиссиялардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып қабылданған шешiмдерiн қайта қарау немесе олардың күшін жою туралы шешімдер қабылдау;
      мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерiнің қызметі қаржылық есеп беруiнiң және тиiмділiгiнің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiне қаржылық бақылау жүргізу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының мақсатсыз, негiзсiз және тиiмсiз пайдаланылуын анықтау, оның жолын кесу және болдырмау;
      төтенше мемлекеттiк бюджеттің атқарылуын бақылау;
      iшкі бақылау қызметтерiнің мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын бақылау;
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiнде  белгiленген жағдайларда және тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жазалар қолдану;
      мемлекеттiк органдар мен барлық меншiк нысандарындағы ұйымдардың қызметiн тиiстi бюджеттерге салықтан тыс түсiмдердiң толықтығы мен уақтылы енгiзiлуiне қатысты мәселелер бойынша бақылау;
      иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаны мемлекеттiк мекемелердiң дұрыс қалыптастыруы мен пайдалануын бақылау;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      мемлекеттiк сатып алуға бөлiнетiн қаражаттың тиiмсiз пайдаланылуын анықтау, оның жолын кесу және болдырмау;
      мемлекеттiк сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталу тұрғысында тексеру жүргізу.
      11. Комитеттің:
      өз құзыретi шегiнде бұйрықтарды әзiрлеуге және қабылдауға;
      республикалық және жергілiктi бюджеттердің атқарылуы, есебін жүргiзу және атқарылуы жөнінде есеп беру, гранттардың, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекет активтерiнiң, мемлекеттiк мекемелердiң олардың иелiгінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаның пайдаланылуы бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы талаптарының бұзылу себептерiне баға беруге;
      iшкi қаржылық бақылау мәселелерi бойынша есеп беру нысандарын әзiрлеу, оны жасау және беру тәртiбi жөнінде ұсыныс енгiзуге;
      республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) орындалу тиiмдiлiгі мен нәтижелілігiне, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылу себептерiне баға беруге;
      iшкі бақылау қызметтерінің бақылау актiлерiн талдауға және олардың қызметінiң тиiмдiлігiн арттыру жөнiнде ұсынымдар беруге;
      бақылау ic-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
      оларға белгiленген мерзiмде: мемлекеттiк қаржылық бақылау объектілерiнен, мемлекеттiк органдардан, тапсырыс берушілерден, мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстар ұйымдастырушылардан, конкурстық комиссиялардың мүшелерiнен өз функцияларын iске асыру үшін қажеттi ақпаратты және материалдарды; қаржылық бақылау, мемлекеттiк сатып алу процесiне бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелердi сұратуға және алуға;
      ішкi бақылау қызметтерi жүзеге асыратын бақылаудың тиiмдiлігін арттыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге;
      мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын және қажет болған кезде, республикалық бюджеттен осы мақсатқа бөлiнген қаражат шегiнде олардың қызметтерiне ақы төлей отырып, аудиторларды немесе аудиторлық ұйымдарды және сарапшыларды қаржылық бақылау жүргiзуге тартуға;
      қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпиялардың құпиялылық режимiнiң сақталуын ескере отырып, мемлекеттiк сатып алу процесiн жүзеге асыру, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу, гранттарды, мемлекет активтерiн, мемлекет кепілдiк берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаны пайдалану мәселелерiне жататын құжаттамамен кедергiсiз танысуға;
      құқық қорғау, салық және өзге де мемлекеттік органдардан оларға Комитет және оның аумақтық бөлiмшелерi берген жүргiзiлген бақылау материалдары бойынша қабылданған шаралар туралы толық ақпаратты алуға;
      Мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
      ұйымдардың лауазымды тұлғалары орындау үшiн мiндеттi анықталған кемшiлiктердi жою жөнiндегi нұсқаманы қаржылық бақылау объектілерiне жiберуге;
      заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге;
      шетел мемлекеттерiнiң аудит пен қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу процесiн бақылаушы мемлекеттiк органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олармен ынтымақтастық туралы шарттар мен келiсiмдер жасасуға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен осы халықаралық ұйымдардың құрамына кiруге;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған мәмiлелердi жарамсыз деп тану туралы соттарға талап-арыз беруге;
      өз құзыретi шегiндегі мәселелер бойынша мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурс тапсырыс берушілерi мен ұйымдастырушыларына, сондай-ақ конкурс комиссиясының мүшелерi мен хатшысы орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар енгiзуге;
      мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстық комиссияның, конкурсты ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссияның немесе тапсырыс берушiнiң iс-әрекетiне шағым түскен жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды тиiсті тексеру жүргiзу кезеңiне, бiрақ отыз күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға;
      өз құзыретi шегiнде тапсырыс берушілер орындау үшiн мiндеттi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдауға;
      мемлекеттiк сатып алу процесінде тапсырыс берушілер ретiнде әрекет ететін тұлғалар жүзеге асыратын бақылаудың тиiмділігiн арттыру жөнінде ұсыныстар беруге;
      мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша конкурс ұйымдастырушыларына консультативтiк көмек көрсетуге;
      конкурс ұйымдастырушыларынан конкурс қорытындысын жүргiзген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде конкурс қорытындылары туралы хаттамалардың көшiрмелерiн алуға;
      түскен шағымдарды қарауға, талдауға және олар бойынша тиiстi шешiмдер қабылдауға;
      тапсырыс берушілердiң, мемлекеттiк сатып алу жөнiндегі конкурстарды ұйымдастырушылардың, конкурстық комиссиялар мүшелерiнің, конкурстық комиссия хатшысының іс-әрекетіне (әрекетсiздігіне) әлеуетті берушілердің (берушілердің) өтінiштерiн (шағымдарын) қарауға және олар бойынша тиiстi шаралар қабылдауға;
      жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша актiлер жасауға құқығы бар.

  3. Комитеттің мүлкi

      12. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкі құны мемлекеттік органның теңгерiмінде көрiнiс табатын оған мемлекет берген мүліктiң есебiнен қалыптасады.
      13. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      14. Комитеттің өзiне бекiтiлген мүлікті өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

  4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

      15. Комитет пен оның аумақтық бөлімшелерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетiнің бiрыңғай жүйесін құрайды.
      16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Төрағаның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төрағаның орынбасары (орынбасарлары) болады.
      Төраға мен оның орынбасарлары Комитеттің басшылығын құрайды.
      Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етедi, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапкершілікте болады.
      Төраға осы мақсатта:
      өзiнің орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен құрылым мен штат санының лимиті шегiнде штат кестесiн бекiтедi;
      өз құзыреті шегінде Комитет бөлiмшелерiнiң және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң ережесi мен құрылымын бекiтедi;
      заңнамаға және Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтетiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүйесiнiң органдары қызметкерлерi лауазымдарының номенклатурасына сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      заңнамада белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлерiн көтермелейдi, сондай-ақ оларға тәртiптік жаза қолданады;
      Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
      барлық мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комитеттi бiлдiредi;
      бақылау жүргiзу кезеңділігін және ұзақтығын анықтайды;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің тапсырмасы бойынша бақылау нәтижелерi туралы, оның ішінде мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша тиiстi шаралар қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етедi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары бар.
      17. Төраға болмаған уақытта оның мiндеттерiн Комитеттiң қызметiн үйлестіретін, төраға оған жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асыратын төраға айқындайтын орынбасарларының бiрi атқарады.

  5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1134 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі
Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу
комитетiнің құрылымы

       Ескерту. Құрылым жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.09.28. N  959  қаулысымен.

      Басшылық
      Ұйымдастыру және кадр жұмысы басқармасы
      Жоспарлау, есептілік және бақылау iс-шараларын талдау басқармасы
      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау басқармасы
      Жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау басқармасы
      Несиелiк ресурстардың, гранттардың, қарыздар мен мемлекет активтерінің мақсатты пайдаланылуын бақылау бөлiмi
      Мемлекеттiк сатып алу саласындағы бақылау басқармасы
      Мемлекеттiк сатып алуды үйлестіру және құқықтық жұмыс басқармасы
      Мемлекеттiк сатып алу тәсiлдерiн келісу басқармасы

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1134 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң
Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу
комитетi аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттiк
мекемелерiнiң тiзбесi

       Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.09.28. N   959 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетінің Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу басқармасы.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу басқармасы.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің Алматы облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетiнің Атырау облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетiнің Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы.
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетiнің Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы.
      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы.
      9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетiнiң Қостанай облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы.
      10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы.
      11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу басқармасы.
      12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу басқармасы.
      13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетiнің Павлодар облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы.
      14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы.
      15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетiнiң Алматы қаласы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы.
      16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетiнің Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу басқармасы.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1134 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі
Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу
комитетiнің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      "Электрондық коммерция орталығы"    республикалық мемлекеттік
                                          қазыналық кәсіпорны

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1134 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
жойылған кейбiр шешімдерінің тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 1959  қаулысы .

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 1959 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 сәуiрдегi N 623  қаулысы .

      3. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 маусымдағы N 674  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 19, 204-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 қыркүйектегi N 1031  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 334-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 қыркүйектегi N 1031 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қарашадағы N 1192  қаулысы .

      6. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 13 желтоқсандағы N 1262  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 46, 519-құжат) 5-тармағының 3) тармақшасы.

      7. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiн қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 маусымдағы N 695  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 25, 328-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетін өзгерiстер мен толықтырулардың 10-тармағы.