Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 100 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 4, 56-құжат):
2-тармақта "үш" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасының, Ішкі iстер, Әдiлет министрлiктерi, Экономикалық және сыбайлаc жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігi (қаржы полициясы) және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 17 наурыздағы N 330 қаулысына :
көрсетiлген қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасының Iшкі iстер, Әдiлет министрлiктерi, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігі (қаржы полициясы) және олардың ведомстволары қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
реттік нөмiрi 3-жолда "204" деген сандар "338" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Әдiлет министрлiктерi, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттігi (қаржы полициясы) және олардың ведомстволары аумақтық органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
реттік нөмiрi 3-жолда "3581" деген сандар "3447" деген сандармен ауыстырылсын;
3) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260
қаулысында
:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығындар" деген бөлiмде:
03 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" деген функционалдық топта:
618 "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы)" әкiмшiсi бойынша:
001 "Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi уәкілетті органның қызметiн қамтамасыз ету" деген бағдарламада:
001 "Орталық органның аппараты" деген кiшi бағдарламада "247775" деген сандар "329152" деген сандармен ауыстырылсын;
002 "Аумақтық органдардың аппараты" деген кiшi бағдарламада "2546433" деген сандар "2465056" деген сандармен ауыстырылсын;
4) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысында :
көрсетiлген қаулыға
401-қосымшада
:
6-тармақта "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында":
"Бағдарламаны (кiшi бағдарламаларды) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген 5-бағанда:
001 "Орталық органның аппараты" деген кiшi бағдарламада:
"204" деген сандар "338" деген сандармен ауыстырылсын;
002 "Аумақтық органдардың аппараттары" деген кiшi бағдарламада:
"3581" деген сандар "3447" деген сандармен ауыстырылсын.