Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы N 837 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 100  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 4, 56-құжат):

      2-тармақта "үш" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) <*>
       Ескерту. 2) тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.01.24.   N 47   қаулысымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi).

      3) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      IV "Шығындар" деген бөлiмде:
      03 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" деген функционалдық топта:
      618 "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы)" әкiмшiсi бойынша:
      001 "Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi уәкілетті органның қызметiн қамтамасыз ету" деген бағдарламада:
      001 "Орталық органның аппараты" деген кiшi бағдарламада "247775" деген сандар "329152" деген сандармен ауыстырылсын;

      002 "Аумақтық органдардың аппараты" деген кiшi бағдарламада "2546433" деген сандар "2465056" деген сандармен ауыстырылсын;

      4) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысында :

      көрсетiлген қаулыға  401-қосымшада :
      6-тармақта "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында":
      "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаларды) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген 5-бағанда:
      001 "Орталық органның аппараты" деген кiшi бағдарламада:
      "204" деген сандар "338" деген сандармен ауыстырылсын;

      002 "Аумақтық органдардың аппараттары" деген кiшi бағдарламада:
      "3581" деген сандар "3447" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы