Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Әдiлет министрлiктерi, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 330 қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.01.24. N 47 қаулысымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi)

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық  заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер, Әдiлет министрлiктерiнiң, Экономикалық  және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегi агенттігiнiң (қаржы полициясы) және олардың ведомстволарының қызметкерлерi штат санының лимиттері;
      2) республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Iшкi істер, Әдiлет министрлiктерi, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) және олардың ведомстволары аумақтық органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттері;
      3) республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер, Әдiлет министрліктерінің, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң және олардың ведомстволарының қызметкерлерi штат санының лимиттерi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229  қаулысында :
      республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде реттік нөмiрi 5-жол алынып тасталсын;
      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.04.30. N 495   қаулысымен .

      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 17 наурыздағы
N 330 қаулысымен   
бекiтiлген      

       Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.10. N 402  қаулысымен (бұл өзгеріс 2004 жылғы 17 наурыздан бастап күшіне енеді), 2004.08.11. N 837  қаулысымен , жаңа редакцияда - 2004.11.26. N 1239  қаулысымен .

      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер, Әдiлет
       министрлiктерiнiң, Экономикалық қылмысқа
        және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
        агенттiгiнiң (қаржы полициясы) және
      олардың ведомстволарының қызметкерлерi
             штат санының лимиттерi

P/c
N

Атауы

Штат
санының
лимитi

1

2

3

1

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi ведомстволарды қоспағанда
министрлiктiң орталық аппараты
Iшкi әскерлер комитетi
Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және
есiрткi айналымын бақылау комитетi

1403

1129
225
52

2

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі ведомстволарды қоспағанда министрліктiң орталық аппараты
Тiркеу қызметi комитетi
Зияткерлiк меншiк құқықтары комитеті
Қылмыстық атқару жүйесi комитетi
Халыққа құқықтық көмектi және заңгерлiк
қызметтер көрсетудi ұйымдастыру комитеті

420
157
 
  41
27
173
22

3

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттiгi (қаржы полициясы)

338

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 17 наурыздағы
N 330 қаулысымен   
бекiтiлген      

       ЕСКЕРТУ. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.11. N 837  қаулысымен , жаңа редакцияда - 2004.11.26. N 1239  қаулысымен .

           Республикалық бюджет қаражаты есебінен
          қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы
           Iшкi iстер, Әдiлет министрлiктерiнiң,
      Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
      қарсы күрес агенттігiнiң (қаржы полициясы) және
        олардың ведомстволарының аумақтық органдары
                 штат санының лимиттерi

P/c
N

Атауы

Штат
санының
лимитi

1

2

3

1

Қазақстан Республикасы Iшкі істер министрлігі

18068

2

Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгі
ведомстволарды қоспағанда министрлiктiң
аумақтық органдары
Қылмыстық атқару жүйесi комитетi

2885
1830
 
  1055

3

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттiгi (қаржы полициясы)

3447

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 17 наурыздағы
N 330 қаулысымен   
бекiтiлген

       Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Iшкi істер, Әділет министрліктерінің, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігінің (қаржы полициясы) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерінің және олардың ведомстволарының қызметкерлерi штат санының лимиттері   <*>

      Ескерту. Кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі N 806  қаулысымен .

___________________________________________________________________
Р/с |                Атауы                              |   Штат
N  |                                                   | санының
    |                                                   |  лимиті
___________________________________________________________________
  1 |                  2                                |     3
___________________________________________________________________
1     Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі

1   Iшкi әскерлердің құрамалары мен бөлiмдерi             21 329
    оның iшінде мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілер    15 296

2   Қазақстан Республикасы IIМ-ың академиясы              678

3   Қарағанды заң институты                               501

4    <*>

5   Ақтөбе заң колледжі                                   130

6   Алматы заң колледжі                                   134

7   Семей заң колледжі                                    160

8   Шымкент заң колледжі                                  214

9   Iшкі әскерлердің жоғары әскери училищесi              591

10  Бастапқы даярлық училищесi                            94

11  Орталық госпиталь емханасымен бiрге                   581

12  Кинологиялық орталық                                  75

13  "Оңтүстiк" әскери және арнайы жабдықтау базасы        29

14  "Солтүстiк" әскери және арнайы жабдықтау базасы       23

15  "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы                     139

16  Автокөлік қызметiн көрсету мекемесi                   169

17  Дипломатиялық өкілдiктердi күзету жөнiндегі           826
    полиция полкі

     Жиыны                                                  25 673

2     Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
  1   Сот сараптамасы орталығы                              609
2   Түзеу мекемелерi                                      12 900
3   Павлодар заң колледжі                                 218
4   Тергеу изоляторлары                                   4 131
5   Қостанай заң институты                                300

     Жиыны                                                 18 158

3    Қазақстан Республикасының Экономикалық және
     сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес
     жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы)

1   Қаржы полициясы академиясы                            160
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 17 наурыздағы
N 330 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің күшi жойылған кейбiр шешімдерiнiң тiзбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755  қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешiмдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы.

      2. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 29 қарашадағы N 1270  қаулысы 4-тармағының 1) тармақшасы.

      3. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Ішкi iстер органдары жүйесi штат санының лимитiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1443  қаулысы .

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 16 қаңтардағы N 25  қаулысы .