Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 751 қаулысы

Жаңартылған

      Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса берiліп отырған:
      1) Комиссия құрамы;
      2) Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерiн қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 50, 473-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      атауындағы және мәтiндегi "және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету", "ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету" деген сөздер алынып тасталсын;
      1 және 2-тармақтардағы "және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi жұмыстарды және ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi үйлестiру жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
      атауындағы және 1-тармақтағы "және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметті" деген сөздер алынып тасталсын;
      мәтiндегi ", ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету", "ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi", ", ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң", "ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету" деген сөздер алынып тасталсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi болып табылады.".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 9 шiлдедегі 
N 751 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Ақпараттық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру, ақпараттық қауіпсіздiк проблемаларын шешуде тұжырымдамалық көзқарасты қалыптастыру және мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда осы саладағы жұмыстарды үйлестiру мақсатында құрылады.
      2. Өз қызметiнде Комиссия Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары

      3. Комиссияның мiндеттерi:
      ақпараттық қауiпсiздiктi, мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      ақпараттық қауiпсiздiк және мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттеудiң құқықтық, әкiмшiлiк, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
      ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
      ақпаратты және мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметiн және өзара iс-қимыл жасасуды үйлестiру мәселелерiн қарау;
      ақпараттық жүйелердi, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдарды (бұйымдарды), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын лицензиялау, техникалық реттеу, оның iшiнде олардың сәйкестiгiн растау мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды және мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi жұмыстардың жай-күйiне талдау жасау, оның негiзiнде ақпаратты қорғаудың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
      ақпараттық қауiпсiздiкке төнетiн қауіп-қатерге қарсы iс-қимыл көрсетуге бағытталған халықаралық шарттарды iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      мемлекеттiк бюджет есебiнен жүзеге асырылатын ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жоспарлары мен мақсатты бағдарламаларын қарау болып табылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.20. N  432 қаулысымен.
      4. Комиссия жүктелген мiндеттерiне сәйкес:
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпараттық ресурстарды, мемлекеттiк құпияларды қорғаудың ұлттық жүйесiн дамыту мен жетiлдiру, ақпарат саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен қоғам мүдделерiн қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу мәселелерi және ақпаратты қорғаудың отандық аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарын шығару мен техникалық алып жүрудi қамтамасыз ету үшiн ғылыми-техникалық базаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
      ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды анықтау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      мемлекеттiк ақпараттық ресурстар мен мемлекеттiк құпияларды қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың басшыларын тыңдайды;
      ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру және өзара iс-қимыл жасау мәселелерiн қарайды;
      ақпаратты қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың бағыттары бойынша ғылыми, эксперименталдық және өндiрiстiк базаны дамыту жөнiндегi жоспарлар мен бағдарламаларды қарайды;
      ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы жоспарлар мен бағдарламалардың iске асырылуы барысы туралы мемлекеттiк органдардың басшыларын тыңдайды;
      елiмiзде ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ететiн шарттарды жасауға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және ғылыми-техникалық сипаттағы шараларды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      ақпаратты қорғау жүйесiн алып жүруге және дамытуға байланысты кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарын жоспарлау жөнiндегi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ұсынысын қарайды және осы мәселе жөнiнде Республикалық бюджеттiк комиссияға ұсынымдық сипаттағы қорытындыларды ұсынады;
      ақпараттық қауiпсiздiк саласында кадрлар даярлау жүйесiн жетілдіру жөнiндегi ұсыныстарды қарайды.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.20. N  432 қаулысымен.

  3. Комиссия құқықтары

      5. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Комиссия:
      мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан оған жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi мәлiметтер мен материалдар сұратуға және алуға;
      заңнама талаптарына сәйкес оның құзыретiне жататын мәселелер жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi шығару, өзгерту немесе күшiн жою жөнiндегi ұсыныстарды қарауға және Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзуге;
      сараптамалар мен консультациялар өткiзу үшiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан тиiстi бағыттағы мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
      оның құзыретіне кiретiн мәселелер жөнiнде ұсынымдар жасауға және ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.

  4. Комиссия қызметiн ұйымдастыру

      6. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссия отырысында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiн iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және осы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдер үшiн дербес жауаптылықта болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасарларының бiрi орындайды.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.20. N  432 қаулысымен.
      7. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртiбi жөнiндегi ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi.
      Хатшы Комиссияның мүшесi болып табылмайды.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.20. N  432 қаулысымен.
      8. Комиссияның жұмыс органы Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
      Комиссияның жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмi атқарады.
      9. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшiлiк дауыс бергендерi қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi.
      Комиссия мүшелерiнің ерекше пiкiр бiлдiру құқығы бар, ондай болған жағдайда ол жазбаша түрде берiлуге және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуге тиiс.
      Комиссия мәжiлiстерiн өткiзу қорытындылары бойынша хаттама жасалады, оған мiндеттi түрде оның барлық мүшелерi қол қояды.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.20. N  432 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 9 шілдедегi 
N 751 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Ақпараттық қауiпсіздіктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы

Тiлеубердин               - Қазақстан Республикасының Премьер-
Алтай Абылайұлы             Министрi Кеңсесiнiң Басшысы, төраға

Нұриманов                 - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мақсұт Әнуарбекұлы          қауiпсiздiк комитетi төрағасының
                            орынбасары, төрағаның орынбасары
                            (келiсiм бойынша)

Ахметов                   - Қазақстан Республикасы Премьер-
Серiк Баужанұлы             Министрiнің Кеңсесi Мемлекеттiк
                            құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмiнiң
                            меңгерушiсi, төрағаның орынбасары

Айткешұлы                 - Қазақстан Республикасының Премьер-
Бейбiтқали                  Министрi Кеңсесiнiң Мемлекеттiк
                            құпияларды қорғау бөлiмi меңгерушiсiнiң
                            орынбасары, хатшы      

Есекеев                   - Қазақстан Республикасының
Қуанышбек Бақытбекұлы       Ақпараттандыру және байланыс
                            жөнiндегi агенттiгi төрағасының
                            орынбасары

Зверьков                  - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Вадим Павлович              істер министрiнiң орынбасары

Күренбеков                - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Амантай Жәнкеұлы            Күзет қызметi бастығының орынбасары
                            (келiсiм бойынша)

Мажренов                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Жомарт Рахымбекұлы          қауiпсiздiк комитетiнің қызмет
                            директоры (келiсiм бойынша)

Поспелов                  - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Николай Николаевич          министрiнің орынбасары

Әбдiмомынов               - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Азамат Құрманбекұлы         ғылым вице-министрi

Әлжанов                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Батырбек Асылбекұлы         Төрағасының орынбасары

Ақшолақов                 - Қазақстан Республикасының Энергетика
Болат Оралұлы               және минералдық ресурстар вице-министрi

Бабақұмаров               - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы             және ақпарат вице-министрi

Баталов                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы              және сауда вице-министрi

Байәдiлов                 - Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк
Ерғали Мұхамеджанұлы        Кеңесi Хатшылығының сектор меңгерушiсi

Қасымбек                  - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Жеңiс Махмұдұлы             коммуникация вице-министрi

Лукин                     - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Андрей Иванович             қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
                            қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы)
                            төрағасының орынбасары

Қасымов                   - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы  вице-министрi

Нұғманов                  - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-
Серiк Пикұлы                министрi

Палымбетов                - Қазақстан Республикасының Экономика
Болат Әбiлқасымұлы          және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Петров                    - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович          жағдайлар вице-министрi

Слободянюк                - Қазақстан Республикасының Премьер-
Анатолий Ануфриевич         Министрi Кеңсесiнiң Бақылау және
                            құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi
                            меңгерушiсiнiң орынбасары

Темiрболатов              - Қазақстан Республикасы Бас
Серiк Ғабдоллаұлы           прокуратурасының Аппарат басшысы

Шолпанқұлов               - Қазақстан Республикасы Қаржы
Берiк Шолпанқұлұлы          министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi
                            төрағасының орынбасары            
       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.20. N  432 қаулысымен.