Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 751 қаулысы

Қолданыстағы

      Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса берiліп отырған:
      1) Комиссия құрамы;
      2) Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерiн қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 50, 473-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      атауындағы және мәтiндегi "және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету", "ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету" деген сөздер алынып тасталсын;
      1 және 2-тармақтардағы "және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi жұмыстарды және ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi үйлестiру жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
      атауындағы және 1-тармақтағы "және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметті" деген сөздер алынып тасталсын;
      мәтiндегi ", ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету", "ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi", ", ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң", "ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету" деген сөздер алынып тасталсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi болып табылады.".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 9 шiлдедегі 
N 751 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Ақпараттық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру, ақпараттық қауіпсіздiк проблемаларын шешуде тұжырымдамалық көзқарасты қалыптастыру және мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда осы саладағы жұмыстарды үйлестiру мақсатында құрылады.
      2. Өз қызметiнде Комиссия Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары

      3. Комиссияның мiндеттерi:
      ақпараттық қауiпсiздiктi, мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      ақпараттық қауiпсiздiк және мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттеудiң құқықтық, әкiмшiлiк, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
      ақпаратты және мемлекеттiк құпияларды қорғау мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актілердің жобаларын қарау;
      ақпаратты және мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметiн және өзара iс-қимыл жасасуды үйлестiру мәселелерiн қарау;
      ақпаратты қорғау саласындағы бағдарламалық өнiмдердi, жабдықтарды лицензиялау және сертификаттау жөнiндегi мәселелердi қарау;
      мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды және мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi жұмыстардың жай-күйiне талдау жасау, оның негiзiнде ақпаратты қорғаудың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
      ақпараттық қауiпсiздiкке төнетiн қауіп-қатерге қарсы iс-қимыл көрсетуге бағытталған халықаралық шарттарды iске асыруға ықпал ету;
      мемлекеттiк бюджет есебiнен жүзеге асырылатын ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жоспарлары мен мақсатты бағдарламаларын қарау болып табылады.
      4. Комиссия жүктелген мiндеттерiне сәйкес:
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпараттық ресурстарды, мемлекеттiк құпияларды қорғаудың ұлттық жүйесiн дамыту мен жетiлдiру, ақпарат саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен қоғам мүдделерiн қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу мәселелерi және ақпаратты қорғаудың отандық аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарын шығару мен техникалық алып жүрудi қамтамасыз ету үшiн ғылыми-техникалық базаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
      ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды анықтау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      мемлекеттiк ақпараттық ресурстар мен мемлекеттiк құпияларды қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың басшыларын тыңдайды;
      ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру және өзара iс-қимыл жасау мәселелерiн қарайды;
      ақпаратты қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың бағыттары бойынша ғылыми, эксперименталдық және өндiрiстiк базаны дамыту жөнiндегi жоспарлар мен бағдарламаларды қарайды;
      ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы жоспарлар мен бағдарламалардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
      елiмiзде ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ететiн шарттарды жасауға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және ғылыми-техникалық сипаттағы шараларды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      ақпаратты қорғау жүйесiн алып жүруге және дамытуға байланысты кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарын жоспарлау жөнiндегi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ұсынысын қарайды және осы мәселе жөнiнде Республикалық бюджеттiк комиссияға ұсынымдық сипаттағы қорытындыларды ұсынады;
      ақпараттық қауiпсiздiк саласында кадрлар даярлау жүйесiн жетілдіру жөнiндегi ұсыныстарды қарайды.

  3. Комиссия құқықтары

      5. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Комиссия:
      мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан оған жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi мәлiметтер мен материалдар сұратуға және алуға;
      заңнама талаптарына сәйкес оның құзыретiне жататын мәселелер жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi шығару, өзгерту немесе күшiн жою жөнiндегi ұсыныстарды қарауға және Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзуге;
      сараптамалар мен консультациялар өткiзу үшiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан тиiстi бағыттағы мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
      оның құзыретіне кiретiн мәселелер жөнiнде ұсынымдар жасауға және ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.

  4. Комиссия қызметiн ұйымдастыру

      6. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссия отырысында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiн iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және осы Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
      7. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртiбi жөнiндегi ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi.
      8. Комиссияның жұмыс органы Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
      Комиссияның жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмi атқарады.
      9. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшiлiк дауыс бергендерi қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi.
      Комиссия мүшелерiнің ерекше пiкiр бiлдiру құқығы бар, ондай болған жағдайда ол жазбаша түрде берiлуге тиiс.
      Комиссия мәжiлiстерiн өткiзу қорытындылары бойынша хаттама жасалады, оған отырысқа қатысқан мүшелерi қол қояды.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 9 шілдедегi 
N 751 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Ақпараттық қауiпсіздіктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы

Тiлеубердин             - Қазақстан Республикасының Премьер-
Алтай Абылайұлы           Министрi Кеңсесiнiң Басшысы, төраға

Өтембаев                - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
Ерiк Мылтықбайұлы         Кеңесi Хатшысының орынбасары -
                          Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
                          Кеңесi хатшылығының меңгерушiсi,
                          төраға орынбасары (келiсiм бойынша)

Нұриманов               - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мақсұт Әнуарбекұлы        қауiпсiздiк комитетi төрағасының
                          орынбасары, төрағаның орынбасары
                          (келiсiм бойынша)

Ахметов                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
Серiк Баужанұлы           Министрiнің Кеңсесi Мемлекеттiк
                          құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмiнiң
                          меңгерушiсi, төрағаның орынбасары

Галишев                 - Қазақстан Республикасының Премьер-
Артур Хисметович          Министрi Кеңсесiнiң Мемлекеттiк
                          құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмi
                          меңгерушісінің орынбасары, хатшы

Әбiлғазин               - Қазақстан Республикасының Көлiк
Талғат Байтемiрұлы        және коммуникациялар вице-министрi

Асанов                  - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Жақып Қажманұлы           вице-министрi

Гамарник                - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Геннадий Николаевич       және ғылым бiрiншi вице-министрi

Досжан                  - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Ардақ Дүкенбайұлы         вице-министрi

Елемесов                - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Асқар Раушанұлы           Банкi төрағасының орынбасары
                          (келiсiм бойынша)

Есекеев                 - Қазақстан Республикасының
Қуанышбек Бақытбекұлы     Ақпараттандыру және байланыс
                          жөнiндегi агенттiгi төрағасының
                          орынбасары

Зверьков                - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Вадим Павлович            істер министрiнiң орынбасары

Исекешев                - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы           Индустрия және сауда вице-министрi

Күренбеков              - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Амантай Жәнкеұлы          Күзет қызметi бастығының орынбасары
                          (келiсiм бойынша)

Мажренов                - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Жомарт Рахымбекұлы        қауiпсiздiк комитетiнің қызмет
                          директоры (келiсiм бойынша)

Поспелов                - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Николай Николаевич        министрiнің орынбасары

Сұлтанов                - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы         Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                          вице-министрi

Шпекбаев                - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Алик Жатқамбайұлы         вице-министрi