"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 наурыздағы N 269 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 148-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-тармақтың 2) тармақшасы мен 2-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен:
1) 2004 жылғы 15 шілдеге дейiн Лицензиаттардың қызметін Ережеде көзделген талаптарға сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) 2004 жылғы 15 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiмен және Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiмен (қаржы полициясы) өзара iс-қимыл тәртiбін әзiрлесiн және бекiтсiн.";
3-тармақта:
"және ұйымдар беретiн есептемелерге олардың қол жеткiзуiн мүмкiн ете" деген сөздер алынып тасталсын;
"Индустрия және сауда министрлiгiне, Iшкi iстер министрлiгiне және Қаржы полициясы агенттiгiне" деген сөздер "Iшкi iстер министрлiгiне және Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiне (қаржы полициясы) және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметiн лицензиялаудың ережесiнде:
тақырыбында мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалады;
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздер "облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақ алып тасталынсын;
21-тармақта:
4) тармақшадағы "министрлiгi" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
7) және 8) тармақшалардағы "бас кәсiпорында" деген сөздер алынып тасталсын;
15) тармақшадағы "өнеркәсiптiк пайдалануға рұқсат етiлген," деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
"22-1. Түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пункттерiн ашқан кезде заңды тұлғаларда мыналар болуы тиiс:
1) қолма-қол ақшамен жұмыс iстеу үшiн ыңғайластырылған үй-жай (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальды жады бар бақылау-кассалық аппараты);
2) мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген, тиiстi орган тексерген таразы шаруашылығы;
3) қабылдау пунктiнiң Лицензиатқа тиесiлi екендiгiн растайтын құжаттар (лицензияның нотариалды расталған көшiрмесi);
4) қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiгi, лицензияның номерi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайшасы;
5) кемiнде 200 шаршы метр, бiрақ 500 шаршы метрден аспайтын алаңы.
Қабылдау пункті адамдар тұратын тұрғын үйлердiң аумағына орналаспауы тиic.".
23-тармақта:
екiншi абзацтағы "Лицензиат" деген сөзден кейiнгi "Лицензиар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
28-тармақтағы "әкiмдiктiң" деген сөз "Лицензиардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметiн лицензиялаудың ережесiне қосымшада 4-тармақтағы ", облыстардың, Алматы қалалары әкiмдерiнiң" деген сөздер алынып тасталсын.