Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы N 269 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Болгария Республикасында Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясын ашу туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Болгария Республикасында Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясын ашу туралы

      Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық мүдделерін ескере отырып, әртүрлі салалардағы қазақстан-болгария ынтымақтастығын нығайту және дамыту мақсатында қаулы етемін:
      1. София қаласында (Болгария Республикасы) Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясы ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті