Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 13 наурыз N 383. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.12.14. N 1203 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру туралы" 1997 жылғы 24 шілдедегі N 1175 P971175_ және "Теледидар, радиохабары және радиобайланысы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынын құру туралы" 1997 жылғы 7 қазандағы N 1419 P971419_ қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы" бөлімдегі реттік нөмірлері 308, 323, 332, 342, 346, 350, 352, 355, 360-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

     "308  "Дәнді дақылдар тәжірибе шарушылығы"       Ақмола облысы,
           республикалық мемлекеттік қазыналық        Шортанды ауданы
           кәсіпорны 

     323   "Шығыс Қазақстан тәжірибе шаруашылығы"     Шығыс Қазақстан
           республикалық мемлекеттік қазыналық        облысы,
           кәсіпорны                                  Өскемен қаласы

     332   "Зеренді" республикалық мемлекеттік        Ақмола облысы,
           қазыналық кәсіпорны                        Зеренді ауданы

     342   "Бескөл" республикалық мемлекеттік     Солтүстік Қазақстан
           қазыналық кәсіпорны                        облысы,
                                                      Қызылжар ауданы

     346   "Талдықорған" республикалық мемлекеттік    Алматы облысы,
           қазыналық кәсіпорны                     Талдықорған қаласы

     350   "Көктал" республикалық мемлекеттік         Алматы облысы,
           қазыналық кәсіпорны                        Панфилов ауданы

     352   "Торғай ауыл шаруашылығы тәжірибе
           станциясы" республикалық мемлекеттік       Ақмола облысы,
           қазыналық кәсіпорны                        Есіл ауданы

     355   Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы
           ғылыми-зерттеу институтының "Тұқым
           шаруашылығы жөніндегі тәжірибе          Оңтүстік Қазақстан
           шаруашылығы" республикалық                 облысы,
           мемлекеттік қазыналық кәсіпорны            Сайрам ауданы

     360   Қ. Қонысбаев атындағы республикалық     Оңтүстік Қазақстан
           мемлекеттік қазыналық кәсіпорны            облысы,
                                                      Келес ауданы";

     "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" бөлімі реттік нөмірі 409-3 мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

     "409-3 "Қазтелерадио" теледидар, радиохабар
            және радиобайланысы республикалық
            мемлекеттік қазыналық кәсіпорны          Астана қаласы".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.