"Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университеті" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны студенттерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң "Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнында Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының әскери кафедрасын таратып, аталған оқу орнының қаражаты мен штат саны шегiнде әскери кафедра құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулыны iске асыру жөнiнде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын.
3. <*>
Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N 449 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
4. "Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетiнде әскери кафедра құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1249 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 428-құжат) 1 және 2-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі